Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

АБЫРАЛЫҒА

Мен жасымнан көп көрдім (6)

 Мұсылманды, кәпірді.

Абыралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды.

Қираәтін1 оқытып

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

 Не қылады нәпілді2.

Намазшамның3 артынан

Құржаң-құржаң етеді.

 Жер ұшык берген кісідей

Тоңкандай ма, не етеді.

Нәпіл түгіл намазы —

 Бәрі желге кетеді.

„Еннатайьна кәлкәусар»5,

Пашол дереу, кұнәкар.

 Аяғын ойлап айтқаны:

„Әні-шаны күлаптар».

 Осы оқумен намаздың

Кай жеріңде сауап бар?

Тегін ойлап байкасаң,

Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

 

1 Қираәт (арабша) – оқу, құран оқу.

2 Нәпіл (арабша)  — міндетгі бес уақыт окылатын намазға қосымша окылатын намаз

3 Намазшам (парсыша) күн бата оқылатын намаз.
Шам — кешкі, кеш.

4 Жер ұшық — ауырған адамды күн батар алдында күн батыска қаратьп жерге жатқызып-тұргызып ұшықгау.

5 „Еннатайына кәлкәусар»   шынында да кұрметің, сыйың кәусар суындай.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники