ТІЛ – БІЛІМ, ТӘРБИЕ ТҰҒЫРЫ
Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесінің ашылу салтанатына орай 22 қыркүйек күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен университет деңгейінде «Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты жыр мүшәйрасы өткізілді. Бұл мүшайраға «Қазақ филологиясы» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 1 курс студенттерінің отыздан астам өлең-жырлары жолданып іріктеуден өткізілген еді. Әйтсе де, ақтық сайысқа он бес жас ақын қатыстырылды. Мүшәйраға филология ғылымдарының докторы, профессор, Берікбай Сағындықұлы, доцент Салтанат Иманқұлова, университеттің тәрбие жөніндегі департаментінің қызметкері Әлия Тұрмаханбетова және жас ақын Башар Тұрсынбек әділқазы алқасы ретінде тағайындалды.
Жыр мүшәйраны филология ғылымдарының докторы, профессор, факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы ашып, мерекемен құттықтады. Мүшәйрада таласқа түскен ақындар өз өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көкіректе жүрген ойларын жыр жолдары арқылы білдіріп жатты. Сонымен қатар, мүшәйрада студенттердің күшімен дайындалған патриоттық әндер, қазақ билері, сондай-ақ күйлер де нақышына келтіріле орындалды.
Жыр мүшәйраны қорытындылай келе, сайысқа қатысқан кейбір ақындарымыз «Еңбекқор ақын», «Лирик ақын», «Тіл жанашыры», «Отансүйгіш ақын», «Ұшқыр ақын», «Ойшыл ақын», «Жас ақын», «Көрермендер көзайымы» атанса, бірінші орынды – Үмітхан Қонысбекқызы, екінші орынды – Cаягүл Бірлесбек, Аяулым Тойбазар, үшінші орынды – Бауыржан Майтай мен Айдын Тіллабектер иеленді. Осы жоғарыда аты аталған жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсімін профессор Б. Сағындықұлы жүргізіп, жас ақындарға ризашылығын айтып, өнерлерін ары қарай шыңдай берулеріне тілектес екенін білдірді.
«Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты жыр мүшәйрасы өте мазмұнды да қызықты болып өтті.
Қазақ тілі білімі кафедрасының доценттері Ш. Рамазанова; Ә.Әміров ,