“Көктем жыры” кеші
2014 жылдың сәуір айының соңында мемлекеттік тіл кафедрасының “Ұтқыр ұрпақ” тілдік-танымдық кезекті іс-шарасы “Көктем жыры” атты тақырыпта журналистика факультетінің 2 — курс студенттерінің жыр мүшәйрасына арналды. “Көктем жыры” деп аталу себебі де түсінікті, студент жастардың көктем, ана, гүл, сағыныш, махаббат, сезім туралы өлеңдерін тыңдарман қауымға өз оқуында таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айгүл Орынбаева, Нұргүл Махамбетиярова, Файзолла Олжас, Ақтілек Төленді, Нұрбек Нұржан, Құдайберген Арман сияқты жастар өз өлеңдерін оқыды. Балауса сезімдерін жыр жолдарына түсірген студенттердің қадамына қызыға қарап, шығармашылық сәттілік тіледік. Жыр кешінің соңында әуесқой композитор әрі журналистика факультетінің 2-курс студенті Дәуір Сағындықовтың “Ай мүсін” атты әні өз орындауында шырқалып, көктем жырларын биіктете түсті.
Шыныбекова Айгүл
филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
мемлекеттік тіл кафедрасының доценті,
филология ғылымдарының кандидаты