Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаздық еткен жалықпас,  үйретуден балаға.-

Абай.

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»-дейді дана халқымыз. Солай, сол қиындықтардын тайсалмай өтіп, табаны күректей 52 жыл ұрпақ тәрбиесі жағында еселі еңбек ету қиынның қиыны болса, бұған төзген батырдың батыры емей немене?!

Ұлы ұстаз-өзі біртұтас әлем. Сондай ұлы ұстазымыздың бірі осы қасиетті қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстазымыз, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор-Төреғали Қаратайұлы Қаратаев ағамызды ерекше айтып кетуге болады. Ол ағамыз әркез ізденісін тоқтатқан емес. Ерекше дара тұлға. Кеудедегі алтын сандықтың ақтарылған алтын сөздің сан шәкірттің жүрегінен орын тауып, сабақ алған шәкірттердің келесі күнге асығып жүргенін көргенбіз. Үлкен жауапкершілік пен төзімділікті, даналық пен даралықты керек ететін ауыр өмір кемесінде 52 жыл қызмет еткен дара тұлғаға бас имеске болама?!

Білім жолындағы оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды білім нәрімен сусындатып, оқытып қана қоймай, өмір тәрбиесін бірге жүргізген ұлағатты ұстазымыздың еңбегіне ақ шалған шашы мен орқыш-орқыш өмір жолындай көрінетін әжімдері куә!

 «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,-дейді біздің ұлыларымыз, рас ұлағатты ұстазымыздың қасиетті қара жердей жомарт пейілін, шет-шегі жоқ көк аспандай көңілін көріп, аққан дариядай ақылынан сусындаған сан шәкірті сан белеске шықты, сан адамға үлгі болды. Мүмкін, оларға ұлы ұстаздың жақсылығы мен киесі қонған болар. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әртүрлі тәсіл керек, біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр, ал біреуіне ақыл жүрмейді, мінезіне қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілті болса ғана ашылады. Ал ұстаздарымызда әр кез осы кілт болуы шарт. Адамның жан дүниесін түсініп, ешкімді ренжітпей, қателігін сездіре білу- бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек, сондықтанда дана ақын Абай:

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»,-деп терең мағыналы өлең жолдарын қалдырған.

Тағы да ұлы Абай: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»,-деген.

Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе! Мен өзіңізді ұстаз ретінде де, қызыңыз ретінде де үлгі тұтамын.

 «Шәкірттерін азамат қылып, саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы ұстаз мына өмірде,

Ұлағатты ұлы болып қалады» — деп ақындарымыз жырлағандай, ұстаз алдында әрбір адам қарыздар болып өтер-ау! Бастысы сіз аман болыңыз, еңбегіңіз жана берсін, денсаулығыңыз мықты болсын,- деп тілек білдіргім келеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

аға оқытушылар: К.Р.Ембергенова, Ж.К.Дауытова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники