«Бабалар аманаты» атты дәстүрлі ән-жыр кеші
2014 ж. 30 сәуір күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы (ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Акт залда) концерт берді.
Университетіміздің мерейтойына арналған «Бабалар аманаты» аталатын ән-жыр шашуы арқылы отансүйгіштік қасиет дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларымызды дәріптеу, насихаттау және әрине жақсы көңіл күй сыйлау көзделді. Өнерпаздар бабалардан жеткен ең таңдаулы толғау жырларды, әсем ән мен күмбірлеген күйлерді орындады. Халықтың бай рухани мұрасын әлемдік деңгейде насихаттап жүрген танымал өнер майталмандары мен олардың шәкірттерінің репертуарында қазақтың әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындылары орындалды. Концерттік кешімізге қатысқан өнерпаздар: Халық әні кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы Ұ.Байбосынова, ҚР еңбек сіңірген артисі Б.Қожабаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Р.Жұмадилова, Е.Мустафаев, Е.Шүкіманов, А.Қосанова, ҚР мәдениет қайраткерлері М.Әбуғазы, А.Исатаева, Халықарлық, республикалық байқаулардың лауреаттары А.Ахатов, Т.Құрманғалиев, Э.Қарабалина, т.б.
Осы мерекелік кешіміздің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан оқытушы ұстаздар, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеттерінің деканы Ж.Жаппасов, философия және саясаттану факультетінің доценті П.Сүлейменов, шығыстану факультетінің аға оқытушысы Ә.Рысбаев, филология факультетінің доценті Ш.Рамазанова, аға оқытушылары А.Бисембаев, Б.И.Досанов.
«Бабалар аманаты» атты кеш студенттерге дәстүрлі ән-жыр, күй, терме толғауларымызды дәріптеу, қазақ мәдениетінің ерекшелігін тағы бір көрсетті. Сонымен қатар қазіргі жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бірден бір септігін тигізері анық.
ЖОО-ға дейінгі білім беру
кафедрасының оқытушалары
Б.И.Досанов, Ж.П. Касымова