ҒАСЫРДА БІР ТУАТЫН ДАРАБОЗ
«Ғасырда бір туатын дарабоз» деген тақырыпта Философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық кафедрасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. Кешке ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы Мақатаев қатысты. «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 1,2,3 курс студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқау, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінен көрініс қою секілді өнерлерін паш етті. Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына арналған викториналық сұрақтарға тапқырлықпен, белсенділікпен жауап беріп, сыйлықтарын алды. Кешті жалпы және этникалық педагогика кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасары Мукашева А.Б., псих.ғ.д., профессор Мадалиева З.Б., аға оқыт. Рамазанова С.А. оқыт. Мухатаева Д.И., ассистентер: Ертарғынқызы Д., А.В. Вишневская ұйымдастырды. Кеш соңында ақынның ұлы Ж.М. Мақатаевқа сөз беріліп, лебізі тыңдалды. Студенттердің өнерін тамашалауға келген философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық психология кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары псих.ғ.к., доцент Жұбаназарова Н.С., пед.ғ.д., профессор Пузикова С.М., псих.ғ.д., профессор Мадалиева З.Б. ақынның шығармашылығына қысқаша тоқталып, студенттерге алғыстарын білдірді.
Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының ассистенті
Ертарғынқызы Д.