Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

«ХХІ ғасыр аудармашысы»

SAM_1641 Карбозов ХХІ Ғ. аудар2014 жылы 2 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ » атты  аудармашылар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің сабақта алған білімдерін практикада пысықтау және «аударма ісі» деген қиын да қызық мамандыққа студенттердің қызығушылықтарын онан әрі арттыру болып табылады. Аударма ісі бөлімінің 1-3 курс студенттері  «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ » атағын иелену үшін  бес кезеңнен тұратын сайыста түрлі тапсырмалар орындап, күрделі сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар мүшелері екі топқа бөлінген командаларды әр кезең бойынша бағалап, сайыс соңында өз пікірлерін білдірді.  «TARZHIMAN CLUB» жетекшісі Л.Мұсалы сайысты қорытындылап, белсенді студенттерге мақтау қағаздар тапсырды.  Тартысты өткен сайыста, жекелей сында «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ»  мақтау қағазын 1 курс студенті ӘДИХАН  Елнұр иеленді. Сайыс болашақ аудармашылар үшін қызықты да пайдалы шара болды.

Е.Кәрібозов, аударма теориясы және әдіснамасы

кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники