Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп!

Без-имени-1Наурыз – мейірім мен шуаққа толы мереке. Осы мерекені асыға күтетініміз анық. Міне, биыл Наурыз мерекесін тойлай бастағанымызға да 26 жыл болды. Осыған орай, әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп» атты студенттер арасында байқау болып өтті. Байқауды  филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары Салтанат Иманқұлова, Назкен Егізбаева, Шайгүл Рамазанова, Анар Ашировалар ұйымдастырды.

Байқау мынадай аталымдар бойынша өтті: көркемсөз оқу, өнер сайысы (ән, би), көрініс (қойылым), таныстыру. Байқауға 4 топ қатысты: «Береке» (халықаралық құқық), «Жас Тұлпар»(халықаралық қатынастар), «Шаттық» (халықаралық қатынастар), «Қыран» (халықаралық құқық). Байқаудың  шарты бойынша топтар өз өнерлерін көрсетті. Байқау тақырыбы «Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп» болғандықтан күмбірлеген күйлер, тамылжыған әндер мен мың бұрала билеген билер және ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында қойылған көріністер көрсетіліп, көркемсөз оқылды. Сонымен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізге байланысты танымдық сұрақтар қойылып, студенттер өз білімдерін шыңдап көрді. Әсіресе, студенттердің көрініс көрсету сайысына ерекше көңіл бөліп, образға кіру үшін жандарын салып, «бесікке салу», «аластау», «тыштырма», «шашу», «бесік жырын» нақышына келтіре орындағанын көргенде ерекше бір сезімге бөленесің. Сонымен байқаудың шарты бойынша әр топ өз өнерлерін көрсетті.

 

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша, студенттер төмендегідей бағаланды: Бас жүлде – «Береке»,  I  орын –  «Шаттық», II орын – «Жас Тұлпар», III орын – «Қыран» тобына  берілді. Сондай-ақ, көркемсөз оқудан К. Дамулина («Сен жыладың жігітім». Мұхтар Шаханов), Д. Мадиева («Наурыз») өнер сайысынан Д.Зарғали, Г.Аймақова, А.Жанаева («Көзімнің қарасы». Абай), Б.Кульбаев («Наурыз көктем») әні,  «Домбыра» биін билеген Яна Ильина, «Қазақ биін» Ш. Каримова,  «Бесікке салу» рәсімін көрсеткен Н.Ерболатова, Ж. Болатбекова, «Наурыз мейрамының тарихы» атты жобалық жұмыстарын көрсеткен Р.Қамбаров, А.Назаров мақтау қағазымен марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етілді.

Кеш өте қызықты өтті. Алдағы уақыттарда да осындай кештер жалғасын табады деп ойлаймыз.

 

Мемлекеттік тіл кафедрасы

 Ш. Әмірғалиқызы

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники