Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Ұлы достықты ұлықтаған білім ордасы

Без-имени-1Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік бола бастаған сайын, мемлекет аралық қатынастар кеңейіп, Қазақ елі әрдайым Ұлы істердің басынан көрінуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Ауған Ислам Республикасына материалдық және рухани көмек көрсету мақсатында, 2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңЖОО-ға дейігі білім беру факультеті ауған жастарыноқытуды міндетіне алды.

Қазіргі таңда дайындық бөліміндегі тыңдаушылардың басым бөлігін ауғанжастары құрап отыр.Осы жылдар аралығында бiлiктi де бiлiмдi, тәжiрибелi ұстаздардан ауған жастары бiлiм алуда.

Қазақстанға алғаш келген күннен бастап, осы елге тез бейімделулері үшін факультет оқытушылары,әр уақыт ауған тыңдаушыларымен бірге болып, қандай жағдай болмасын көмектесіп отырады. Студенттерге қажетті білім беріп қана қоймай, әрі қарай Қазақстанның ЖОО-да мамандыққа байланысты оқуларын жалғастырулары үшін жағдай жасап, көп көмек көрсетуде.

Аласапыраннан көз ашпаған ауған елінің жастарын бірден қалыпқа түсіру оңай емес. Оларды бейбіт өмірге бейімдеп, мамандықтар алуына көмектесіп, білім — ғылымға ұмтылдыру мақсатында ЖОО-ға дейiнгi дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы тәрбиелiк, тәлiмдiк мәнi зор iс-шараларды, мәдени-танымдық саяхат сабақтарын, кәсiби бағдарлықбейiндiк сабақтарымен қатар, әртүрлi тақырыптар аясында шығармашылық байқауларды өткiзiп, ұйымдастырып тұрады. Қазақ тілін үйретумен қатар Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі жайында көп мағлұматтар беріп, бір ай ішінде өз өнерлерін жетілдіріп, қазақ тілінің көркемділігін, бай сөздік қорын, қазақ ақын-жазушыларының шығырмалары арқылы сөйлеу шеберліктерін шыңдап, қазақтың ұлы ақыны Абайдың, Мұқағалидің өлеңдерін жатқа оқудан Ауған тыңдаушылары сайысқа түсіп өз өнерлерін ортаға салды. Елімізде аталып өтетін мерекелерге байланысты мәдени шараларға жиі қатысып отырады. Сабақтан тыс осы елдің өнерін, мәдениетін, өткені мен қазіргі қалпын таныстыру мақсатында мұражайларға, театрларға және Алматы қаласының төңірегіндегі Медеу, Көктөбе, Есік көліне т.б. ғажап жерлерге саяхаттар жасалып тұрады. Студенттік конференцияларға қатысып, білім-біліктеріншыңдай түсуде. Осылайша ауған жастары ұстаздардың жетекшілігімен үздіксіз алға ілгерілей бастады.

ЖОО-ға дейінгі білім беру

 кафедрасының оқытушалары

Б.И.Досанов, Ж.П. Касымова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники