Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Танымал ғалымның тағылымды дәрісі

435220_1236903378__________________________

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тіпдері факультетінің мемлекеттік тіл  кафедрасында сәуір айының  3-і күні «Сөз мәдениетінің  ортологиялық негіздері» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан арнайы шақырылған танымал ғалым, профессор Нұргелді Уәли дәріс оқыды.

Дәріс барысында сөз мәдениетінің осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жан-жақты сөз болды. Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылмай,  тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде зерттеу және функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу, сөз мәдениеті осыған дейін сөйлеу позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы  тұрғысынан қарау коммуникативтік аспектідегі жаңалық ек

енін атап өтті.

Тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым

 болса, ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету, тілдік және тілдік емес нормалардың түрлерін айқындау басты міндет екенін және сөздің сапасын анықтауда тілдік нормаға сүйеніп қана қоймай, тілдік емес нормаларды да ескеру керек екенін ғалым- ұстаз баса айтты.

 Сөздің коммуникативтік сапасын объективті түрде айқы

ндаудың, мәтінді интерпретациялаудың, тілдік нормаларды кодификациялаудың теориясын жасау жолдары туралы таратылып айтылды.

 Сөйлеу әрекетінің жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастау алатынын тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткенін тілге тиек ете отырып,сөз мәдениетінің өрбу кезеңін салыстырмалы-тарихи грамматикамен де ұштастыра әңгімеледі. Тілдің  са

лыстырмалы-тарихи зерттеулердің негізінде   қалыптасқанын, сонымен қатар түркі тілдерінің сәйкестігінің қайсысының ерте қайсысының кеш екендігін анықтаудың маңызы зор екенін ұғындыра отыра ,салыстырмалы-тарихи зерттеулерден кейін швед ғалымы Фердинанд де Соссюрдің структурализмі келіп,оның да идеология тұрғысынан кедергі көргенін нақты деректермен дәйектеді. Фердинанд де Соссюр бағытында тілдің антологиясы, генологиясы жоқ болғандықтан тіл объектісінің тарылып, одан кейін қалыптасқан тіл ғылымындағы когнетология, концептология бағыттарының ерекшеліктеріне тоқталды. Ғалым когнитивтік лингвистикада кез келген заттың, құбылыстың 5 сезім мүшесі арқылы қабылданып, содан соң нақты атау иелену арқылы екінші сатыға көтерілетінін нақты мысалдармен   түсіндіріп, дихан-диханшы, бағбан-бағбаншы сияқты жарысып қолданылып жүрген сөз варианттарының әдеби нормаға сәйкестігін тексерудің қажеттігі мен аталған мәселемен айналысатын ортология саласының ерекшеліктеріне тоқталды.

Қазақ тіл біліміне «сөз мәдениеті» деген терминді алғаш енгізген автор ретінде  қоян, тары, жер, шегіртке т.б сөздерінің мағынасын тарихи тұрғыдан ашып, тұшымды тұжырымдармен өз тыңдаушыларын тәнті етті.

    Ғалым-ұстаз қазақ классиктерінің шығармаларында кездесетін «қарға тамырлы қазақ»,  «керіскедей керісіп», «тарлау» ұғымдарының мағынасын ортология ғылымы тұрғысынан талдап, тіл семантикасы мен мәдени семантика қатар жүруі керек деген тұжырыммен ойын аяқтады.

    Семинарға қатысқан мемлекеттік тіл кафедрасының ұжымы, профессор Б. Момынова бастаған қазақ филологиясы кафедрасының  оқытушылары, магистранттары ғалымға тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, пікір алмасты.

     Семинар соңында кафедра меңгерушісі Х. Қарабаева профессор Нұргелді Уәлиге қатысушылар тарапынан тағылымды дәріс үшін рахмет айтып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған бұл шараның алдағы уақытта жалғасын тауып, А. Байтұрсынұлы атындағы  Тіл білімі институтының ғалымдарымен ынтымақтастық байланыс жалғасын табады деген сенім білдірді.

Доцент Х.Ә. Қарабаева, доцент Р.Қ. Өмірбекова  

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники