Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
1899
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Менімен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі — ол баяғы.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Кез жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, алланың хикметін[1] сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
[1] Хикмет (арапша) – керемет, сыр, ғажайып