Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жаңа кітаптар

Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың филология және әдебиеттану факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың тұсакесер рәсімі өтті.

Атап айтқанда, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында орындалып жатқан «Қазақстандық аударматанудың әлемдік мәдениетаралық кеңістіктегі заманауи мәселелері: интеллектуалдық әлеуеті және даму болашағы» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында жарық көрген «Аударматану бойынша библиографиялық көрсеткіш» атты қосымша оқу құралы, «Аударматанудың заманауи мәселелері» атты ғылыми монография, «Аударматану терминдерінің сөздігі» атты оқу құралдарының, сондай-ақ, кафедра меңгерушісі, PhD докторы  Д.А.Қарағойшиеваның «Шетел филологиясына кіріспе» және филология ғылымдарының докторы, доцент Л.Мұсалының «Символ-бернелеу және оның көркемдік қызметі», «Аударма практикасы» атты кітаптары таныстырылды. Бұл кітаптардың болашақ аударматанушылар мен филологтар үшін пайдалы болатындығы даусыз.

Баспаның жетекші ғылыми қызметкері Сәуле Жылқыайдарова бұл басылымдар сұранысқа ие болған кітаптар екенін айтып, баспа қызметтері жөнінде мәлімет берді.

 

И.Азимбаева, ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники