Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ҰЛТЖАНДЫ ҚАЙРАТКЕР — ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары университеттің барлық факультеттерінде сабақ жүргізеді. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасу үшін әлемге әйгілі ҚазҰУ-тін таңдап келген студенттердің басы біздің факультетте жиналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетке тек  талапты, ақылды әрі тапқыр болашақ студенттер келеді. Сондықтан университеттің оқытушыларына бұндай білімге құмар жастармен жұмыс істеу әрдайым қызықты және тиімді.

          Біздің ойымызша, мемлекет және қоғам қайраткері, экономист-ғалым Жұмабек Ахметұлы Ташеневтың 100 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел де студенттердің белсенділігінің арқасында мазмұнды және танымды өтті. Студенттер, Ж.Ташеневтың өмірі мен қызметін баяндайтын  зерттеулер, ғылыми және публицистикалық мақалалар, фотоқұжаттармен танысып, өз ойларын ортаға ұсынды. Пікір алмасу барысында түйгендері: белгілі азамат Қазақ КСР саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірген. Ұлы тұлға Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі орталықтағы басшылардың ұсыныстарына тойтарыс берген. Сонымен қатар, тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шыққан.  Жұмабек Ташенев Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Ол, шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында «қазақ ауылын» құрды деп айыпталды. Ж.Ташенев «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан, «Социалистік Қазақстан» газетін «Казахстанская правданың» аудармасы етіп шығарылуға қарсы пікір айтып, қазақ газетін корғап алған басшы. Нағыз патриот, ұлтжанды азаматты кеңестік жүйе  «Ұлтшыл» деп айыптап, Компартияның бірінші хатшысы Н.С. Хрущевтың нұсқауымен жоғарғы биліктегі қызметінен босатылып, Шымкентке жұмысқа ауыстырылды.

Студенттердің пікірінше, дөңгелек үстел аясында Ж.Ташеневтің өмірі мен қызметіне бағытталған өзекті мәселелер талқыланды, белгілі тұлғаның  туған халқы үшін жасаған ерлігі барлық қазақстандықтар үшін үлгі-өнеге. Себебі,  Жұмабек Ахметұлы Ташенев жоғары билікте болып, ол – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған қайраткер – халқының жанашыры, ел үшін адал еңбек еткен, әділетті және батыр азамат ретінде қазақ халқының есінде қалды.

 

                                                            Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

                                       Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары:

                                                   А. Ахметжанова, Н.Тасилова, М.Байдаулетова,

                                      М. Өскенбай, Ғ. Искакова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники