Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Құрметті зиялы қауым!Қымбатты әріптестер!

Абай2016 жылы 14 маусым күні сағ.14.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» басылымының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Абайтану ғылыми-зерттеу институтының «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында жарық көрген бұл құнды кітаптар қазақ руханиятының  зор игілігіне айналмақшы. Абайтану ғылымының тарихындағы бүкіл зерттеу еңбектер жүйеленіп, жинақталған бұл онтомдық қазақ әдебиеттануы, абайтануы тарихындағы ірі әдеби оқиға, айтулы белес болып отыр.

Тұсаукесер рәсімі аясында Абай институтының ресми сайты (http://www.abai.kaznu.kz/), сондай-ақ, институттың ғылыми жобасы аясында жарық көрген басқа да еңбектер жөнінде ақпарат беріледі.

Сіздерді «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» (Алматы: Қазақ  университеті, 2015-2016) басылымының тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.

Өтетін уақыты: 14 маусым, сағ. 14.00

Өтетін жері: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті,  Абай ғылыми-зерттеу институты, 310 аудитория

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники