Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

ҚАРТТАР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ!

Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы. Қарттар үйі… Бұл – қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Біз – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2-курс студенттері қазақ халқының ұлттық мерекесі Наурызға байланысты «Наурыз-Көктем» атты концерттік бағдарламамен Алматы қаласы Мамыр-7 ықшам ауданында орналасқан «Ардагерлер үйіне» бардық. Ол жерде жырдан шашу шашылып, ән айтылып, би биленді және өзіміздің аздаған сыйлықтарымызды, тәтті дәмдерімізді алып бардық. «Мұндағы әр ата-әженің тағдыры бір дастан, жазылмаған тарих, өшпес өнеге. Қазір бұл үйде 320 адам өмір сүріп жатыр. Олардың 50-ден астамы қазақ қарттары.
Наурыз мерекесі болғандықтан бар ниетіміз, ардагерлердің көңілін көтеріп, бір жасарту болатын. Бұл ойымыз толығымен орындалды. Шағын көріністен басталған концерттік бағдарламада әнмен қатар тәттіден де шашу шашылып, қарттарды бір қуанттып қойғанымыз бар. Би билеп, өзіміздің жақсы тілектерімізді айтқанда көздеріне жас алып, шапалақтарымен алғыстарын, қуаныш сезімдерін білдіріп отырған қарттар, «ҚазҰУ жастары» деген көңілді ән айтылғанда, орындарынан тұрып билеп, өздерінің жан дүниесінің әлі де жас екенін көрсетті. Мерекелік бағдарламаның соңында бәріміз қарттармен қосыла билеп, көңіліміз бір көтеріліп қалды, естелікке суретке де түсіп, дана қарттарымызға «сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, шаттық сыйлау үшін қайта келеміз» деп уәде беріп, қимастықпен қоштастық. Қарттардың есінде біз туралы тек жақсы естеліктер қалсын деп, арнайы наурыз мерекесіне арналған торттан, тәттілерден дастархан жайып бердік.
«Ардагер» деген атауы бар «сыйлы» үй болса да, шынтуайтына келгенде, кәрілік келгенде жетімдік күйін кешкен жарымжан жандардың баспанасы деуге болады. Мұндағы әр қарттың жүзінен мұң, көз жанарынан ешкім ұға білмес қаяуды көруге болады. Қарттық келгенде жас күніндегі бейнеттің зейнетін көріп, немере иіскеп, жылы үйде өмір сүргенге ештеңе жетпейді. Мемлекеттің төрт уақыт берген тамағы да, жәрдемші болған жандар да, өзі секілді тағдырдың тауқыметін тартып жатқан замандастарының әңгімесі де өз үйіне жетпейтіні хақ. Сондықтан біз студент жастардың Ардагерлер үйіне барып, қарттарға бір уақыт бөліп назар аударғанын қалаймыз. Қартың болса жазылып қойған хатпен тең, сол «Алтын кітапты» қадірлеу, оқып, ақыл сұрап, назар бөлу бәрі біздің қолымызда. Алайда, тіршіліктің тауқыметін сылтау етіп, көз тоймайтын құнсыз дүниеге құныққан бүгінгі жастар «қаусаған қасіретті қариялармен» санасар ма?!

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығының 2-курс (1 топ) студенттері
Батырбек Эльмира, Мамыр Айдана

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники