Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Аудармашы Т.Сәукетаевпен кездесу

SAM_20592014 жыл 30 сәуірде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубында белгілі аудармашы Тұрысбек Сәукетаевпен шығармашылық кездесу өтті. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Әнуар Тарақов аудармашы  шығармашылығы туралы кіріспе сөз сөйледі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Тілепов әдебиет, аударма өнері  туралы ойларын аударма шығармашылығымен ұштастырды. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к., доцент Е.Кәрібозов аударма туралы пікірлерін ортаға салды. Факультеттің 2 курс студенті Жұмашев Абылайхан өз өнерін көрсетті.

Тұрысбек Сәукетаев ҚазҰУ-ды 1970 жылы бітірген. 19751989 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы аударма фильмдер бірлестігінде қызмет атқарған. 19891999 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. Аудармашы Тұрысбек Сәукетаевтің «Ұстаз» деп аталатын алғашкы өлеңі 1965 жылы Күршім ауданы «Коммунистік еңбек» газетінде жарияланған. Кейіннен «Сүткенже» (1981), «Айлы түн еді» (1983), «Қайыңдар, аппақ қайыңдар» (1985), «Көлеңкелер патшалығы» (1998) сынды прозалық кітаптары мен «Ай караңғысы», «Желқайық» романдары баспа бетінде жарық  көрді. Тұрысбек Сәукетаев Ги де Мопасанның новеллаларын, Голда Мерейдің «Менің өмірім» атты ғұмырнамалық повесін, екі жүзден астам сценарийлерді тәржімалаған. Аудармашы  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атағын 1999 жылы иеленді.

 Шығармашылық кештің қонағы аударма тәжірибесі жөнінде ой бөлісті. Аудармашының көркем аударманың қыр-сыры, қиындығы мен ерекшелігі туралы әсерлі әңгімесі болашақ аудармашыларға берген ақыл-кеңестері студенттерде ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ аудармашыға керек қасиеттерді де атап айтты.

 «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының жетекшісі, доцент Л.Мұсалы аудармашыға студенттер атынан алғыс білдіріп, кездесуді қорытындылады. Кездесу болашақ аудармашылар үшін қызықты да пайдалы болды.

Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының

аға оқытушысы Жапарова А.Ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники