ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
2015 жылы 21 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай институты базасында қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы кафедрасы және аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы бірлесіп «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге көрнекті түрік ғалымы, белгілі тарихшы, Ходжатеппе университеті Ататүрк ұстанымдары және қазіргі тарих институтының жетекшісі, профессор Мехмет ДЕРБІШ мырза қатысты. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің профессорлары, әдебиетші ғалымдар Жанғара Дәдебаев, Зұфар Сейтжанов, Зинол-Ғабден Бисенғали, Әнуар Тарақов, Қанипаш Мәдібай, доценттер Ф.Бисенбаев, Ш.Шортанбаев, Л.Мұсалы т.б. қатысты. Мәжілісте түркі дүниесіне ортақ құндылықтар мәселесі, атап айтқанда, б.д.д. 330-327ж.ж. (ІҮ ғасыр) «Шу» дастаны, «Шахнаме» дастандарындағы ортақ мотивтер туралы сөз болды.
Мәжілісте сөз болған мәселелердің қазіргі жаҺандану жағдайында әдебиеттер байланысы арқылы түркі халықтарының бірлігін нығайту, рухани жақындығын, ортақ құндылықтарын жаңғырту тұрғысынан өзектілігі жоғары болды.
Мұсалы Л., Шортанбаев Ш.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология,
әдебиеттану және әлем тілдері
факультетінің доценттері