Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ЖҮРЕКТЕН ШЫҒАР ЖЫЛУЛЫҚ

       «Жүректің таза болғаны – жамандықтың қаза болғаны»,- деген екен ата-бабаларымыз, игілікті іс жасау – ізгі жүрек ісі. Демек әр адам жеке тұлға және ол жүрегіне жақсылық ұялатып, айналасын нұрландыру үшін өзінің мүмкіндіктері мен міндеттерін толық және дұрыс атқаруы тиіс. Жастарымыздың жанына нұр құятын, ізгілікке баулитын, бір-біріне қолұшын беруге дағдыландыратын, адамгершілікті асқақтату мақсатында жасалып жатқан жобалар аз емес. Соның бірі — көпшілік қолдауына ие болған университетіміздің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік жобасы.
Аталған жоба аясында 2015 жылдың 2 ақпанынан 18 сәуірі аралығында университет деңгейінде тілдік кафедралар арасында байқау өткізілуде. Осы байқауға 2015 жылдың 12 ақпаны күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Жүректен шығар жылулық» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны қазақ тіл білімі кафедрасының доценттері С. Ақымбек, Ш. Рамазанова, Н. Егізбаевалар ұйымдастырды. Алғашқы қадамды студенттер мейірімділік мерейі, жақсылық жылуы жайында эсселер жазды. «Үздік эссе» байқауын осы кафедраның доценті Б. Құлжанова өткізіп, кеште көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, шуақты шаралар шеруі Алматы қаласындағы «Ардагерлер үйінде» жалғасты. Алдымен бағдарлама бойынша акт залында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2–курс студенттері дайындаған «Ардагерлерді ардақтайық!» тақырыбында кеш өткізілді.

1

      Кеште студенттер өз өнерлерін ортаға салып, қарттарымызға әсем ән мен тәтті күй сыйлады. Бүгінгі ұрпаққа мәнді де мағыналы өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың аруағына тағзым етіп, ардагерлерімізге арнайы дайындалған дастархан жайылды. Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған студенттерге ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

2

     Мен тілеймін,жарқыным, сен де тіле,
Орнасын де жақсылық жер бетінде,-

деп М.Мақатаев жырлағандай, жақсылық пен жамандық қатар жүретін бұл өмірде ізгілік дәнін cебе жүруді әрқашан естен шығармасақ екен. Енді соңғы «Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде жүргізген іс-шарамыздың қорытынды байқау кешінде студенттер адамдар арасындағы сыйластық, қамқорлық, адалдықтың құндылығын өз өнерлерімен тағы бір дәлелдеп өтті. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенттері Сейітова Бағдагүл, Жұмағұлов Жандарбек «Ізгілік шапағаты» тақырыбында өздері шығарған өлеңдері мен Қонысбекқызы Үміт, Садық Ақбота, Бекен Орынбасар салған әндер мен құлақ құрышын қандыра орындаған күйлерін көрермендеріміз ризашылықпен тыңдады. Сонымен қатар студенттеріміз Әлімбаева Гүлзат, Аманбай Қадір, Айтпай Айдана, Алибаева Жансая, Балабекова Саниялардың «Безбүйрек болып барамыз…» тақырыбында қазіргі кезеңде қоғамымызда белең алып отырған келеңсіз құбылыстарды сынау мақсатында көрсеткен көріністері көрермендерге ой салып өтті. Бұл «Айналаңды нұрландыр!» жобасының маңыздылығына тағы бір дәлел болғандай.
Осы кешті жүргізген Оразхан Ақтолқын, Жолшыбек Бекжан және кештің өтуіне өз өнерлерін ортаға салған студенттеріміз Дүйсен Мерей, Жүсіпбек Назерке, Құсбекова Алия, Жомартова Назерке, Оңласынова Назерке, Қуанешова Ұлдана, Орысбаева Назым, Бурабаева Жұлдыз, Дүйсекешова Сәнімдерге алғысымыз шексіз. Өнерде қанаттарың талмай, өрге жүзе беріңдер, әрқашан айналаларың ізгілікке толсын.

3

               «Айналаңды нұрландыр!» — ол, адам бойындағы қуат пен рухтан бастау алатын барлық игі істердің қайнар көзі. Рухтың мекені – адамның жүрегі. Махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік осының бәрі жүректен шығады. Абай да барлық адам бойындағы сезімдердің тізгінін жүрекке тапсырғаны. «Айналаңды нұрландыр» – дәстүрді дамытушы ғана емес, жанымызды тазартып, айналаны нұрландыратын бірден-бір бірегей бағдарлама.

Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Шайгүл Әмірғалиқызы,
2 курс студенті Әмина Мухамет

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники