Ләйла Әуезова. М.О. ӘУЕЗОВ ТВОРЧЕСТВОСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
(Кіріспе)
Ұлы Октябрь Социалистік революциясы Россияның езілген халықтарын әлеуметтік және ұлттық езгіден азат етті Оларды терезесі тең халықтар ретінде жаңа тарихи белеске көтерді Осы жағдайда халқымыздың советтік патриотизм және интернационализм сезімімен ұштасқан ұлттық сана-сезімі өсе түсті. Сонымен бірге бұл құбылыстың дворянды-буржуазиялық тарихнамада шовинистік және ұлтшылдық бұрмалаушылыққа ұшыраған өткен тарихи дәуірді маркстік-лениндік методология тұрғысынан объективті түрде зерттеп, ой-елегінен өткізуге ұмтылдыруы әбден заңды нәрсе.
Советтік тарихи ғылым мен СССР халықтарының әдебиеттері өткен дәуірді зерттеп, үйрену үстінде, әсіресе қилы кезеңдердегі халықтардың тарихи жолын танып білуде белгілі бір дәрежеде өзара байланысты болды. Және олар өздері ашқан жаңалықтар арқылы бірін-бірі байыта түсті. Мұның өзі халықтың азаттығы жолындағы біріккен күресіне алып келген прогресшіл тенденңияларды ашып беруге жәрдемін тигізді.
Советтік тарихи роман жанрын дамытудағы қарышты қадам, оның жаңашыл принңиптерінің орнығуы көп ұлтты совет әдебиетіне түбегейлі ықпал жасаған М. Горькийдің, А. Толстойдың, Ю. Тыньяновтың, О. Форштың, В Шишковтың, Ст. Злобиннің, А. Серафимовичтің және басқалардың есімімен тығыз байланысты.
Тарихты танып-білудің және тарихи шындық жолындағы ізденістер кезінде тарих пен әдебиеттің өзара байланысты ерекше бір көркемдік формасы ретінде пайда болған тарихи роман сөз зергерлерінің өткен дәуірдегі ұлт мәдениетіндегі рухани қымбат қазынаны зерттеу мәселелеріне, оның көрнекті қайраткерлеріне баса назар аударғанын, олардың тарих пен мәдениет саласындағы орнын марксистік тарихи ғылым тұрғысынан ой елегінен өткізгенін толық көрсетті.
Бұл тенденция С. Айнидің, Ғ. Ибрагимовтің, С. Сейфулиннің, М. С. Ордубадының, Айбектің, Б. Кербабаевтың, Ст. Зорьянның, К. Гамсахурдианың, Н. Рыбактың, Д. Демирчянның, А. Файзидің, С. Рахимовтың, А. Упиттің елеулі тарихи роман жазған басқа да жазушылардың творчествосынан айқын байқалады
Советтік тарихи романистиканың бұл жаңашыл дәстүрлері қазак совет әдебиетінде М. Әуезовтің Абай жолы, С. Мұқановтың Ботакөз және Өмір мектептері, Ғ. Мүсіреповтің Оянған өлке, Ғ. Мұстафиннің Көз көрген сияқты кеңінен мәлім романдары арқылы творчестволықпен қабылдап, одан әрі жалғаса түсті.
Қазіргі қазақ совет әдебиетінде тарихи роман жанрын дамытудағы бұл ізденістер Ә. Нұрпейісовтің Қан мен тер, X. Есенжановтың Ақ-Жайық, Ә. Әлімжановтың Махамбеттің жебес, Жаушы I. Есенберлиннің Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар, С. Мұқановтың Аққан жұлдыз (Ш. Уәлиханов туралы), Д. Әбілевтің Ақын арманы (С. Торайғыров туралы) сияқты романдарында одан әрі сабақтаса түсуде.
Тарихи шындықты көркем сөзбен бейнелейтін тарихи романның негізгі ерекшеліктерін ашып көрсете келіп, В. Г. Белинский: Тарихи роман дегеніміз тарихтың ғылым ретінде өнермен ұштасып кететін нүктесі тәрізді, тарихқа қосымша, оның екінші жағы деп жазған болатын.
Советтік тарихи романның асқан шеберлерінің бірі Степаи Злобин осы бір терең де дұрыс анықтамаға біздің заманымыздың тұрғысынан алып, елеулі қосымша енгізді. Ол былай деп жазды: Шын мәніндегі тарихи ғылым тек Маркстен ғана басталып, маркстік-лениндік философия үстем болған, ал тарихи материализм оның бір бөлігі ретінде тарихи ғылымның негізіне айналған біздің уақытымызда мейлінше гүлдене дамып отырғандықтан да тап біздің заманымызда тарихи роман өнер мен ғылымның бір-бірімен әсіресе ұштасып кететін нүктесі болып табылады.
Демек тарихи романды талдағанда басшылыққа алынатын аса маңызды критерийлердің бірі — оның тарихи өмір шындығы. Ең таңдаулы деген советтік тарихи романдардың өмір шындығына тарихи тұрғыдан келуінің мәні белгілі бір кезеңге тән қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұтас бір өмірлік процестің аса маңызды заңдылықтары ой елегінен өткізіледі. Сөйтіп өткен өмір шындығын нағыз ғылыми негізділікпен, дәлдікпен және объективтілікпен аша білу арқылы дәуір шындығының тарихи нақты жағдайын бейнелеп көрсетуде болып табылады. Соның өзінде дәуірдің осы бір нақты тарихи мазмұны әдебиетте нағыз шынайы суреткерлік әдістер арқылы ғана, яғни сол заманның типтік өкілдерінің характерлерін, олардың сана-сезімі мен іс-әрекетін реалистік тұрғыдан бейнелеп беру жолымен ғана ашып көрсетілуі тиіс.
Өткен заманның қайталанбас түр-тұлғасы мен сыр-сипатын онын сыртқы атрибуттарының көмегі арқылы жасай отырып, тарихи романист сол қоғам дамуының тарихи процесінің негізгі заңдылықтарын ғана емес, сонымен қатар сол заманның жеке адамдар тағдырындағы және халықтың жалпы өміріндегі нақты бейнесін де көрсетуге тырысты.
Өмірді шынайы бейнелеудегі дәлдік пен объективтілік, оның ішкі қайшылықтарын маркстік-лениндік тұрғыдан түсіну негізінде аша білу тарнхи романның ең басты критерийі — тарихи шындықты идеялық-эстетикалық талғам тұрғысынан көрсетудің басты шарты болып табылады.
Сонымен советтік тарихи романдардың буржуазиялық тарихи беллетристикадан приндипті түрдегі айырмашылыктарының бірі — совет жазушылары тарихи тақырыпқа бой ұрғанда соңиалистік реализм әдісін басшылыққа ала отырып, маркстік тарихи ғылымға ғана арқа сүйейді.
Өмір шындығына талдау жасаудың әдісі ретінде оқиғаға тарихи тұрғыдан келудің негізгі қағидаларын ең алдымен В. И. Ленин ұсынған болатын. Ол былай деп жазды: Марксизмнің бүкіл рухы, оның бүкіл системасы орбір қағиданы тек қана тарихи жолмен; тек қана басқалармен байланысы жағынан; тек қана тарихтың нақтылы тәжірибесімен байланысы жағынан алып қарауды талап етеді.
В. И. Лениннің бұл айтқандарын әдебиет саласында да қолдануға әбден болады. Бұл ретте тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығармалардың бастапқы позициясын айқын анықтап алу қажет. Өмір шындығын оған тарихи тұрғыдан келмей тұрып нақты тарихи шындық түрінде бейнелеп шығу мүмкін емес. Мұның өзі өмір шындығын көркем сөзбен бейнелеп берудің негізгі принциптерінің бірі.
Дүниеге маркстік-лениндік көзқарас совет жазушыларын тарихи процестің мән-жайын нағыз ғылыми тұрғыдан түсіндіре отырып, көркем әдебиет тәсілдері арқылы оны бүкіл күрделілігі мен алуан түрлілігі жағдайында көрсетуге кең мүмкіндіктер ашып береді
Советтік тарихи романның идеялық концепциялары мен жаңашылдық мәні жазушының тарихи шындықты неғұрлым терең түсінуіне, демек ол өзі зерттеп отырған заманның негізгі даму заңдылықтарын ой-елегінен өткізуге көмектесетін ғылыми коммунизм теориясы тұрғысынан суреткерлік тәсілмен неғұрлым дұрыс сомдап шығуына байланысты.
Советтік тарихи романның аса маңызды сапалық жетістігі өткен емір шындығына тарихи тұрғыдан келумен қатар оны революциялық даму барысында, прогресшіл және реакцияшыл күштердің бір-бірімен бітіспес күресі үстінде көрсету, тарихтың ерлікке толы кезеңдерін суреттеу өткен заманның прогресшіл қайраткерлерінің толыққанды бейнесін жасау болып табылады.
Совет жазушысының тарихи даму процесінің заңдылықтарын неғұрлым терең түсінуі оның сол процестің мәнін мейлінше толық суреттеуіне, прогресшіл қоғамдық күштердің ара-қатынасын дұрыс бағдарлай отырып, тарихтың шын мәнін ашып көрсетуіне жағдай жасайды.
Дәуірдің басты-басты даму бағытын олардың тарихи перспективасы тұрғысынан дұрыс бағдарлау өткен кезеңнің, бүгінгі кезеңнің және алдағы кезеңнің бір-бірімен ерекше шеберлік арқылы сабақтасып жатуына — сол үш кезеңнің біте қайнасқан тұтастығына негіз қалайды. Ал мұның өзі өмір шындығына тарихи тұрғыдан барудың социалистік реализм әдебиетіндегі өзіндік ерекше қасиеті болып табылады.
Сонымен қатар өмір шындығына шын мәнінде тарихи тұрғыдан бару өткен заман жайындағы шығарманы бүгінгі күн тақырыбындағы шығармамен ұластыра түсетіндігін айта кету керек. Өйткені ол тарихи өмір шындығын суреттеп көрсетудің барлық әдеби шығармалар үшін ортақ әдісі — социалистік реализм шеңберіндегі ортақ принцип
Советтік тарихи романның жаңашылдық мәні ең алдымен мынада. Оның негізіне вальтер-скоттық классикалық сарында жазылған романдарындағы сияқты ойдан шығарылған оқиғалар емес, қайта өмірде болған, нағыз тарихи оқиғалар алынады. Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен күрес жолдарын, оның заңды даму барысында көрсету, бұған өткен заманның толып жатқан белгілі адамдарымен қатар ойдан шығарылған кейіпкерлердің де қатыстырылуы көп жағдайда советтік тарихи романның негізгі сюжетін қалайды.
Демек, өзінің шығармасында тарихи даму процесін, әсіресе халық өміріндегі елеулі тарихи кезеңді көрсеткісі келетін совет романисі өткен заманды марксизм-ленинизм ілімінің тұрғысынан ғана қарастырып, өткен кезеңді, бүгінгі кезеңді және болашақ кезеңді социалистік мұраттар мүддесіне сай байланыстыра отырып жазуы тиіс.
Тарихи даму процесінің, дәуірдің негізгі мазмұнын ашып көрсететін басты-басты заңдылықтарын бейнелейтін қоғамдық өмірге, оның революциялық даму барысына суреткерлік тұрғысынан талдау жасап және оны дұрыс көрсете білу — халық бұқарасын тарихты жасаушы күш ретінде суреттеу принципінен, таңдаулы деген советтік тарихи романдардың негізінен алынған. Мұның өзі ол романдардың даңқын көкке көтеріп, дүние жүзіне таратып жіберді.
Таңдаулы деген советтік тарихи романдар белгілі бір дәуірді сол қалпында дұрыс суреттеп, тарихи шындықтан алшақ кетпеу жөніндегі талаптарға толық сай келеді. Ол шығармаларда жазушы өзі ғылыми тұрғыдан танып білген тарихи өмір шындығын өзінің суреткерлік шеберлігімен көрсету дәрежесіне байланысты шындық пен ойдан шығарылған детальдар бір-бірімен шебер ұштастырылады. Бұл ретте отызыншы жылдардың өзінде-ақ және одан кейінгі кезендерде өткендегі халық козғалысына, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына, мәдениеттің, саяси тарихтың қалыптасуына әрі терең, әрі дәл талдау жасаған советтік тарих ғылымының дамуы шешуші роль атқарды.
Ұлы Октябрьдің жеңісінен кейін басқа да советтік республикалардағы сияқты Қазақстанда да қазақ халкының ғылыми тарихын жасаудың негізі қаланды, тарихи зерттеулер жүргізіліп, жеке оқиғалардың мәні ашыла бастады. Тарихи танымның осы бір қалыптасу процесінде өз шығармаларында бірқатар фактілерді, құбылыстарды немесе оқиғаларды ғылыми тұрғыдан көрсете білген жазушылардың творчествосы да маңызды роль атқарды. Осындай сөз зергерлерінің қатарына, жалпы жұрттың мойындауынша М. О. Әуезовті де қосуға әбден болады. Оның романдарында, повестерінде, драмаларында, әңгімелерінде халықтың тарихы мен бүгінгі өмірі жан-жақты бейнеленді. Мысалы, 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі, тап тартысы, еңбекшілердің антифеодалдық қозғалысы, демократиялық мәдениеттің пайда болуы сияқты оқиғалар. М. Әуезов шығармаларының алтын арқауына айналды. Тарихшылардың пікірі бойынша, жазушы творчествосында бейнеленген өткен өмірдің көптеген оқиғаларына берілген әлеуметтік бағаның дұрыстығы Қазақстан тарихының аса маңызды проблемаларын одан әрі зерттеу барысында толық дәлелдене түсті.
Тарихи эпикалық баяндаудың негізі болып табылатындықтан да өткен өмірдің кәркем әдебиетте неғұрлым толық және жан-жақты суреттелуін роман-эпопея жанрын мысалға ала отырып байқауға болады.
Роман-эпопея әр кезеңдегі және әр кеңістіктегі оқиғаларды молынан қамти отырып, жанды көркем образдар арқылы халық өмірінің бүкіл көрінісін қайта елестете отырып, дәуірдің ондаған жылдар бойындағы тарихи даму процесіндегі сипаты женінде толық мағлұмат береді. Совет жазушылары халықтың тарихи өмірі мен күресі жолын, қоғамның даму заңдарын аша біліп, оны ғылыми тұрғыдан түсініп, тарихтың объективтік даму заңдылығы негізінде кеңінен керсете алды.
Олай болса, әдебиеттің бірде-бір жанры қоғамдық өмірдің даму процесін оның барлық салаларында жоғарыдан төменге дейін қамтып, халықтың тарихи дамуының аса маңызды проблемаларын бірінші кезекке қоя отырып, кеңінен, жан-жақты және тұтас қамтып көрсетуде роман-эпопеямен шендесе алмайды А. В. Чичерин роман-эпопеяны реализмнің толық жетілген жанры ретінде айта келіп, бұл жанрдың ең бірінші белгісі — адам мен қоғам жөніндегі нағыз білімнің әрі толық, әрі мол болуы деп атап көрсеткен болатын.
Жоғары оқу орындары студенттеріне арналып отырған оку құралынын зерттеу объектісі жазушы М. О. Әуезовтін 1959 жылы Лениндік сыйлық алған, оның творчествосының асқар шыңы болған Абай жолы роман-эпопеясы болып табылады.
Өзінің әдеби творчестволық қызметін 1917 жылы Ұлы Октябрь социалистік революциясының ұланқайыр жаңғырығымен бастаған М. Әуезов эпопеяның алғашқы кітабы 1942 жылы жарыққа шыққанға дейін түрлі жанрларда көптеген шығармалар — әңгімелер, повестер, пьесалар, аударма туындылар, әдебиет тану зерттеулерін, сын және публицистикалық мақалалар жазған болатын.
Жазушының осы еңбектерінде жинақталған образдарды, идеяларды, көркемдік тәсілдерді, бүкіл творчестволық тәжірбиені Абай туралы эпопеяда белгілі бір дәрежеде өн бойына арқау етті. Лениндік сыйлықтың лауреаты Ш. Айтматов былай деп әділ атап көрсетеді: Су анасы — бұлақ дегендей бұлақсыз ұлы өзен бола ма? Демек, Абай жолына дейін де Әуезов айтулы шебер болатын, Қилы заман Әуезовтің Абай жолынан көп бұрын, сол кездің өзінде-ақ, кең тынысты эпикалық баяндау формасын игергендігін дәлелдейді Осы тұрғыдан алғанда Қилы заман — кейін Әуезовтің телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең алғашқы қуатты арналардың бірі.
М Әуезовтің 20-шы жылдардағы шығармаларының көпшілігі қазақ халқының осыдан аз ғана бұрынғы патриархальдық-феодалдық шағын көрсетуге арналған. Мұның өзін басқа да тарихи деректермен қатар халықтың тарихын, тұрмысын, әдет-ғұрпын зерттеу үшін қажетті нақты түпнұсқа материалдар ретінде пайдалануға болады.
Жазушының Қорғансыздың күні, Жетім, Барымта, Кім кінәлы?, Қыстыгүні далада, Түнгі ауыл Қыр әңгімелері, Қаралы сұлу, Қінәмшыл бойжеткен, Жуандық, Ескілік көлеңкесінде, Сөніп жану, Үйлену, Қараш-қараш оқиғасы сияқты әңгімелері мен повестерінде революцияға дейінгі қазақ аулындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың мәнін, экономика мен идеологиядағы патриархальдық-феодалдық сарқыншақтарға арқа сүйеген қанаушылардың үстемдігі мен жүгенсіздігін, жарлы-жақыбайлардың шеккен ауыр азабы мен қайғы-қасіретін терең ашып көрсетеді.
М Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасында шариғаттың қатал заңына қарсы шығып, өз тағдырларын өздері билеп, бір-бірімен қосылмақ болған екі жастың қайғылы махаббаты арқау болған. Бірімен бірі жауласқан екі рудан шыққан екі жас билердің шығарған қатал үкімі бойынша өлім жазасына кесіледі. Міне, мұнда патриархалдық-феодалдық ғұрыптың семья және неке саласындағы мейлінше артта қалған нормалары өлтіріле әшкереленеді. Осы проблемаға Қаракөз, Бәйбіше-тоқал пьесалары да арналған.
Ескілік көлеңкесінде деген әңгімесі мен Қараш-қараш оқиғасы повесінде автор өз творчествосында тұңғыш рет байлардың озбырлығына, зорлық-зомбылығына қарсы белсене күресушілердің образын жасады. Бақтығұлдың таптық санасының оянуы және өзіне опасыздық жасаған жауыз байдан әділетті кек алуы тарихи өмір шындығын реалистік тұрғыдан көрсету болып табылады. Біз бұдан капиталистік қоғамдық қатынастар элементтерінің патриархалдық-феодалдық ауылға ене бастағанын көреміз.
Жоғарыда айтылған Қилы заман повесі Россияның ең бір артта қалған шеткі аймағы — Жетісудағы қазақтардың бір бөлегінің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысуын көрсетуге арналған 20-жылдардың аяғында жазылған бұл повесть автордың тарихқа кемелденген терең ой-парасатпен қарағанын байқатады. Оның тарихи конңепңиясы советтік тарихи ғылымда бұл оқиғаларға берілген осы заманғы объективті бағамен сәйкес келеді. Осыған байланысты Шыңғыс Айтматов былай деп атап көрсетеді: Царизмге, оның зорлықшыл аппаратына деген өшпенділікте жас Әуезовтей соншалық суреткерлік пайымдылықпен көрсеткен, патшаның отаршылдық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалықты ашына әшкерелеген, көшпенді халықтың өзіне жат патшалық әкімшілік жүйесін қабылдамауының табиғаттың мол мысалымен ала отырып, соншалық тереңдікпен ашып берген, сорына қарай көтеріліске шығып, сонысы үшін қан жоса қырғынға үшырап, туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасіретті қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы мен шығыс әдебиеттерінен сирек кездестірдім.
Түнгі сарын пьесасында (1934 жыл) М Әуезов әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайды кеңінен көрсету арқылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің таптық мәнін терең ашып береді.
Алайда, Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы тарихының проблемаларын М. Әуезов өзінің көркемдік ой елегінен қалай өткізгенін. Абай жолы роман-эпопеясының материалдарына көз жіберу арқылы неғұрлым мол және байыпты түрде байқауға болады. Бұл шығарма автордың қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеп, терең білгенін мейлінше айқын көрсетеді.
Тарихи жанрға бой ұрған совет жазушыларының көпшілігі сияқты М. О. Әуезов те суреткер ретінде өзі көрсеткелі отырған заманға қатысты тарихи документтер мен материалдарды тарихшы-марксистерге тән аса жоғары ғылыми ыждаһаттылықпен жинап-теріп, мұқият зерттеді.
Абай жолы эпопеясын тарихи тұрғыдан алып зерттегенде автордың бұл шығарманың ғылыми-танымдық маңызын сөз жоқ күшейте түскен орасан зор жұмысты тамаша төзімділікпен ерінбей-жалықпай атқарғанын көреміз. Сондықтан да тарихи шындыққа сай жасалған жарқын образдар Казақстанның өткенін зерттеу ісінде түп нұсқа материалдай әсер етеді.
М. О. Әуезовтің эпопеясын талдауға сан қайтара бой ұрған әдебиет сыны ең таңдаулы деген советтік тарихи романдарға тән аса маңызды сипаттардың осы шығармадан да табылатынын және автордың ол қасиеттерді творчестволықпен дамыта түскендігін бір ауыздан атап көрсеткен болатын.
Роман-эпопеяны зерттеу советтік тарихи романның А. Н. Толстой, Ст. Злобин, Ю. Тынянов, В. Шишков, Айбек тәрізді басқа да шеберлері сияқты М. О. Әуезовтің де өзі көрсеткелі отырған заманға тек суреткер ретінде ғана емес, сонымен қатар ғалым ретінде де қарағанына көз жеткізе түседі Абай жолын жазу үстінде өткен творчестволық еңбекке толы он төрт жыл, оған дейін де қажырлылықпен және үлкен мақсатпен қыруар материал жинаған, Абай өмір сүрген заманды терең зерттеуге кеткен көптеген жылдар жазушының, әдебиет зерттеушісінің және тарихшының бір арнаға құйылған сан-салалы еңбегіне толы болды. Мұның өзі эпопеяның өте-мөте сәтті жазылуын қамтамасыз етті. Міне, тап сондықтан да М. О. Әуезов жүргізген зерттеу жұмыстарының сипатына, тарихи архивтер мен әдеби қазынаға қалай қарағанына, қажетті образдарды қалай сұрыптап, өзінің ой елегінен қалай өткізгеніне назар аударып, арнайы ынта қоюға әбден болады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда әрбір суреткердің өзіне ғана тән творчестволық жолы болатыны белгілі. Олай болса, жазушы М.О.Әуезовтің творчестволық лабораториясына бір тұрғыдан, атап айтқанда, тарихшы ретіндегі жұмысын білу мақсатымен келу дегеніміздің өзі Қазақстан тарихының эпопеяда бейнеленген проблемаларының мәнін, оның тарихи негіздерін ашып көрсету болып табылады.
Эпопеяны осы тұрғыдан талдап шығу — жазушының тарих пен тарихи өмір шындығының осы шығармада творчестволықпен шешкен проблемаларын зерттеуі тұрлаулы ете түседі. Тақырыпқа осы тұрғыдан келудің заңды екендігін қазақтың көрнекті ғалымы, академнк ҚИСәтбаевтың әйгілі пікірі де растай түседі. Ол Абай жолы эпопеясының көркемдік қасиеттерін былай қоя тұрғанның өзінде XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмысының барлық сан қилы жақтарының нағыз энңиклопедиясы болып табылатынын атап көрсеткен еді.
Қазақ халқының жарты ғасырлық тарихын сан қырлы шынайы суреткерлікпен және ғылыми негізде бейнелеп беру, қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, демократ ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың толыққанды тұлғасын осы тарихи оқиғалар ортасында сомдай көрсету — эпопеяның орасан зор тарихи-танымдық маңызын арттыра түседі. Мұның бәрі де М. О. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы қазақ тарихына қатысты материалдарға мейілінше бай екенін дәлелдейді
Эпопеядағы тарихи өмір шындығы туралы сөз ете отырып, ең алдымен ондағы суреттелген тарихи проңестің заңдылықтары мен қозғаушы күштері қаншалықты айқын, қаншалықты дұрыс ашып көрсетілгенін анықтап алу қажет. Біздің ойымызша, М. О. Әуезовтің бұл эпопеяда Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы тарихының негізгі проблемаларын тарихи ғылым деректеріне сәйкестендіре отырып қаншалықты толық, қаншалықты дұрыс бейнелей алғандығына назар аудару пайдалы болар еді.
Осы заманғы бүкіл ғылым дамуының сара бағыты оның түрлі салаларының бір-бірімен тығыз байланыста болуында. Сондықтан да ғылымның түрлі саласымен байланыстыра жүргізген зерттеу кез келген құбылысқа жаңаша қарауға, оның осы уакытқа дейін зерттелмей келген басқа қырларын, қатпарларын, ерекшеліктерін аша түсуге мүмкіндік береді.
Тарих пен әдебиеттің бір-бірімен баяғыдан-ақ тығыз байланысты екені жалпы жұртқа аян. Ертедегі грек мифологиясында бұл екі саланың бір-бірімен апалы-сіңлілі бауырлардай деп аталуы тегін болмаса керек. Абай жолы эпопеясын осы уақытқа дейін көптеген әдебиет зерттеушілері жан-жақты алып қарастыра тұрса да олардың еңбектерінде халықтың жарты ғасырлық тарихының түрлі салалары бұл эпикалык полотнода қаншалықты толық та шынайы бейнеленгендігі туралы арнайы сөз болған емес.
Абай жолы эпопеясы бұған дейін тарихшы тұрғысынан да зерттелген жоқ. Сондықтан да біз бұл зерттеуді маркстік-лениндік методологияны басшылыққа ала отырып, екі ғылымның — тарих пен әдебиет тану ғылымының тұрғысынан жүргіздік.
Абай жолы эпопеясына пікір айтқан еңбек аз емес.
Бірақ ол шығармаларда нақты тарих пен ойдан шығарылған көркем шығарманың ара қатынастары, жазушынын эпопеяны жазған кезде пайдаланған түп нұска материалдары, шығарманын тарихи негіздері, автордың ол материалдарды творчестволықпен пайдалану тәсілдері арнайы зерттеудің объектісі болған емес. Олай болса, осы мәселелерді бұл еңбекте жан-жақты қарастырудың қажеттігі мол.
Абай жолы эпопеясын мысалға ала отырып, жазушының шынайы тарихи фактілерді суреткерлікпен іріктеп алып, оны көркем образ жасауға пайдалана білуі, тарихи шындық пен суреткерлік шындықтың ара қатынастарын құра білуі қандай принңиптерге негізделгенін қарастыру осы еңбектің міндеті болып табылады. Сонымен бірге эпопеядағы тарихи деректерді зерттеу тарихи романдардағы суреткерлікпен ойдан шығарылған және ойдан қосылған нәрселердің атқаратын ролі туралы өте-мөте қызықты проблеманы өткен өмірдің фактілерін зерттеу және ғасырлардың терең түкпіріне суреткердің қырағы көзімен үңіле қарау дегеніміз творчестволық проңестің екі жағы, тарихты танып-білудің, оған етене кірігіп кетудің екі жолыдеген дұрыс қағида тұрғысынан қарастыруға да мүмкіндік береді.
Абай туралы романдар, біздің көз қарасымызша, шығармадағы тарихи және көркем әдебиет негіздерінің диалектикалық бірлігін, суреткерлік творчество мен тарихи ғылымның өз ара қарым-қатынасын зерттеу үшін де қызықты бола алады. Эпопеяны осы тұрғыдан зерттеу халықтың сан қырлы өмірін бейнелеп көрсетуде жазушының тарихи фактілерді қалай іріктеп алуын, халықтың тарихи даму жолының маңызды проблемаларын дұрыс қоя білу принңиптерін ашуға да мүмкіндік береді.
Абай жолы эпопеясы халықтың рухани мәдениеті тарихында прогрестік роль атқарған аса көрнекті адамның сүйікті бейнесі жасалып, ол шығарманың өн бойында басты тұлға болып табылатын тарихи романдар қатарына жатады. Абай бейнесі, романның сюжетінен көрініп отырғанындай тарихтың ілгері басқан қарқынды дамуымен, халықтың тарихи тағдырымен тікелей тығыз байланыста жасалған. Өйткені Абайды өз заманынын қайшылықтарынан, өз халқының тағдырынан бөліп алып көрсетуге болмайтын еді. Абай сол халықтың мүддесін көздеді, оның одан әрі даму жолын көре білді. Сондықтан да оны халық өмірінен тыс көрсету аркылы. Абай тағдырын окушыға дұрыс түсіндіру мүмкін емес еді М. О. Әуезовтің романда әлеуметтік-тарихи жағдайды мейлінше мұқият әрі шынайы көрсету арқылы Абайдың өсу жолын, оның дүниеге көзқарасының қалыптасуын, творчествосынын қайнар көздерін дұрыс бейнелей білгенін зерттеп шығу да маңызды.
В. Г. Белинский былай деп атап көрсетеді: Ақын неғұрлым жоғары тұрған сайын өзі туып-өскен қоғамға соғұрлым көп тиісті болады, оның талант-дарынының даму бағыты, типті сипаты да қоғамның тарихи дамуымен соғұрлым тығыз байланысты келеді Абай жолы эпопеясындағы тарихи өмір шындығын көрсету ерекшеліктерін қарастыру тарихтағы көрнекті жеке адамның бейнесін жасауға, оның тарихтағы ролін көрсетуге, осы тұрғыда сол заманды суреттеуге байланысты проблемаларды зерттеу үшін де қызықты.
М. О. Әуезов бұл мәселелерді шешу жөніндегі өз міндетін мейлінше дұрыс түсінген. Бұл ретте оның Байронды ол өзі өмір сүрген ортадан бөлек алып, жекелеген кездейсоқ оқиғаларға ғана байланысты суреттеген белгілі франңуз жазушысы, батыс-европа әдебиетінде биографиялық роман жанрының негізін қалаушы АМоруаның әдісіндегі қайшылықтарды сынап, пікір айтқанын да еске сала кетудің артықшылығы жоқ. Байрон творчествосының революңиялық-романтикалық сипатын анықтаған тарихи жағдайлар А. Моруа романында ақынның жеке өмір тіршілігіндегі қайдағы бір екінші дәрежелі оқиғалармен алмастырылғанын ол жіті көре білген болатын.
Творчество адамдары туралы тарихи-биографиялық романдар жазуда совет және шетел жазушылары жинақтаған тәжірибені зерттей келіп, М. О. Әуезов өзінің жазушылық практикасында олардың көркемдік шешім табу жөніндегі дұрыс нәрселерін қабылдап қана қоймай, сонымен қатар олар жол берген кемшіліктерге соқтықпауға тырысқанын атап көрсеткен болатын.
Мысалы, А. Моруаның Байрон туралы романда орын алған өткен дәуір данышпанының өмірін натуралистік тәсілмен бейнелеуге қарсы шыға отырып, М. О. Әуезов былай деп жазды: Бізді бұлардың өмір баяндарындағы кездейсоқ егжей-тегжейлер мен фактілер қызықтырмайды. Халықтың жадында тарихтағы бұлардың ролі турасын айтқанда байланысты болып келетін көрнекті қайраткер өмірінің ең елеулі жақтары ғана өмір сүрді, нақ осы көзқарас тұрғысынан алғанда, ең алдымен тамаша адамдардың өмір тарихын алып қарастыру керек қой деп ойлаймын.
Осы пікірді Багратион туралы жазылған өз романындағы тарихи матерналдар жөніндегі ойларын ортаға сала келіп, тағы бір советтік тарихи романист С. Голубов та айтады: Көркем шығарманың геройы дегеніміз жазушы өзі бейнелеп көрсеткен заманды қалай ұғынып, қалай түсіндіре білуінің жиынтығы Турасын айтқанда, тарихи романнын нағыз геройы оның әдеби геройының бейнесіндегі дәуірдің тап өзі болып табылады.
Сондықтан да эпопея авторының жалпы тарихи конңепңиясын, оның маңызды деген нақты тарихи проблемаларға, оларды суреткерлікпен сомдап көрсете білуге деген көзқарасын, М. Әуезов творчествосына тарихи ғылымның тигізген ықпалын қарастыруға баса көңіл бөлген жөн.
Абай жолы эпопеясының жазылу тарихын, сондай-ақ СССР-дің басқа да халықтарының әдебиеттеріндегі тарихи роман жанрының қалыптасу тарихын зерттеу бұл процестің советтік тарихи роман жанрының дамуында ортақ заңдылықтары бар екенін мейлінше айқын көрсетеді Советтік тарихи роман жанрының қалыптасуы 20-жылдардан басталды 20-жылдардағы таңдаулы тарихи романдардың авторы болған совет жазушылары еткен заманды суреткерлікпен ой елегінен өткізудегі алғашқы ізденулерінде-ақ маркстік-лениндік дүниетанымға арқа сүйеді Олар тарихи әмір шындығын көрсетудің XIX ғасырдағы орыс класснктері А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің, А.Толстойдың және басқалардың творчествосында өркен жайған таңдаулы дәстүрлерін одан әрі дамыта түсуге ұмтылды Л. Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясында өткен заман нақты тарихи жағдайда, шыншылдықпен мейлінше толық бейнелей керсетілген болатын. Советтік тарихи романистер ең алдымен осы принңипті игеріп, творчестволықпен дамыта түсті. Дегенмен де бұл арада Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясында қоғам өмірін жан-жақты, терең әрі сан қырынан алып суреткерлікпен бейнелеп көрсетудегі азаматтық сарын, тарихты жасаушы халық екенін типтік жағдайда көрсетуге негізделген суреткерлік психологизм, шынайы патриотизм рухындағы реалистік принциптер осы уақытқа дейін қол жетпес асқар биіктей болып қалып келе жатқанын айта кету керек.
XIX ғасырдағы орыс классиктері өз шығармаларында оқиғаны тарихи тұрғыдан баяндау принңиптеріне бой ұрды Онда геройлардың жеке тағдырларын заманның аса маңызды кұбылыстарын бейнелейтін нақты тарихи оқиғалармен тығыз байланыстыра отырып көрсету дәстүрі мейлінше маңызды да шешуші орын алды.
Орыс классиктерінің адам мен қоғамның бір-бірімен өз ара байланысы туралы мәселені творчестволықпен шешу жөніндегі бұл маңызды суреткерлік жаңалығы советтік тарихи романда да басшылыққа алынды, сөйтіи маркстік-лениндік методология негізінде одан әрі дами түсті.
20-жылдардағы совет әдебиеті үшін өткендегі халық қозғалысы халықтың. Ұлы Октябрь соңиалистік революңиясына дейінгі өзінің әлеуметтік азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі тақырыптарына бой ұру мейлінше тән болып келеді. Сөйтіп, елдің тарихын халық бұқарасы күресінің тарихы ретінде суреткерлікпен көрсету жолында алғашқы әрекеттер жасалды. Міне, тап осы уақыттан бастап тарихи роман совет әдебиетінің негізгі жанрларының біріне айналды. Тарихи тақырыпқа бой ұру А. П. Чапыгиннің Степан Разин романы сияқты елеулі шығарманың тууына себеп болды Бұл роман тұңғыш советтік тарихи роман еді. Онда шаруалар көтерілісі бірінші рет шындыққа сай, дұрыс суреттелді, бұрынғы дворяндық-буржуазиялық әдебиеттегі дәстүр бойынша бүлікшіл атанып келген С Разин халық батыры ретінде көрсетілд.
Советтік тарихи прозаны дамытуға О Форштың Тас жамылғандар (1923 ж), Ю Тыняновтың Кюхля (1925 ж), Уәзір Мұхтардың ажалы (1928 ж), кейініректе жазған Пушкин романдары үлкен үлес болып қосылды Мұның өзі совет әдебиетінде тарихи-өмірбаяндық жанрдың пайда болуы еді.
Ю Тыняновтың принңипті түрдегі өзі суреттеп отырған жаңа творчестволық дәуірді мұқият зерттеу тарихи материалдың мәніне терең бойлаумен тығыз байланысты болды. Мұндай деректерді зерттеу кезінде ашылған жаңалықтар да аз емес еді. Сондықтан да мұның өзі — роман зерттеу деген жаңа ұғым тудырды. Мұның бәрі де тарихты тұрпайылықпен суреттеу, іс жүзінде бұрмалап немесе асыра мақтап көрсету сияқты 20-жылдарда жиі-жиі кездесіп қалатын ағымға қарсы соққы беруде аса маңызды роль атқарды. Ю Тынянов пен О Форш өздерінің геройларын көрнекті қайраткерлер, бостандық жолындағы жалынды күрескерлер, өз дәуірінің прогресшіл бағыттарын білдірушілер ретінде суреттей білді.
Советтік тарихи романның 30-жылдардың бас кезінде қол жеткен елеулі табыстарын көрсете келіп, М Горький 1931 жылы былай деп жазды: Петр I Жібек арқаулы Чапыгиннің Степан Разины, Георгий Штормның талантты Болотников туралы дастаны, Юрий Тыняновтың ете жақсы екі романы — Кюхля мен Уәзір Мұхтардың ажалы және Николай 1-нің заманы туралы бірнеше өте-мөте елеулі кітаптары бар.
30-жылдарда А Толстойдың екі томдық Бірінші Петр романы мен В Шишковтың Емельян Пугачев (1939-1945 жылдар) романның жарық көруі совет әдебиетінде тарихи роман жанрының шынайы гүлдене түскенін көрсетті Бұл шығармаларда идеялық және композиңиялық жағынан алып қарағанда халықтың коллективтік образы бүкіл баяндаудың өзегіне айналып әрі романның сюжетін дамытып отырады 30-жылдарда көп томдық эпопея жанры С. Н. Сергеев-Ценскийдің Севастополь сергелдеңі арқылы да көрінді.
Тарихи революңиялық тақырып О. Форштың Радищев туралы жазған Якобин ашытқысы, Қазан помещиңасы, Қатерлі кітап деген трилогиясында (1935—1938) одан әрі дамытылады В. Янньң Шыңғыс хан, Батый С Бородиннің Дмитрий Донской романдары сияқты халықтың шетел басқыншыларына қарсы қаһармандық күресіне арналған шығармалар Ұлы Отан соғысы қарсаңында өте маңызды тәрбиелік роль атқарды.
30-жылдары советтік тарихи романның дамуындағы жаңа кезең ең алдымен А Толстойдың есімімен және оның классикалық тарихи романы Петр І-нің жазылуымен байланысты болды.
Адам мен тарихты бейнелеп көрсету, тарнхи деректерді творчестволықпен пайдалану — өткен тарих пен қазіргі заманның өз ара байланысын көрсету. Ол тарихи өмір шындығын көрсетудің дәуірді көркемдік құралдар арқылы шынайы суреттеу, оны маркстік тұрғыдан баяндау, сол дәуірдің таптық қайшылықтарын нақты тарихи жағдайда алып бейнелеу, тарихи даму перспективасын дәл белгілеп алу сияқты аса маңызды проблемаларын дұрыс шешіп, советтік тарихи романды одан әрі дамытуда түбегейлі роль атқарды
Осы бір тамаша шығармада советтік тарихи көркем әдебиеттің жаңашылдық мәні барлық күш-қуатымен айқын көрінді. Осыдан кейін тарихи өткен заман туралы бұрынғыша жазу енді мүмкін болмай қалды.
30-шы жылдардағы советтік тарихи романның дамуына А.Толстой енгізген жаңа көркемдік принңиптерінің орасан зор ықпалы туралы айта келіп, Степан Злобин шығармадағы. Характерлердің төтенше кең диапозонын, кейіпкерлерге мейлінше дара және дәл берілген әлеуметтік мінездемелерін, өздерінің тарихи даму барысында кейіпкерлердің психикасын шұғыл түрде және заңды етіп қайта жасаудың үлгілерін, тарихн фактілердің тарихтан алатын орны мен арақатынасын анықтай білудің және халық бұқарасының тарихи оқиғалар кезінде алатын творчестволық маңызын, қоғамдағы прогресшіл және керітартпа таптық бағыттарды дұрыс бейнелей білудің жарқын мысалдарын ерекше атап көрсетті.
30-жылдардағы советтік тарихи роман жанрын дамытудағы қарқынды өрлеу бүкіл советтік әдебиеттің дамуымен, социалистік реализм әдісінің берік орнығуымен тығыз байлаиысты. Михаил Шолохов социалистік реализмнің жаңа методологиялық позициялары тұрғысынан классикалық советтік эпопеяның үлгісі Тынық Донды жазды Онда халық өмірінің ең тереңдігі, қат-қаттары мейлінше кеңінен көрсетілген С. Айнидің, Айбектің, М. Әуезовтің, А. Файзидің, Н.Рыбактың, К. Лордкипанидзенің, Ст. Зорьянның және басқа да СССР халықтары жазушыларының тарихи өткен заманды суреткерлік ой елегінен өткізу проблемаларын шешу мен творчестволық ізденістеріндегі табыстары көп жағдайда олардың орыстың советтік тарихи роман дәстүрлері М. Горькийдің, А. Толстойдың, Ю. Тыняновтың, О. Форштың, А. Серафимовичтің, М. Шолоховтың және басқалардың шығармаларындағы өткен заман тақырыбын тарихи жанр саласында социалистік реализм тұрғысынан шыншылдықпен көрсету принциптерін орнықтырған творчестволық тәжірибені құмарта қабылдауына байланысты Бұл ретте ең басты ұстаздық роль атқарған әрине М. Горький болды. С. М. Петров өзінің монографиясында: Советтік тарихи беллетристикада тарихи өмір шындығын тереңдете түсуге, оның эпикалық тенденцияларын күшейте түсуге Горькийдің орасан зор, терең әлеуметтік тарихи өмір шындығына толы Артамоновтар ісі және Клим Самгиннің өмірі эпопеялары мейлінше зор ықпал етті—деп атап көрсетті.
Горький шығармаларындағы тарихи өмір шындығының басты жеңісі қоғамның тарихи даму процесінің, ондағы идеологиялық күрестің аса маңызды заңдылықтарын дұрыс бейнелеп көрсету болып табылады.
Қоғамның рухани өмірін көрсетуде Горький шығармаларындағы тарихи өмір шындығының аса терең тамырлары жаңа әдіс — социалистік реализм әдісіне соншама тән болып табылатын психологиялық талдау мен кеңінен жасалған әлеуметтік талдаудың бірімен-бірі етене ұштасуы, тарихи даму проңесінің механикасының өзіне бойлап енуденбасқа ешнәрсе де емес.
М Әуезов Абай жолы эпопеясын жазуға 30-жылдардың орта шенінде кірісті Бұл кезде советтік тарихи романның біз жоғарыда сөз еткен негізгі жаңашылдық сипаттары анықталып болған еді Советтік тарихи романдарда ғылыми тұрғыдан танылған тарихи даму процесі мейлінше терең және сан алуан түрінде көрінді, ал халық тарихтың субъектісі, тарихи даму процесін алға апарушы ретінде бой көрсетеді
Сонымен бұл көмекші оқу құралында біз жоғарыда атап көрсетілген міндеттермен қатар тарихты ғылыми және суреткерлік ой елегінен өткізудің советтік тарихи романдарда орныққан негізгі принциптерін М Әуезовтің творчестволықпен өзіндік қолдану тәсілдерін зерттеуді, Абай жолы эпопеясындағы тарихи өмір шындығының негізгі ерекшеліктерін, осы жанрды байыта түсуде оның қосқан жаңашылдық үлесін ашып көрсетуді мақсат еттік.
Тарихнамалық шолуда М. О. Әуезовтің романды жазуға жұмсалған кеп жылғы еңбегі негізінде Абай Құнанбаевтың өмірбаянын, творчествосы мен әмір сүрген заманын зерттей отырып, қандай тарихи деректерді пайдаланғанына және оларды талдау тәсілдеріне қатысты мәселелерді қарастыра кетудің толық реті бар.
М. О. Әуезов өзі мұғалімдер семинариясының шәкірті, ал содан кейін Ленинград университетінің студенті болып жүрген кезінің өзінде-ақ Абайға ерекше ынта қоя бастағанын жазған болатын. Болашақ эпопеяның авторы осы жылдардың өзінде-ақ Абайдын жақындары — зайыптары Әйгерім (1918 жылы қайтыс болды), Ділдалармен (1924 жылға дейін өмір сүрген), ақынның әкесі Құнанбайдың тоқалы Нұрғаныммен, ақын Қөкбаймен және басқаларымен әңгімелесіп, сұрастыра жүріп, өз кейіпкерлерінің өміріне тікелей қатысты көптеген қызықты фактілер жинап алған еді Сондай-ақ қазақ әдебиеті классигінің өмір тарихына байланысты көптеген қызықты мәліметтерді жазушының атасы Әуез айтып берген болатын. Ол Абай Құнанбаевты жақсы білетін, оның үстіне ақынның замандасы еді.
Алайда бұл кезде М. О. Әуезов өзінің Абаймен әуестенуін әлі де болса елеулі нәрсе деп қарамаған еді. Кейін ол былай деп жазды: Биограф ретінде Абайдың өмірі туралы материалды 1930 жылдан кейін іле-шала толық қолға алдым. Амал қанша, бұл уақытқа қарай оны білетін адамдардан бірнеше қарт қана тірі болатын. Дегенмен Абайдың замандастарының аузынан тікелей естіген менің әңгімелерім 1933 жылдан бастап баспасөз бетінде көріне бастады.
Жұртқа мәлім, Абай туралы революцияға дейінгі жазба деректер, негізінен алғанда, Абай өлеңдерінің 1909 жылы шыққан Қ Ысқақов жазған алғы сөзде қамтылған емірбаян мен жергілікті баспасөз бетінде кездесіп қалатын бірқатар мақалаларға ғана саятын Әдетте тарнхи қайраткердің өмір тарихын зерттеуге қажетті күнделіктер, хаттар, мемуарлар сияқты материалдар атымен жоқ болғандықтан Абайдың өмір жолын жазып шығу үшін негізгі, кейде бірден-бір тарихи дерек оның замандастарының естеліктері ғана болды.
М. О. Әуезовтің жеке өзінің архивінде Абай туып өскен жері Семей облысының Абай ауданына жазушы отызыншы және қырқыншы жылдары барған сапары кезінде ақынның емірі мен дәуірі жөнінде Абай Құнанбаевтың замандастары айтып берген әңгімелердің тамаша жазбалары сақталған.
Бұлардың ішінде 30 шы жылдарға жататын ең алғашқылары Абайды жеке өз басы жақсы білетін немесе ол женінде өз әкелерінен, жақындарынан және ақынның замандастарынан естіген әңгімелерден есте сақталып қалғандарын ауызба-ауыз айтып берген адамдардан жазып алынған. Осы мағлұматтардың ішінде М. О. Әуезов, Мадияр, Ермұса, Құлыншақтың немересі, торғай руының старшины Тұмабай Наданбаев сияқты қарттардан, Әлімбеттен, Қатпа Құрамжановтан, Сыдық Махмұдовтан, Қасеннен, Бөкеннен, Әкірам Ысқақовтан, ақын Төлеу Көбдіковтан, Абайдың немересі Уасиладан, келіні Камалиядан тағы басқалардың айтуынан жазып алған деректері де бар.
М. О. Әуезовке жазушы Сапарғали Бегалин де аса бағалы мәліметтер берген (ол мұны осы жылдары Абайдың туған жерінде жүргенде жинап-терген болатын) Абай жолының авторы романды жазу үстінде бұл мәліметтерді де кеңінен пайдаланды С. Бегалиннің берген материалдары арасында Баймағамбет Айтқожинмен болған әңгіменің жазбалары Абайдың мінез-құлқына байланысты әрі қызықты, әрі егжей-тегжейлі деректерге өте бай. Мұнда ақын айтыпты деген бірқатар жеке пікірлер, әзіл-оспақтар, музыкант Мұқа Әділханов туралы және басқа да жайлар жөнінде мәліметтер мол.
М. О. Әуезовтің бұл жазбаларының барлығында да ақынның өмірбаянына қатысты фактілермен қатар халықтың мақал-мәтелдері, ескі сөздер мен сөз тіркестері жиі ұшырайды Жазушы мұның бәрін де заман рухын, сол замандағы адамдардың сөйлеу ерекшеліктерін дәл беру үшін шебер пайдаланды.
Абайдың туған жерінде жүріп М. О. Әуезов жазып алған мәліметтердің кепшілігі жер дауы, жесір дауы кезінде қолданылатын праволармен, қазақтың өлген адамды жерлеу, кұда түсу, қыз ұзату, келін түсіру сияқты әдет-ғұрыптарына қазақ календары, аспан әлемі туралы ұғымдарға қатысы бар этнографиялық деректерге байланысты. Әрине, бұл сияқты ауызша сұрастыру арқылы жиналған деректер документ ретінде, еш жерде тіркелмейді. Бірақ мұның өзі ол деректердің құндылығын кеміте алмайды. Керісінше, бұлар кәдімгі тарихи документтермен қатар тек көркем шығарма үшін ғана емес, сонымен қатар тарихи зерттеулер үшін де толық құнды материал бола алады.
М. О. Әуезовтің бұл жазбалары тап-тұйнақтай қысқа және үзінді сипатта екенін айта кету керек. Өйткені бұлар оның өзі бұрыннан, жас шағынан жақсы білетін фактілерге қосымша деректер ғана болып келеді М. О. Әуезов Абай образын суреткерлікпен жасағанға дейін атқарған материал жинау жөніндегі өзінің осы бір ұзаққа созылған жұмысын көшіп кеткелі керуеннің жұртына келіп сенген оттың ақырғы қоламса шоғын тапқан және өзі үрлеп, осы шоқты шалқыған алау етіп жаққысы келген кешігіп қалған жолаушының еңбегімен бейнелеп теңейді.
Қарттардың күңгірт тартқан естеліктері, — дейді Мұхтар Омарханұлы, — Абайдың жастық шағы жөнінде маған жол көрсеткен болды, алпыс жастағы Әйгерімнің бет әлпетіне қарап мен бір кезде ақынды баурап алған оның тамаша жастық шағының көрік келбетін қалпына келтіруге тырыстым.
Абай Кұнанбаевтың өмір тарихын дұрыс көрсету үшін сұрас- тыру арқылы алынған мәліметтерінің шешуші маңызы болды. Бұл ретте М. О. Әуезов Абайдың ақындық творчествосында оның өз өмірбаяны туралы нақты фактілердің аз екендігін атап көрсетеді Өйткені жеке адамдарға байланысты көптеген есімдер немесе егжей-тегжейлі деректерді кезінде ақынның әзі сызып тастаған немесе ақынның өлеңдерін ауызша айтып таратушы замандастары ұмыт қалдырған болуы мүмкін М. Әуезов романды жазу үстінде өзінің қалай жұмыс істегені туралы әзірлеген лекция тезистерінде Абайдың кейбір арнау өлеңдерін де жинағанын, ол өлеңдердегі жеке адамдардың есімдерін қалпына келтіргенін атап көрсетеді.
М. О. Әуезов Абай өмір сүрген заманды жазу үстінде, оның өзі атап көрсеткендей, мемуар сипатындағы түп нұсқа деректермен қатар, Қазақстанның өткен тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан түсіндірген тарихшылардың зерттеулерін де молынан пайдаланды М. О. Әуезовтің тарихи түп нұсқа деректерді соншалықты мол қамтығанын жазушының ақынға және ол өмір сүрген заманға арналған жеке макалалар мен зерттеулерден мейлінше көп үзінділер алғанынан да, көптеген еңбектерге арнайы белгі салынғанынан да, қыруар архив деректерін пайдаланғанынан да көруге болады М. О. Әуезовтің тарихи материалды терең игеруіне Қазақ ССР-інің тарихы атты үлкен еңбекті жазуға оның авторларының және редакторларының бірі ретінде тікелей қатынасуының да пайдасы зор болды Жазушының архивінде ол өзі қарастырып отырған заманның түрлі проблемаларын марксизм- ленинизм классиктерінің еңбектері тұрғысынан терең зерттегенін көрсететін деректер де аз емес Мәселен, эпопеяның соңғы кітабында Россияның саяси тарихының мәселелерін кеңінен қамти отырып, М. О. Әуезов сол кездегі оқиғаларға лениндік тұрғыдан баға беруді басшылыққа алады Бұл женінде, атап айтқанда, В. И. Лениннің еңбектерінен Россиядағы шаруалардың қоныс аударуы, революциялық-демократиялық қозғалыстың даму тарихы, орыс-жапон соғысы сияқты тағы басқа да проблемаларға қатысты үзінділерді ерінбей-жалықпай мұқият жазып алғаны дәлел бола алады Жазушының архивінде сақталған конспект жазбалар оның тарихи жанр теориясы туралы Белинский айтқан ойлар мен қағидаларды да зор ынта қоя отырып, терең зерттегенін көрсетеді.
Біздің ойымызша, Абай жолы эпопеясының аса зор танымдық маңызы романда халық өмірінің көптеген жақтары соншалықты қызық әрі айқын суреттеліп жазылуы автордың арнаулы тарихи әдебиеттерді оқып, зерттеуіне ғана емес, сонымен қатар ез романының оқиға желісі дамитын жерлерде. Октябрь революңиясына дейін өткізген бала кезі мен жастық шағында алған әсерлері мен естеліктеріне де байланысты 1897-жылы дүниеге келген және қазақтардың революңияға дейінгі өмірін ез көзімен көріп, жіті байқаған М. О. Әуезовтің өзі туралы: Өзімнің көргенімнің, басымнан өткенімнің, бақылағандарымның барлығына карағанда мен XX ғасырдың ортасына тіпті европалық емес, азиялық орта ғасырдың бір қырынан келгендейміндеген болатын Сонымен М О Әуезов өзіне етене жақын да әрі жақсы мәлім ортаны, өзі басынан кешірген заманды шеберлікпен суреттеп шықты.
Өмір шындығын едәуір дәрежеде өзінің жеке басының тікелей араласуы арқылы, өз өмірбаяны арқылы көрсете білген М. О. Әуезов еңбегінің осы бір ерекшелігі, халықтың өткен өмірін зерттеуде ешқандай білімдарлық орнын толтыра алмайтын ерекшелігі, оның творчествосын А. Н. Толстойдың Петр І-ні жазу үстіндегі еңбегінің кейбір ерекшеліктерімен жақындата түседі.
Әдеби сын А. Толстойдың Петр заманы туралы романына жазушының балалық шағынан қалған естеліктері негізіне орыстың өткендегі көне өмірін тікелей сезе білуі, патриархальдық орыс провинңиясын, деревнясын терең білуі толық енді деп кезінде талай рет атап көрсеткені мәлім Алексей Толстой жеке өзінің естеліктері Петр 1-туралы романдағы орыс түрмысын суреттеп жазуға қатысты болғанын былай деп атап керсетеді: Егер мен деревняда емес, қалада туған болсам, балалық шағымнан осы бір мың-сан заттарды — дала алқабындағы, қаңыраған деревнялардағы осы бір қысқы бұрқасын боранды, әулие-ән-билерді, үйшіктерді, сәуегейлікті, әңгіме-ертегілерді, күн шуақтарды, ерекше бір исі аңқыған пішендерді білмеген болар едім, мен сірә, ескі Москваны осындай етіп сипаттап жаза алмас едім. Ескі Москваның көріністері менің алдымда сонау алыстағы балалық шақтан қалған естеліктерден сыңғырлап естіліп түрды Сейтіп осыдан келіп, дәуірді, оның заттық тұрпатын сезу пайда болды Бұл адамдарды, бұл типтерді мен кейінірек тарихи документтер бойынша тексеріп көрдім Бүл документтер менің романды дамыта түсуіме мүмкіндік берді, бірақ сонау алыста жатқан балалық шақтағы әсерлерден келетін дәмін татып, көзбен көріп қабылдаған әсер, айтып шығу қиынға түсетін, сол бір нәзік, болар-болмас елесімен есте қалған заттар өзім сипаттап жазған дүниеге заттық тұрпат берді
М Әуезовтің творчестволық әдісінің ерекшелігі автордың ауызша әңгімелеу, сұрастыру арқылы жинақталған және жазба түрінде кездесетін деректерді өзі суреттеп жазып отырған заманға тән құбылыстармен, яғнн өз көзімен көріп, басынан кешірген жайлармен шебер ұштастыра білуінде, яғни автордың сол заманның тұрмыс салтымен, табиғатымен, өмірлік құбылыстарының көп қырларымен жете таныс болғандығында
М О Әуезов Абайдың Семейдегі саяси жер аударылғандармен өз ара байланысы мен қарым-қатынасын терең зерттеді Сөйтіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Россияда өрістеген революциялық-демократиялық қозғалыстың түрлі кезеңдерімен байланысты тарихи әдебиеттермен мұқият танысты Мұны жазушының архивінде сақталған жазбалардан айқын көруге болады Оның сонау 1946 жылғы конспектілерінің өзінде Н. Г. Чернышевский, оның серіктері Н. В. Шелгунов, М. Л. Михайлов, А. Серно-Соловьевич, сондай-ақ кейінгі кезде саяси жер аударылған, сөйтіп Абайға үлкен ықпал жасаған Е. П. Михаэлис туралы жазылған арнаулы әдебиеттерден жазып алған көптеген ұзақ-ұзақ үзінділер бар.
О. М. Әуезов народоволеңтердің қызметін зерттеу ісіне де соншалықты ұқыптыльіқпен қарады Бұл ретте ол тек тарихи әдебиетті ғана емес, сонымен қатар сол кездегі мезгілді бапасөзді де шолып шықты Жазушының архивінде 1881 лсылы 1 марттағы оқиғалар туралы Вестник Европы, Сын отечества, Русский вестник, Отечественные записки сияқты журналдардан, Семипалатинские областные ведомости, Туркестанские областные ведомости сияқты провинңиалдық газеттерден, тағы басқа әдебиеттерден жинақтаған мәліметтер бар М О Әуезов сол кездегі мерзімді баспасөздің пікірлеріне сұйене көрсетуге тырысады Эпопея авторы сонымен қатар Абайдың досы — народоволец Н. Долгополовтың Қазақ ССР тергеу ісінен мол-мол үзінділер жазып алған.
Жазушының осы конспект жазбаларына қарағанда, М. О. Әуезов, народоволеңтердің қызметін зерттей отырып, олардың Россиядағы революциялық қозғалыс тарихында қандай роль атқарғаны жөніндегі лениндік бағаны басшылыққа алғаны айқын көрінеді.
Сыншылар М. Горькийді советтік тарихи романның атасыдеп тегін атамаған. Оның кептеген бағалы пікірлерінде советтік тарихи-көркем әдебиет халықтың өміріне көбірек көңіл бөлуі тиіс деген пікір баса айтылады. Абай жолы эпопеясына жасалған талдау М. О. Әуезовтің романды жазу кезінде өзінің творчестволық практикасында М. Горькийдің осы маңызды пікірін берік есте ұстағанын мейлінше айқын көрсетеді.
Автордың тарихты өз тұрғысынан қалай пайымдауына байланыстыра келіп, романның идеялық мазмұнын зерттеген кезде шығарманың қолжазбасына жасалған сын-ескертпелерге және автордың сол сын-ескертпелерден творчестволықпен тиісті қорытынды шығарғанына назар аударудың ғылыми маңызы бар. Жазушы өз романының сыншыларымен тап осындай аса бір жемісті ынтымақтастық орната білді. Мұны эпопеяның үшінші және төртінші кітабын орыс тілінде тұңғыш рет басып шығарған кезде Знамя журналының редакицясымен қалай жұмыс істескен мысалынан да байқауға болады.
Мәселен, көрсеткен белгілеріне қарағанда, автор өзі қабыл алған елеулі сын-ескертпелер мыналар: XIX ғасырдың аяғындағы қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін неғұрлым анығырақ көрсету керек. Сіз қазақ кедейлерінің жергілікті феодалдар тарапынан тағылықпен қаналуын сенімді түрде көрсете алғансыз, бірақ сіз қазақ халқының патша өкіметі тарапынан отар ретінде қаналуын әлі де жеткілікті көрсете алмағаныңыз айқын.
Қазақ кедейлерін екі жақты қанау тақырыбы романда мейлінше айқын ашып көрсетілуі тиіс.
Сондай-ақ М. О. Әуезовке Базаралының ішкі жан дүниесін айқынырақ аша түсу туралы кеңес береді: барлық жеңілістерден кейін осы бір стихиялық сотқар, сірә, байларға қарсы күрес жолдары жайында ойланған болар. Сонымен бірге редакция романды сол кездегі нақты тарихи-революциялық оқиғалармен бүрынғыдан да көбірек молықтыра түсуге ұсыныс жасады. Мұны ең алдымен Петербургтаи Сарыарқаға екі рет келген (роман беттерінде) Әбіштің образы арқылы сенімді түрде шешуге болар еді. Сірә, Әбіштің образы сол заманның алдыңғы қатарлы ой-пікірімен, мақсат-мүддесімен толықтырылуы тиіс. Өйткені оның жолай Қазанда болуы да мүмкін еді ғой. Ал сол кезде жас Ленин таныла бастады емес пе Біздің пікіріміз бойынша, Әбіштің қазіргі түлғасы, тым солғын, шартты-романтикалы әрі тартымсыз.
Егер романның үшінші кітабының қолжазбасын журналда жарияланған нусқасымен салыстыратын болсақ, М. О. Әуезов әлгі сын-ескертпелердің көпшілігін еске ала отырып, романды баспаға әзірлеу проңесінде тиісті қосымшалар мен толықтырулар жасағанын оп-оңай көре аламыз. Бұл ретте біз автордың назарын романдағы тарихи өмір шындығын тереңдете түсуге аударған сын-ескертпелердің ерекше маңызды болғанын атап көрсеткіміз келеді. М. О. Әуезов қолжазбаларының архивте сақталған нұсқасынан айқын көрінетін тексті өңдеу, түзету жасау, қосымшалар енгізу, стильдік ерекшеліктерді жетілдіру сияқты қыруар жұмыстың сипаты қандай болғанының езіне талдау жасау біздің ойымызша, жазушының творчестволық лабораториясын зерттеу саласындагы дербес ғылыми жұмысқа тақырып бола алар еді.
Абай жолы эпопеясын жазудағы түп нұсқа деректерді зерттеу және шыгармадағы тарихи өмір шындығына жан-жақты талдау жасау қажеттігіне байланысты біз бұл зерттеуді жүргізген кезде Қазақстанның революцияға дейінгі тарихына қатысы бар әдебиеттерді мейлінше мол қамтып, мұқият танысуымызға тура келді.
Сонымен бірге жұмыс қазақ әдебиет тану ғылымының бір саласы болып табылатын Абай тану жөніндегі негізгі еңбектерді ескере отырып жазылды.
Тарихи романға байланысты тарихнама мәселесін зерттеу орыс советтік тарихи романы жайында жазылған енбектерде жеткілікті дәрежеде толық қамтылған.
Соғысқа дейінгі дәуірдеғі совет әдебиетіндегі тарихи роман жанрының қалыптасуы мен дамуын талдауға арналған сын әдебиеттерді қорытып, жинақтау И Т Изотовтың Советтік тарихи роман сыны тарихынан (20—30-жылдар) (Орынбор, 1967) деген монографиясында жүзеге асырылды Бұл кездегі ең елеулі еңбек М Серебрянскийдің Советтік тарихи роман (М, 1936) деген зерттеуі болып табылады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тарихқа, әсіресе оның шетел басқыншыларына қарсы күрестегі қаһармандық кезеңдеріне деген ынтаның арта түсуі әбден заңды еді Міне осындай жағдайда СССР Жазушылар одағы Ұлы Отан соғысы кезінде басылған көркем шығармалардағы тарихи тақырып (1943), Тарихи көркем шығармалардағы шындық пен ойдан қосылған жайлар (1945 ж) деген тақырыптарда советтік тарихи романның даму проблемаларын талқылауға байланысты екі дискуссия ұйымдастырды 50—60 жылдары бірқатар көрнекті совет әдебиет зерттеушілерінің еңбектерінде тарихи роман жанры ерекшелігінің жалпы теориялық мәселелері одан әрі дамытылды.
Мұндай еңбектердің қатарында Г. Ленобльдің Тарих пен әдебиет (М, 1960), С. М. Петровтың Советтік тарихи роман (М, 1958), Ю. Андреевтің Орыс советтік тарихи романы (М, 1962), Р. Мессердің Советтік тарихи проза (Л 1955) және басқа да монографиялар бар.
Методологиялық тұрғыдан алғанда ең таңдаулы тарихи романдардың авторларына арналған жеке еңбектердің аса құнды екенін айта кету керек Олар — А В Алпатовтың Алексей Толстой — советтік тарихи романның шебері (М, 1958), А И Овчаренконың М Горькийдің Клим Самгиннің өмірі, роман-эпопеясы (М, 1965) сняқты бірқатар еңбектер.
Көптеген зерттеушілердің ұлттық әдебиеттерге арналған еңбектерінде тарихи роман жанры қалыптасуының жеке мәселелері сөз бола тұрғанымен, бұл тақырыпқа жазылған монографиялық еңбектердің әлі де жеткіліксіз екенінде дау жоқ. Атап айтқанда, қазақ әдебиет тану ғылымы саласындағы кейбір еңбектерде осы мәселелерді қорыта жинақтаудың алғашқы әрекеттері ғана жасалған.
Жоғарыда аталған әдеби материалдарды пайдаланумен қатар, МОӘуезовтің жазып алған тамаша деректерін, Абай замандастарының естеліктерін ғылыми зерттеуге енгізумен бірге біз еліміздегі орталық және жергілікті архивтердің корларынан жинап алған, әлі де жарияланбаған көптеген тарихи түп нұсқа материалдарды да кәдеге асырдық.
Қазақ ССР Ғылым академнясының академигі Ә X Марғұлан Омбы облыстық архивінен Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаевтың тергеу ісі жөнінде материал тапқан болатын Біз алғаш рет зерттеп, жарыққа шығарған осы тергеу ісі жөніндегі материалдарды Абайдың замандастарының естеліктерімен салыстырып кәрудің зор маңызы бар.
СССР-дің Ленинградтағы Орталық мемлекеттік тарихи архивінен, Москвадағы Октябрь революңиясының Орталық мемлекеттік архивінен, Москвадағы Әскери-тарихи архивтен, Қазақ ССР-інің Алматыдағы Мемлекеттік тарихи архивінен және Омск облыстық архивінен біз Абайдың заманына, Россиядағы революциялық-демократиялық қозғалыстың түрлі кезеңдеріне қатысқан, Абай мен достасқан орыстың саяси жер аударылушыларының есімдеріне, олардың әкімшілік жолмен жер ауып жүрген кезінде Қазақстанда атқарған қызметіне байланысты көптеген жаңа деректер таптық.
Әуезова Л.М. М.О. Әуезов творчествосында
Қазақстан тарихының проблемалары. — Алматы: Мектеп,1977. – 3-26-беттер.