Өнерің өрге жүзсін, «Жас талап»
ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды. Ол үйірмелер тарих, қазақ тілі, математика, физика, орыс тілі пәндері бойынша білімді көтеруге бағытталған. Ал бизнесинкубатор жобасы факультет тыңдаушыларының ғылыми-инновациялық біліктілігін жоғары деңгейде шыңдауды көздейді. Бұл жобаның жетекшілері: Ембергенова Қ.Р., Тастемирова Г.А, Ибрагимова М.Н., Мужигова Г.М., Нусупбаева С.А., Қасымова Ж.П., Ибраимова Ж.Т., Дауытова Ж.Қ., Абдибекова К.Ж., Жаппарова А.Б., Шанбаева У.С. Осы жоба аясында «Жас талап» қолөнер үйірмесі ұйымдастырылған. Бұл үйірмеде факультетте білім алып жүрген, қолдарынан іс келетін шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қазақ диаспора өкілдері сабақ оқумен қатар уақыттарын дұрыс пайдалану барысында бірмезгіл қолөнермен айналыса алады. Үйірмеде тыңдаушылар құрақ құраумен, мойыншақтармен түрлі бұйымдар жасаумен, тоқыма тоқу және тігіс тігумен, ағаштан бұйымдар жасаумен айналысады. Бизнесинкубатор жобасының қалай жүріп жатқанымен танысу үшін Қазақстан Ұлттық телеарнасының тілшілері сұхбат алуға келген болатын. Үйірмеге қатысушылар әр бағыт бойынша сұхбат берді. Құрақ құрап, тігіс тігу барысын тыңдаушы Жұматай Айгүл таныстырып өтті. Моншақтармен шебер жұмыс жасауды Мақсұт Бисара айтса, Бердібек ағаштан орындық жасап көрсетті. Ал Нәбиолла Гүлсайраш жіптен түрлі бұйымдар тоқуға болатындығын айта кетсе, Мәзет Жәудет тастардан, моншақтардан керекке аспай қалған заттардан түрлі бұйымдар жасауға болатындығын көрсетіп берді. Ал Кәдірхан Мақсат электр энергияны үнемді пайдалану бағытындағы жобасын ұсынды. «Жас талап» үйірмесінің мүшелері жасаған бұйымдар 11 сәуірде ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге шығарылды. Тағы да осындай жәрмеңкелерге шығару көзделіп отыр. Жаңадан қадам жасаған «Жас талап» үйірмесіне табыс тілейміз. Өнерің өрге жүзсін «Жас талап».
ЖОО-ға дейінгі дайындық факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары:
Ибрагимова М.Н., Ембергенова Қ.Р., Мужигова Г.М.