Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Ұлағатты ұстаздар ордасы

80-жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Ұлағатты ұстаздар ордасы» деп айтуға тұрарлық. Университетімізде білікті де білімді, өз пәнінің мамандары жұмыс атқарады. Олар кез-келген пән бойынша білім берудегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың бағыттарын табысты және белсенді дамытуда.

ҚазҰУ-дың Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетел тыңдаушыларына, соның ішінде шетелден келген қандастарымызға білім беруде жоғары нәтижеге ие.  Факультетіміздің міндеті – тыңдаушыларды  біліммен сусындатып қана қоймай, олардың көзі ашық, зиялы, адамгершілігі мол, жауапкершілікті мойнына ала білетін тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу.

         Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қандастарымызға қазақ тілін меңгертуде кез-келген пән бойынша жаңа  технологияларын қолдану әдісін өте тиімді пайдалана біледі. Қазақ немесе орыс тілдерін түсіндіруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқытушының уақытын үнемдейді және тыңдаушыға сабақты оңай түсінуге мүмкіндік беретіні айдан анық. Сондықтан оқытушылар өз сабақтарында компьютерлік технологияларды үздіксіз қолдануда. Оған университетіміздің әр факультетті техникалық жабдықтармен үнемі қамтамасыз етіп отыруы да өз көмегін тигізеді.

Бұл кафедраның тағы бір ерекшелігі тыңдаушыларға кәсіптік бағдар бере отырып, кешенді тестілеуге дайындайды. Тыңдаушылардың жоғары балл жинап, Жоғары оқу орындарына неғұрлым көп түсуі – бұл кафедрамыздың ұстаздарының білім берудегі сапасын көрсетеді. Осылайша ұстаздарымыз тыңдаушыларға сапалы білім беру үшін  жаңа технологияларды үздіксіз пайдаланып отырады.

Осы орайда тыңдаушыларымыздың университет ұстаздары жайлы пікірлеріне тоқталып өтелік. Қытай Халық Республикасынан келген қазақ диаспора өкілі, қандасымыз Жұматай Айгүл: «Мен Қазақстанға келгеніме, осы ҚазҰУ-дың дайындық факультетінде оқып жатқаныма мақтанамын. Мұндағы оқытушылар жан-жақты деп айтсақ артық айтпаймыз. Сапалы білім де береді, тыңдаушылармен тәрбие жұмыстарын да атқарады, ғылыммен айналысуға да үлгеріп жатады»,-деп өз ойын жеткізді. Ауған Ислам Республикасының азаматшасы Карими Адиба: «Біздің Қазақстанның ең алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі – ҚазҰУ-да білім алып жүргеніміз екі ел арасындағы достастық пен халықаралық ықпалдастықты көрсетеді. Мұнда бізге білім алу үшін барлық жағдай жасалған»,-деуі де бекер емес.

Біз де «Ұлағатты ұстаздар ордасы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды оқып, бітіріп, сол ұстаздардан сапалы білім алып шығып, қазір осы ұстаздардың ортасында өзіміздің оқытушылық қызметімізді шыңдап жүргенімізді мақтан тұтамыз.

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушысы Ибрагимова М.Н.,

ассистенті Мужигова Г.М.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники