Жұмағали Ысмағұлов. АБАЙ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Ұлы Абайдың ақындық әлеміне ой жүгірткен кезде, оның өз мұрасы немесе шығармашылық айналасы ғана емес, солармен бірте оның ұлттық поэзиямызға көзқарасы, қазақ өлеңінің болашақ даму арналары жөніндегі толғаныстары да түп-түгел көз алдымызға елестейді. Солардың барлығын жинастыра отырып, өз зердемізде қорытсақ, Абайдың біртұтас сындарлы эстетикалық көзқарастары ойымызда қатар өріліп жатады.
Сондағы алдымен ауызға аларымыз «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» дейтін шығармасы болмақ. Өлең өнерінің көркемдік табиғатын ашатын бұл айтулы туынды жөнінде бұрын да айтқанбыз. Сөз реті келіп тұрғандықтан, сол пікірлерді ықшамдап тағы бір еске түсірмекпіз.
Абайдың сөз өнері туралы айтқан лұғатты пікірлері көлем жағынан онша көп емес. Санаулы ғана. Ал солардың ішінде бағдарламалық мәні бар ең жиынтықты шығармасы — жаңағы «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты шумақтары. Бағдарламалық мен деген сөз бұл жерде тегін айтылып отырған жоқ. Бас-аяғы он бес шумақ өлеңде көркем әдебиет, ақындық дарын, өлең өнері деген келелі ұғымдардың мәнін өз заманында қазақ санасына түсінікті етіп аша білген Абайдың бұл шығармадағы ойлары біз үшін өте қымбат.
Әрқайсысының нақты мән-мағынасы бар қарапайым сөздерден құралған өленді ақын сөздің патшасы деп бағалайды. Пенде атаулының ішінде патша мен ханнан асқан жан жоқ дейтін кара қазақтын ұғымы үшін сол өлеңді ақын сөз патшасы деп отырса, одан әрі қандай мақтау, қандай көтерме анықтама керек?
Бірақ сол өлеңді киыннан қиыстырып әкеліп, сөз патшасының дәрежесіне көтеру екінің біріне тие бермейтін үлес екен. Оны дарын-қабілеті өзгеше даналар ғана орнына келтіре атады екен. Абай оларды «ер данасы» деп атайды да, алғашқы ойын осымен қысқа қайырып түйеді. Ақынның бұдан кейінгі қағидасы — көркем өнер жайында адам баласының бүкіл тарихында талай замандардын ғұлама ойшылдары бір ауыздан бір ауызға жалғастырып келе жатқан тұр мен мазмұн жөніндеті тұжырымы. Ежелгі дәуірдегі Аристотельдің «Поэтикасында» («Акындық өнер туралы»), одан беріректегі Торацийдің «Поэзия ғылымында», одан да кейінгі ғасырларда эстафета таяқшасындай біріне-бірі табыстап отырған: француз классицизмінің теоретигі Буалоның өлеңмен жазылған «Поэтическое искусство» («Ақындық өнер») трактатында, Лессинттің «Лаокоонында», Тетельдің эстетика туралы лекцияларында, Белинскийдің сыншылдық ой-пікірлерінде бірден-бірге жалғаскан осы тұжырымды данышпан Абай өз бетімен казақ ұғымына бейімдеп, кереметтей келістіріп айтқан.
Жоғарыда өзі айтқан. ер данасы ғана қиыннан қиыстыра алатын сөз патшасының түр жағынан тілге жеңіл, мазмұны жағынан жүрекке жылы тиюін Абай бірінші шарт етіп қояды. Сөйтеді де, «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» келістіріп айтудың, яғни алтындай асыл ішкі мазмұны мен күмістей жарқыраған сыртқы түрін бір-біріне сай етіп қиындастырудың оңай шаруа емес екенін арнайы ескертеді.
Осы өлеңінде Абайдың бұдан әрі діттейтіні – ақынның азаматтық борышы, өлеңнің қоғамдык, әлеуметтік мән-маңызы. Бұл ұғымдар, ең алдымен ақынның кісілік парасатынан, өлеңнің тақырыбынан көрінсе керек. Бүрынғы ақын атанып жүртендердің көбі «ақылсыз, надан келіп, көр-жерді жоқтан қармап өлең қылғанын» Абай қатты шенейді. Кім көрінгенге өлең арнан мадақ айту, өлеңмен қайыр тілеп мақтау, мал үшін тілін безеп, жанын жалдау, біреуді алдап, біреуді арбап, ардан безу – осының бәрі ел алдында сөз қадірін кетіріп, өлеңнің бағасын түсіретін келеңсіз жайттер екенін айтып қынжылады.
Өлеңнің, жалпы көркем өнердің нысаны халық өмірі, ел тіршілігі, биік адамгершілік қасиеттер екені Абай ұсынған тақырыптардан-ақ көрінеді. Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап, кемел ой, терең ғылым — міне, Абайдың ақындар алдына көлденең тартатын тақырыптары осындай. Өз өлеңдерінде осыларды діттейтін болғандықтан, ол: «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп, жұртты талғам тазалығына шақыруға әбден хақылы еді.
Абайдың өлең өнері туралы, көркемдік табиғаты туралы айтатын осы шығармасында одан бұрын қазақ топырағында ешкім айта алмаған, айта калса бір түрлі күпірлікке жорыларлық соны ой мына шумақта өрбітіледі:
Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
Қосарлы бәйіт, мысал келді арасы.
Қисынымен кызықты болмаса сөз,
Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы.
Жерге аспаннан түскен Жаратушының өз сөзі дейтін Құранды Абай әдеби шығармаға, өлең жанрына жатқызады. «Қисынымен қызықты» көрінетін дұға сөздерін ол ырғақты ақ өлең деп есептейді. Ғұлама дін адамдарының мешітте құтпа оқығанда, мақамына келтіріп зарлата айтатын мінәжаты адамның жан дүниесіне ерекше көркемдік күшімен әсер ететінін Абай осылай жеткізген.
Ақынның өлең өнері, оның көркемдік қасиеттері жөніндегі ойларын жалғастыра келіп, өз айналасындағы жеткіншектеріне және келешектеті талапкерлерте арнап айтатын өсиеттері де өте ғибратты. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты шығармасы — осының бір айғағы. Онда алғашқы өлендегі біраз тұжырымдарын әлі де тарата, таразылай келіп, көңілге қонады-ау детен тұстарын «көкірегі сезімді, тілі орамды, көңілінің көзі ашық жастарға» ол әдейілеп арнаған, үлгі етіп айткан.
Әуелгіде «сөз түзелді, тындаушы, сен де түзел» деп талғам тазалығына шақырса, енді сол ескертуім қатқылдау естіліп қалмады ма екен дегендей жайма шуақтап, жұмсартып айтады. Бұрын мұндай соны сөзді естіп көрмеген тосаң кұлақтың қисық, қыңыр келмей, түзу келуін маслихат етеді. Өлең сөздің сыртын малданып қалмай, ішіне үңілуте, сырын ұтуға шакырады. Әсіре қыздырма қызықшылға елітіп кетпей, түбі терең сөзге ұйығанын калайды. Әрі-беріден соң өнері бар деген іні ұрпаққа жалынып айтады. Өлең өнеріне өзінің де, өзгенің де жеке басының ісі деп қарамай, оны халықтың рухани казынасы деп бағалаған аға ақынның ұрпақка айтар есиет создерінің бір сарасы осындай.
Ақыннын өлең табиғаты жөніндегі өрелі ойлары жалпы көркем өнердің қоғамдық қызметі, әсіресе жеке адамның өміріндегі атқаратын рөлі жайындағы байламдарымен өзектесіп жататыны да назар аударарлық.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Бәсе неге? Жанкүйер етбауыр жакынынан айрылып, ауыр қазаға ұшыраған адам, осы тұста аңыратып жоқтау айтқан әйел заты өзінің жан тебіренткен зарлы сөздерін елеңге өріп әнте салатыны несі? Абай сөзі осы көріністің арғы төркініндегі қисынына жүгіндіреді. Бақсақ, ол дүниеге аттанған пенде казасының артында оның жан сүйсінтер жақсы қасиеттері, ұрпақтары арқылы жалтасын табар итілікті істері бар екен, соның өзі калған жақындарының көңіліне медет екен, ал өзекті жанға ертелі-кешті бір келетін өлім ғылым жүзінде табиғат заңы, дін-мұсылман ұғымында Құдайдың бұйрығы екен. Осындай бұлжымас акиқаттарды жоқтау үстінде зарлы әуенмен өз санасынан өткізтен адамның өртентен өзегі бір сәтке болса да сабыр тауып, сабасына түсетіні де бекер емес екен.
Адам өміріндеті қуанышты, сүйінішті оқиғалар үстіндегі өлеңнің орыны мүлде өзгеше.
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық болама гүл?
Әрине, бола алмайды. Демек, өмірдеті қызықтың барлығының сән-салтанаты өлеңмен келеді екен. Сондықтан тіршіліктеті бұл өнердің әмбебап маңызын айта келіп, ақын: «Туғанда дүние есітін ашады өлең, // Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп ауқымды түйін жасайды. Сөйтеді де, сөз орайын тауып, бұл саладағы өзінің ұстаздық борышына тағы бір соғып өтеді. «Өлең деген — әр сөздің ұнасымы, // Сөз қосарлық орайлы жарасымы» деп, өзінің өлеңге берген алғашқы анықтамаларын әлі де толықтыра, пысықтай келіп, «мақсаты — тіл ұстартып, өлең шашпақ екенін, наданның көзін қойып, көңілін ашпақ екенін» және бір еске салып өтеді. «Ойлы жастар содан үлгі алсын», жақсы сөздің қадірін қапысыз ұға білсін деп шетелейді.
Сөз қадірі! Ол не? «Қиыннан қиыстырылып келіп, өлең жолына тізілгенде ерекше аруақтанып кететін қуатты сөз», «тәңірінің берген өнері көк бұлттан ашылған кезде, тас бұлақтың суындай өңкей келісіммен сылдырап келіп, дүниенің кір-қоқысын жуып кететін құдіретті сөз», «жалын мен оттан жаралып келіп, жайдың оғындай атылатын, жаңбырын жерге төгіп келіп, жер-жаһанды гүл жайнатып жіберетін нәрлі сөз» — айналып келгенде ұлы Абай ардақтаған асыл сөзден өрілген қасиетті қазақ өлеңінің қадірі осы болмақ. Бұл – абыз атаның өз сөзін ғана діттегені емес, болашақ ақын ұрпақтарына аманат еткен өсиеті екенін де есте ұстауымыз керектігі содан. Абайдың эстетикалық көзқарастары дегенде санаулы сөзбен саралап айтар жиынтық пікір осындай.
* * *
Абайдың ақындық ұлылығын сөз қылғанда, алдымен ауызға ілінері оның қазақ өлеңіне жасаған реформалары болса, ол сол реформаларды жүзеге асырудың басты шарты ретінде поэзиядағы көркемдіктің табиғатын ашып берді; ақын мен ақындық өнердің қоғам өміріндеті, адам тіршілігіндегі аткаратын рөлін көрсетті. Сол рөлді атқарудың ең оңтайлы, ең жемісті кұралы ретінде ұлттық поэзиямызға лирика жанрын енгізді.
Бұл жерде бұрынғы қазақ өлеңдерінде лирика элементтері болған жоқ деген ұғым тумаса керек. Бұрынғы жыраулардың, жыршы-ақындардың ауызша шығармаларында ішінара лирикалық сарындар болған, әрине. Бірақ белгілі бір тақырыпқа арналған шағын көлемді, шын мәніндегі көркем лирикалық өлеңдерді енгізген — Абай. Бұл жанр жазба әдебиетімізге Абай туындыларымен бірте келіп, солар арқылы орнықты.
Мысалға дүние жүзілік поэзиядағы мәңгі тақырыптардың бірі – табиғат лирикасын алып карайық. Ғасырлар бойы бар тіршілігі далада, табиғаттың қалың ордасында өткен көшпелі қазақ халқының дастан-жырларында бұл такырып жол-жөнекей, ат үсті ғана ауызға алынатын, бірақ арнайы сөз болмайтын. Сөйте тұра, Әлихан Бекейхан ең атақты деген европалық ақындардың қай-қайсысына да абырой әперерлік жылдың төрт мезгілі жөніндегі өлеңдер Абайдікі еді.
Тіршілік иесі жан-жануарлармен қоса қабат қыс бойы бір-бірінен қол үзіп калған көшпелі ауыл адамдарының көктеммен бірте сергіп, серпілген сәнді суретін суреттей келгендегі Абайдың шеберлігі кандай еді? Дүниедегі барлық тіршіліктің көзі Күннің нұры мен Жердің нәрінде деген ақиқатты ақын ауыл адамдарының санасына ұғынықты етіп жеткізу үшін Күнді күйеуге, Жерді қалыңдыкқа теңеп, барлық өмір сол екеуінің сағынысып қауышуынан жаралған деп түсіндіруі қандай жарастыкты еді. Ал көшпелі ауылдың жайлауға келіп конып жатқандағы көрінісі ше?
Бұрала басып былқылдап, өзара әзіл-күлкімен үй тігіп жатқан кыз-келіншектер, дөң басында кілем төсетіп, сапырулы кымыздан сусындай отырып, алқалы кеңес кұрған ақсақалдар, жерошақ басында қазанын қайнатып, ет асып жатқан аспазшы әйел, ертемен кетіп, жаңа өрістегі малын аралап келіп тұрған ат үстіндеті көңідді бай, таты баска көріністер бейне бір кермелі ұзын кенепке түрлі-түсті бояумен салтан әсем суреттегі жанды көрініс емес пе? Немесе қыстың қақаған аязында ақ қыраудай сықырлап келіп қалған ақ сақалды шал, яғни кіді мінезді кірпияз кәрі кұда бейнесіндегі қыс көрінісі. Оның алдындағы күздің сұрқай көрінісі, Қараша мен Желтоқсанда ықтырма мен күзеуде отырған сараң байдың жансебіл ауылы. Осылардың барлығы табиғат тақырыбынан қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалық нышандары болатын.
Әлем әдебиетіндегі ендігі бір мәңгілік тақырып махаббат лирикасы болса, ол да – Абай ақындығының шарапатымен келген олжа. Бұл тұста қазақ поэзиясы махаббат тақырыбына бұрыннан да кенде емес-ті деген дау айтылуы мүмкін. Иә, біздің тол әдебиетімізде де, сырттан келтен лиро-эпикалык кірме дастан, қиссаларда да ғашықтар хикаясы аз жырланбаған. Бірақ олардан тыңдаушылардың алатын әсері аңыз-ертетілердің әсеріндей ғана еді. Оны естітен әйел-еркек оқиға желісін қызықтап, махаббат құрбандарына ең мықтағанда сырттай мүсіркеп, алыстан ғана аяушылық білдірер еді. Бірақ өз басының хал-хадерімен салыстыру немесе соған іштей болса да еліктеп, армандау деген хатерінде мүлде болмайтын.
Ал Абай қаламынан туған сүйіспеншілік өлеңдерде дәл өздері сияқты ауыл адамдарының басындағы жай-күйлер жырға қосылғанда, олардың әсері басқаша еді. Тындаушының өз басында болғандай немесе бола жаздағандай кептер тыңдаушы жүретін лүп еткізтендей әсерлі естілетін.
Осы тұста, Абай ғашықтық өлендерін не үшін жазды деген сұрақтың жауабын да іздеп көрейік. Ескі ауылда екі түрлі жаман әдет болатын. Бірі — бозбалашылық қуған бейбастау жігіттердің «қыз ояту» әрекеті де, екіншісі — ертеден ата салты болып кеткен қыз айттыру, бірін-бірі көрмей-білмей тұрған жастарды сырттай атастыру. Абай осының екеуіне де қарсы. Оның «Сап-сап, көңілім, сап көңілім» атты алғашқы өлеңі жаңағы қыз оятушылықты жазғырып жазылған. Түні бойы сабылып, екі ауылдың арасын дүбірлетіп жүрген тасыр жігітке ақын айтады: шын үйленгің келсе, қызбен уәделесіп, қалың бер де кұда түскіз. Әйтпесе жұртты мазалап, кыздың абыройын төкпе, — дейді.
Ал сырттай құдалыққа карсы болатын себебі — одан әдеттегі теңсіз неке, табыспаған көңіл зардаптарын былай қойып, ең сәтті деген құдалықтың өзінде де қазақ әйелінің сүйіспеншілік сезімі оянбай қалады. Өйткені ол бойжеткен қыз күнінде өзінің сүйген жітітімен немесе құдай қосқан болашақ ерімен емін-еркін ойнап-күліп, жастық дәуренін қызықтай алмайды. Ол ұзатылып, жат жердегі басқа бір үйге келін болып келген бетте-ақ сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын үй қызметкеріне айналады, одан әріде бала басты болып, жастық дәуренін бастан кешпей өтеді.
Ал жітіт ше? Ол калың беріп, малға сатып алған әйеліне басы бүтін меншігі деп қарайды да, оған ыклас-мейір көрсетуді өз бойына кемшілік санап, көбінесе ат арқасында ел қыдырумен жүреді. Абай ауыл жігітінің осындай бойкүйездігіне наразы болып, оған әйелдің зарын тарттыруды ойлайды. «Көзімнің қарасы», «Мен сәлем жазамын», «Қор болды жаным» сияқты өлеңдерді ол жітіттерте әйелді қалай сүйіп, қалай қадірлеуді үйрету үшін жазған. «Көзімнің қарасындағы» жырлап жүріп көзінің жасын ағызатын жігіт пен Қаламқасқа ғашық жігіттің «Саған құрбан мал мен бас» деп таусыла айтуы — осының дәлелі.
Ұлы ақынның ойшыл даналық пен сыршыл ішкі тебіреніске құрылған өлеңдері – оның туған әдебиетке әкелген ең өнікті де өрісті жаңалығы. Жалғыздықтың күйін шертіп, оңашалыкта торығудан туындаған бұл шығармаларды тақырыбына қарай тарамдасақ, олар ғалам мен заман, Алла мен адам, өмір мен өлім, имандылық пен ізгілік, ақиқат пен әділет сияқты биік ұтымдарға апарып саяр еді. Ал ақынның өз ожданымен бетпе-бет келгендегі жан-жүйенің ақтарыла ашылуынан елес беретін: жүрек, көңіл, ар, ұят, абырой, адалдық, қиянат пен опасыздық сияқты адам мінезінің әр қилы құбылыстары өз алдарына ақынның ішкі сарайынан сараланыи жатар еді.
Әділетсіздік пен аярлыққа қарсы арпалыстан қажып шалдыққан бір тұста өмірден түңіліп, тұйықталып қалған ақын жаны енді бірде болашақ ұрпақ камын ойлап үміт шырағын кайта жалтыратқан әрі-сәрі күйде XX ғасырдың басында өмірден озды. Одан қалған рухани құндылықтар бір сәтте соны жаңалықтан қымбат дәстүрге айналып, болашақ ұрпақтардың сыбағасына кала берген.
Алаш әдебиеті – Абай дәстүрінін тікелей мирасқоры. Ғасыр басында өмірге азаттық ұранын көтеріп келген Алаш қозғалысы Абай есімін ту қылыш көтерді де, оның әдеби мұрасын өзінің күресіне рухани құрал етіп пайдаланды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтан-Махмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш қаламгерлері өз шығармашылығында Абай дәстүрін шамшырақ бағдар етіп қабылдады. Олар туған әдебиетті азаттық идеясына суарылған жаңа мазмұнмен байытты, оны Абай көтерген көркемдік биігінен төмендетпей ілгері дамытты.
Бірақ Алаш әдебиетінің өмірі қыска болды. Қазақ жерінде кеңестік тәртіп орнағаннан кейін Алашорда қозғалысымен бірте оның әдебиеті де аласталды. Алаш ұранды ақын-жазушылардың аз жылда халық жүрегіне орнығып үлгерген туындылары рухани тұтыныстан шығарып тасталды.
Одан кейінгі кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Абай мұрасы тап тартысының додасына түсіп қатты мансұқталды да, ұзақ айтыстың ақырында ұлы ақынның есімі әупірімдеп кана тарихта сақталып қалды. Бірақ партиялық биліктің қатаң кадағалауына қарамастан, ұлттық әдебиет өзінің жемісті даму үдерісінен жаңылған жоқ, үнемі өсу-өркендеу үстінде болды.
Ал осының бәрі ненің арқасы еді?
Біздің кәміл сеніміміз бойынша, XX ғасырдың өн бойында көркем шығармашылық саласындағы қол жеткізген олжа-табыстарымыздың баршасы ұлттық рухани қазынамыздың бірден-бір сарқылмас көзі – Абай дәстүрінің жемісі болып табылады. Абай дәстүрі – өте кең ауқымды ұғым. Ол сонау бағы замандағы көне түркі әдебиеттің көркем нақыштарынан бастап, біздің төлтума сөз өнеріміздеті талай ғасырлар бойы сомдалған үлгі, үрдістерді бойына жинаған асыл қазыналарды түгел қамтиды.
Ұлы ұстаздың: «Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған, // Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара» деген сөзіне хандар заманындағы жыраулардың, одан берідегі айтқыш суырып салма ақындардың, олардың кейініректегі ағартушы діни, кітаби, бұқарашыл сөз дүлдүлдерінің накышты айшыктарына дейінгі бейнелеу кұралдары түгел кіреді. Солардың бәрін біз Абай мұрасынан табамыз.
Кешегі кеңес тұсында ұлттық әдебиетімізді уысында ұстаған социалистік реализм қаламтерлерден нені жазуды талап еткенімен қалай жазуды үйрете алған жоқ. Біздің ақын-жазушыларымыз өнер жолында не тапса да табанды ізденістері арқылы тапты. Сондағы сүйенген таянышы ұлттық негіз болатын.
Кеңестік заманның алғашқы өкілдері Сәкен, Бейімбет, Ілиястар осындай ізденіс кезенде өз білдігімен Абай дәстүріне сүйенбеді дей аламыз ба? Немесе олардан кейінгі жылдарда еңбек еткен Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов, Мұстафиндер өз шеберліктерін Абай шығармаларына карап шындағаны бекер ме еді? Демек, ұлттық әдебиетіміздің кейінті ұрпақтары да осы үрдісті жалғастыра берді деген берік ұстанымды мойындауға тиіспіз.
Қазірті Тәуелсіздік тұсында еркін дамудың кең даңғылына шыққан қазақ әдебиетінің бүгінгі дем-тынысын түгелдей сол Абай дәстүрімен байланыстырсақ қателеспейміз. Сонда кешегі кеңестік кезеңде шығармашылық әдіс ретінде танылған жалған социалистік реализмнің орнындағы шынайы шығармашылық әдіс деп біз өз топырағымыздағы Абай дәстүрін қабылдауға тиіспіз деген ой келеді.
Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті: Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының баспа орталығы, 2007. — 6-14-беттер.