Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Аударматану ғылымында өзіндік орны бар оқу құралы

Жұмаділова---мұқабасыАударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды, шартты құбылыс.  Аударма – ұшан-теңіз өмір өмір ағысының барлығын ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі. Сондықтан аударма қарқындап дамыған қазіргі кезеңде аударма теориясы мен тәжірбиесіне арналған қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының жазыла бастауы заңды құбылыс. Жақында «Қазақ университеті» баспасынана доцент Е.К.Кәрібозов, М.Н.Жұмаділованың «Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Оқу құралы аударма ісі мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған. Оқу құралы үш негізгі бөлімнен тұрады. Аударматану  ғылымы арқылы өзге шетел халықтарының тілін, мәдениеті мен ғылымын игерудегі мәдениетаралық коммуникацияның рөлін жан-жақты талдаған, сапалы және құнды еңбек деп айтуымызға болады. Оқу құралында ана тілдің және өзге мәдениеттегі құндылықтар жүйелерін және  салғастырылатын мәдениеттердің ұқсастықтары мен өзгешелектері туралы, мәдениетаралық байланыс кезіндегі әр түрлі жағдайларда өзін-өзі бір қалыпты ұстай білудің негізгі бағыттары зерделенген. Аударма теориясы  басқа пәндермен тығыз байланыста екендігін айқындау мақсатында аударматанушы ғалымдардың еңбектерін мысалға ала отырып авторлардың өзіндік тұжырымдарын берген. Француз философы  Дени Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген екен. Сол себепті де аударматанушы ғалымдарға, студенттер иен магистранттарға арнайы жазылған осы оқу құралының өзіндік оқырманы көп болады деп есептейміз.

Филология,әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники