Әбділхамит Нарымбетов. «Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы
Абай – Қазақ халқының XIX – ғасырдағы кемеңгер ақын Абай шығармаларының идеялық тереңдігі, көркемдік байлығы жөнінде, әрине, бірден-бір дәл, анық, байыпты пікір айтқан – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол бір сөзінде:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жар» болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Дал торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақты сәуле төкті және таңы атып, күн шығатын жаққа апаратын жолды өз халқы талмастан көрсетті», – десе, Абай шығармаларын тұтаста қарастырып: «Тарихи тұрғыдан қарағанда, Қазақ халқыныңрухани мәдениетінің жиынтығы сияқты», – деп пікір түйді. Ал енді бірде: «Абайдың көптеген өлендерінде («Қартайдық, қайғы ойладық …», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…», «Күлембайға», «Көжекбайға» т.б.) надандық, даукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілерді рухани бишаралығы өлтіре сыналды. Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама айқындықпен, соншама моралдық терендікиен айтылады», — деп, Абай өлеңдеріні мазмұн байлығын мейлінше дәл бағалады.
М.О.Әуезов айтқандай, Абай тек қана қазақ әдебиетінің рухани игілігі емес, бүкіл әлем мәдениетінің биігіне көтерілген классик ақыны болды. Бұған – оның шығармаларының ағылшын, араб, вентр, қытай, монғол, неміс, парсы, түрік, урду, француз, хинди, чех тілдеріне аударылып, дүние жүзіне кең таралуы толық дәлел.
Абайдың классикалык шығармаларының бірі – «Сегіз аяқ».
«Сегіз аяқты» Абай 1889 жылы жазған. Өлең 8 тармақты 25 шумақтан тұрады.
«Сегіз аяқ» алғаш 1909 жылы С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.
Кейінгі басылымдарында текстологиялық өзгерістер бар.
Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 5-шумақтың 4,5-жолдары «Пайдасыз ақыл, Байлаусыз тақыл», 14-шумақтың 2-жолы «Жүз кісі сұмға» делінсе, 1933, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жолдар 1909 жылғы басылымға сәйкес «Пайдасыз тақыл, байлаусыз ақын», «Жөн кісі сұмға» деп қабылданған.
Мүрсейіт қолжазбаларында 6-шумақтың 6-жолы «Іздегені, баққаны», 8-шумақтың 4, 5-жолдары «Адам бол — мал тап, Адал бол – бай тап», 10-шумақтың 6-жолы «Қор болып қолда барасың», соңғы шумақтың 6-жолы «Сөзімді ұғар біреу жоқ» болса, барлық басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Андығаны баққаны», «Адал бол — бай тап, Адам бол — мал тап», «Қор болып құрып барасың», «Сөзімді ұғар елім жоқ» ретінде алынған. 1933, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 14- шумақтың 6-жолы «Айғаймен өтті, амал жоқ» болып басылса, басқа жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы басылым бойынша бұл жол «Айғаймен кетті, амал жоқ» деп түзетілтен, 1909, 1933, 1949, 1954 жылғы басылымдарда 22-шумақтың 4- жолы «Есітіп үнін» болып берілсе, кейінті жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Естісем үнін» түрінде алынған. 1954 жьтлғы жинақта 24-шумақтың 8-жолы «Қысылған жерде – жанжал дау» болса, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол «Қысылған жерде — жан жалдау» түрінде көрсетілтен.
Абай «Сегіз аяқ» өлеңіне ән шығарған. Бұл әннің әр жылдарда жазылған 8 түрі бар. Әннің 1-түрін А.Э.Бимбоэс Ақмола облысының Ақмола ауданында әнші-ақын Мұстафа Нүрбаевтың орындауы бойынша 1920 жылы нотаға түсірсе, А.В.Затаевич Орынбор қаласында 1922 жылы Құста Мырзабеков пен Кәрім Қашқымбаевтың айтуы бойынша жалаң нотаға қаттаған. Әннің бұл үлгісі «Әр халық әндері» жинағында да жарық көрген (1971). Ал композитор Л.Хамиди 1935 жылы Әрхам ЬІсқақовтан, 1938 жылы Жүсіпбек Елебековтен «Сетіз аяқ» әнінің екі түрін нотаға жазса, профессор Б.Т.Ерзакович 1938 жылы Темірболат Арғынбаевтың және 1939 жылы Қуан Лекеровтың айтулары бойынша нотаға түсіртен. Сонымен бірте «Сегіз аяқ» әнін әнші Қали Байжановтың орындауынан және Мәкен Мұхамеджановтың айтуы бойынша (1984) Қайролла Жүзбасов 7 және 8-түрлерін нотаға түсірген. Әннің бұл түрде алғаш рет «Айттым сәлем, Қалам Қас» атты Абай әндер жинағында (1986), Абайдың музыкалық мұрасына қатысты Ғ.Бейсеновтың «Сетіз аяқ» атты мақалалар жинағында жарық көрді (1966).
М.Әуезов айтқандай, «Сегіз аяқ» өлеңінің көркемдік-дәрежесі тым биік, мазмұны ұшан-теңіз бай. «Сегіз аяқты» бастардағы ақынның:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған –
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас, –
деп, поэтикалық тіл өнерін сипаттауы теңдесі жоқ ғажап емес пе? Бұнда тіл өнері жайлы тебірене толғауды қазақ поэзиясы тарихынан әлі күнге дейін кездестіре алмай келеміз.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның, –
деп суреттеген құр кеуде, топас, дәрменсіз пенделер сол Абай тұсында да, қазіргі XXI ғасырда да қаптап жүр ғой. Яғни:
Еңбек қылсаң ерінбей –
Тояды қарның тіленбей, –
деп, бүкіл адал енбекке үндеген асыл жырының талай ғасырларға жетіп, мәңгі-бақи өмір сүретіні анық.
Абайдың даналық сөздерін өз замандастары түсіне алмай, қабылдауға қабілеттері жетпетені рас. Сондықтан да ақын «Патша, Құдай. сыйындым» өлеңінде:
Қайран сөзім қор болды
Тобықтының езіне, –
деп ренжісе, «Сегіз аяқта» сол пікірін:
Ағайын бек көп,
Айтайын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ,–
деп жалғастыра түсті.
Жанр туралы ойлансақ, «Сегіз аяқ» жай өлеңнің ауқымына сыймайды, ол қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэма деуге толық жарайтын туынды.
«Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы деп бағалауға әбден татитын классикалық шығарма.
Амантай Шәріп
Абай шығармашылығындағы «екі дүние» парадигмасы
Қазіргі парасатты, пәтуәлі ғылымның қарауылынан мәдениеттер тоғысының шет-шекарасын диалотизм принципіне орайласқан (М.Бубер, М.Бахтин, В.Библер, Ю.Лотман) мәдениеттер мәмілесі (диалог культур) кағидасымен қиыстырған ұтымды. Өйткені белгілі бір мәдениеттің бөтен мәдениетпен жүзбе-жүз жолығып, теңбе-тең сұхбаттасқан-сырласқан сәтінде ғана өзін анағұрлым толығырақ, тереңірек танып-түсініп, қадір-қасиетін қайта құнттайтыны сөзсіз. Бұл Тмолениетпң басқа бір мәдениетке жұтылу арқылы жойылып тынуын емес, керісінше – өзара ауысу-алмасу, сіңісу- синтезделу, үйрену-үрдістену нәтижесінде бұрынғыдан бетер баюын, бағалануын дәріптеуді көздейді. Әрине, мәдениеттер мәмілесін атүсті, асығыс түсінудің, яғни оны аяқ асты етудің өлі судай томаға-тұйықтыққа, абсолюттендірудің бұлдыр, беймәлім бағдарсыздыкқа сүйрейтіндітін де әркез ұмытпаған жөн; іс жүзінде ақырғы төрелікті айтатын төбеби — тарихи ситуация тудырған ұлттық мұрат-мүдде.
Әлеуметтік-мәдени «Шығыс-Батыс» парадигмасын қайсыбір мәдени құбылысқа, оның ішінде жекелеген автордың жекелеген туындысына таңып, таңбалағанда да абай болған абзал.
Ұлы Абайдың теңдессіз талантының сұрып-сүзгісі арқылы төл топырағымызға Мағырып пен Машырық мәдениетінің беталды баспаламай, инабаттана, икемделе келтендігін, бұрынғы ай дәстүрге жаңашылдықпен жұптаса жарасып кеткендігін көреміз. Мұның төркіні мен тұңғиығы, сыры мен сипаты аиында талай жазылды; әлбетте, әлі де жазыламақ жайлары жетерлік. Абайлық «меннен» танылатын Қазақ-Шығыс-Батыс синтезі ақын шығармашылығының күллі контексінен көзі қарақты кісіге оңай оқылады.
Бәлкім ауызша айтса айтқан шығар, бірақ данышпан тұлғаның өлеңдерінен не қара анықтап Батыстан мынаны білдім, Шығыстан ананы анықтап алдым…» деген секілді сілтеме сөзді ұшыратпаймыз; тіпті ол үшін Батысқа, Шығысқа бөлінбейтін тұтас әлем ғана бар тәрізді. Біз болсақ, кейде жоқ жерден жаңалық жасауға жүгіретін әдетімізге бағып, Абайды бұрмалап жібергенімізді байқамай жатамыз; қызды-қыздымен ойламағанын ойлатамыз.
Мысалы, акынның «Сегіз аяқ» өлеңіндегі: «Ғылымды іздек //Дүниені көздеп, // Екі жаққа үңілдім…» деген жолдар кейде оқымыстыларымыздың тарапынан сыңаржақ түсіндіріп жүр, Бар қателік мынада, «екі жаққа үңілу» біздің қасаң қағидағабейімделген өріс-өремізде «Батыс пен Шығысқа үңілу» дегенмен ассоциациялана, айқұшақтана қалады. Бұған қоса, ізденімпаз ғұламаның «ғылымды іздеп, дүниені көздеп» шарқа ұрғандығын да ойда тұтамыз. Логикалық жағынан бәрі қиысып-құйылып тұрғандай. Бірақ біздің елеп-ескермейтініміз жалғыз-ақ нәрсе, ол — Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі әр шумақтың бір-бір түйінделген, тұжырылған ойды тиянақтайтындығы. Сондықтан тұтас шумақты оқып көрелік:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тілінді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын,
Ұста, жетсін бұйрығың!
Басқасын былай қойғанда, қорытынды қос қатардың өзі-ақ біздің адасқанымызды аңғартады. «Екі кемеңіз» де «Батыс пен Шығысты» меңзесе, олардың «құйрығын ұстаймын» деп жүргенде «бұйрығыңыз жетсе», онда «екі жаққа» үңіліп қажет қанша?! Ендеше, шумақтың тылсым-тұспалы басқада болғаны да.
Бізге ең алдымен Абайдың өзі көмекке келеді.
Ол «Төртінші сөзінде»: «Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай калмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек! — деп жазыпты. Міне, біз әдейі даралап көрсеткен дүние және ахирет ұғымдары Абай өлеңіндегі «екі жақты» білдіреді.
Ақынның «дүниені көздеу» дегенін жарық жалғанда «бос жатпау, тіршілік ету, шаруа қылу, еңбек жасау, пайда табу мағынасында түсінсек, «ғылымды іздеуінің» жай-жапсарын «Оныншы сөзінде» айтылған: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды», — деген сездерінен салмактаймыз.
Ғұлама ойшыл мұнымен тоқтап қалмай, бір-бірінен ажырағысыз «ахирет-дүние» мәселесін әрі қарай терендете түседі. Оған «Отыз төртінші сөздегі» келесі пайымдары куә: «Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі куаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы — олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда, кай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние куанышы ахирет қайғысынан, ахирет қуаньштынан артық болса — мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер. Біздің қазақта мұсылман екен! Егер де екі нәрсе кез болса, бірі ахиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда бірі ахиретке керектіні алмай, екінші бір кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең құдай өзі кеңшілікпен кешіреді-дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп, дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе, ахиретті дүниеге сатқаным жоқ дегеніне тануға бола ма? Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазан, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей; ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың — бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен!».
Демек, ақын өлеңіндегі «екі кеме» — Батыс пен Шығыстың емес, фәни мен бақи-екі дүниенің баламасы. Және «мыңмен жалғыз алысқан» дананын — не ахиреттің, не дүниенің қамын жасай алмай жүрген, «құлағын салмас, тілін алмас, көп наданнан түңіліп», ақыр соңында оларға: «Екі кеме құйрығын, // Ұста, жетсін бұйрығың!» — деп ащылап айтуының астары да ашылады.
Демек, өз заманындағы қазақ рухының қалпын рәміздеген «Сегіз аяқтың» біз тадаған шумағы Абай туманизмінің діни ұстын-ұйтқысынан хабардар етеді екен.
Ақынның моральдық философиясының сорабын сездіретін әлгідегі: «…қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет куанышынан артық болса – мұсылман емес!» — деген концептуалды көзқарасы оның өлеңдерінде де өрнектелген. Мысалы:
Дүниеге дос ахиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мәғшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Зар заманның діндар ақыны Шортанбайды былай қойғанда («Жалғанда жолдас демендер,//Ахррет қамын іздеңдер!»), Абайдан соңғы қазақ поэзиясындағы ағартушылық ағым өкілдерінің арасында да екі дүние тақырыбын айналыи өткеңдері аз. Олардын баршасына бұл дүниенің өлшемі — ахирет; тек таразы-талқыға салатын нәрселері әр түрлі.
Айталық, Әбубәкір Кердері тезге тартатыны — әділдік пен әкімдік және дінге адалдық мәселелері. Ол өзінің бір толғауында:
Әділдік екі жиһанда бірдей жақсы,
Ұжмақтың көрер деген райысын.
Дүниеде ғакім болып, ғаділ болса,
Кешірер деген сөз бар күнәйісін, –
десе, Дербісәлі биді: «Дүние, ахиретті бірдей ойлап,//Жандырып дін шырағын, мешіт салдың», — деп мадақтайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров туманизмінің идеалы да – әділет пен адамшылық («Жан қайда әділетті іздейтұғын, //Адамшылдық атақты көздейтұғын,// Тірлік пен өлтен күнді бірдей ойлап, // Екі жайдан күдерді үзбейтұғын»).
Шәкәрім Құдайбердіұлы ар жолынан айнығандарды «екі дүние» жазасына жегілуден сақтандырады («Құдай кешер алда» деп күнә қылмақ,//Ар кетіріп, ант ішіп, жан сатылмақ,//Не жалғанда немесе ахиретте//Оңа алмастай өкпеден бір атылмақ»).
Кеншімбай ақын Ақсұлумен айтысында ұлт мүддесін сатқандарды да әлгідей таразыға тартады («Патшаға өз жақсысын ұстап берген,//Екі бірдей дүниеде Қорен оңбас»).
Абай ізімен, ағартушылық аңсарына сәйкес ғылымды көкке көтеру талабы да баршылық (Мақыш Қалтайұлы: «Күллі ісі оңға келмес надандардың, // Екі дүние ғалым мен надан тең бе?» Баймұхамбет Бейсенбинов: «Ғылымның қадірін біліп окымаған, \ Зарур боп екі дүниеде калар дейді», т.б.).
Сөйтіп, мұсылманшылық аясындағы екі дүние тақырыбы ағартушылық кезең поэзиясында кең парықталғандығы көрінеді және оның сол тұстағы жалпы жұртқа ортақ моральдық ой машығынан мағлұмат бере алатындығы байқалады.
Міржақып Дулатұлы езінің «Оян, қазақ!» кітабының кіріспесінде халқына насихат-нұсқа таратқанда да сол сарынды сөз арасына қоса-қыстыра сөйлейді. «Қой, бүйтпелік, һәр халықтың күші һүнер болса, ол һүнерте Аллатағала қасында һиммәтіміз саясында біз қазақтар да ортақ болсақ керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып, дінімізді танып, надандардың көзін қойып, көңілін ашып, мұнымен ахиреттік файдамызды табалық, – деп жазады ол, — Екінші, дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан қорлық көрмес үшін орысша оқып, һүнерлі болалық». Бір қызығы, қайраткер-қаламгердің мына үгіт- үндеуінің мәтініне үңілсек, оның кыртыс-қатпарынан ахиреттік пайданың — Шығыспен (дін ислам), дүниелік хақылардың — атыспен (оку, ғылым, өнер, кәсіп, т.б.) өздігінен өрелесіп-өріліп жатқандығын ажыратып аламыз.
Тәрізі, XX ғасырдың басында кдзақ қоғамында орын тепкен обьективті тарихи оқиғалар, идеологиялық итырқылжындар, ең ақыры — санасы оянған сахарада Шығыс пен Батыс құндылықтарының іс жүзінде бетпе-бет келуі зиялыларымыздың дағдылы таным-түсінітіне сызат түсіріп, олардың ұғымындағы дәстүрлі, діни екі дүние тақырыбының азаматтық аяда керегесін кеңейтуіне себеп-септігін тигізді.
Замана ыңғайына сәйкестентен сана-сезім эволюциясын сараптап алған соң, Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан» атты өлеңінің: «Түркістан — екі дүние есігі ғой», — деген алғашқы жолына жұмырлана жинақталған, сығымдала сыйғызылған Мәністерді байыптауға болады.
Біріншіден, бұл қатарда үйреншікті, үрдісті екі дүние мәселесі жаңаша жаңғыртылған. Тарихи білімі терең ақын Түркістан аймағының екі — көшпелі және отырықшы мәдениетті тоғыстыруға түтқа болғандығын, оның екі идеолотиялық арна – мәжусилік пен мұсылманшылықтың «арасын бұзып өтіп дінді ашқан (Қазтуған) мән-маңызын ишаралайды.
Екіншіден, бүкіл өлеңнің бітімінен байқалатындай, ақын екі дүние ұғымын романтикалық әуезбен жырланатын байырғы мен бүгін арасындағы байланыспен астастырады. Мұндағы тәпсірленетін байырғысы» («Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!») — ахиреттің, «бүгінгісі – қазіргі бар болмыстың, жарық, жалғанның символы.
Үшіншіден, «Күнбатыс-Күншығыс» тайталасын жеріне жеткізе жырлаған ақын Түркістанның осы ек дүние — батыс пен Шығыс өркениеттерін көнеден түйістіріп келтен кіндік көпір мекен екендігін елеусіз қалдыруы да — неғайбыл нәрсе.
Сондықтан «екі дүниенің есігі» болған Түркістан мадақтауға да, мақтануға да лайық.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой!
Сонымен, реалист Абайдан романтик Мажанға дейінгі аралықта «екі жақ» (екі дүние, екі жиһан) тақырыбының әдеби-тарихи дамудың даңғылында өзегінен өткерген өзгерістерін тексеріп, талдап, талқылаудан түйгеніміз осы.
Тереңірек үңілсек, Абайдағы «екі дүние» мәселесінің қазақ топырағындағы бастауы әріде жатқандығын аңғара аламыз. Мысалы, Жүсіп Баласағұни езінің «Кұтты білік» шығармасында «Адамға екі аяқ берді,// Бірі – бұл дүние, бірін – о дүние үшін…», – деп жазады. «Бір жақсы қылық — екі таламның абзалы», — деген Қожа Ахмет Йассауидің сопылық поэзиясында да бұл сарын кең көрініс тапқан. Оның мүриті (шәкірті) Сүлеймен Бақырғани өз ұстазын «екі дүние айнасы» деп бағалаған. Бұл — бөлек зерттеуте тұрарлық тақырып.
Сөйтіп, Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі «екі жаққа үңілуі» ең алдымен «Қазақ-Шығыс», нақтылағанда, «қазақ-ислам» ара қатысымен қауышып-қабысып жатыр.
Абай дәстүрі және қазіргі казақ
әдебиеті: Республикалық ғылыми-теориялық
конференцияның материалдары. – Алматы, 2007.