Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

ТАРИХ — ҒАСЫРЛАР КУӘСІ

     Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында оқитын қазақ диаспора өкілдерінің тыңдаушылары арасында «Тарих — ғасырлар куәсі» атты сайыс кеші өтті.

     «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей, бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.

     Тарих ғасырлар куәсі атты сайыс жеңімпаздарыҚазақ хандығының ең алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне міне 550 жыл толып отыр. Бұл оқиға — қазақ халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Ол ұлан — байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Ата-бабаларымыз бірлік, ынтымақтастық, тұтастықтықтың «ұлы үлгісін» көрсетті. Біз осы ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша күрескен жеріміз үшін жасаған ерліктерін жастарымызға насихаттап отыруымыз қажет. Сондықтан да тыңдаушылардың танымдарын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Тарих – ғасырлар куәсі» атты сайыс түрінде өткізілген шара ұйымдастырылды.

     Тарих ғасырлар куәсі атты сайысСайысқа алдын-ала он тыңдаушы іріктеліп алынды. Әрқайсысының реттік саны белгіленді. Сайыстың ережесімен жүргізушілер таныстырып өтті. Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар, суреттер мен карталар бойынша сұрақтар қойылды. Тыңдаушылар белсенді ат салысып, өз білімдерін көрсетті. Өз ойларымен бөлісті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Бұл іс-шара тыңдаушылардың тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіруіне, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар алуына ықпалын тигізді деп ойлаймыз.

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушысы Ибрагимова М.Н.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники