Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ширек ғасыр

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын заңды түрде мерекелеу қаулысына сәйкес 2016 жылдың  желтоқсан айында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Д.А. Қарағойшиева, М.А. Жанабекова, Г.С. Сулейменова және М.С. Оңғарбаевалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Ұлы Дала елінің тәуелсіздігіне – 25 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа білім және тәрбие беру барысында халқымыздың жылдар бойы армандаған тәуелсіздігін сақтауға, оны жұмыла нығайтуға, осы жылдар аралығында  қолы жеткен жетістіктерін бағалауға, бұқаралық ақпараттық құралдар  арқылы еліміз танылған жақын және алыс шет елдерде де  кеңінен жария етуге ат салысу. Сонымен қатар ҚазҰУ оқытушылары ұжымындағы ұйымшылдық қарым-қатынастың  маңыздылығын арттыру және жан-жақты кәсіби білім деңгейін көтеру, кафедраның  білім және тәрбие ісін жандандыру болып табылады.

Аталмыш дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында алғашқы сөз филология және әлем тілдері факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдіманов, деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., доцент Кенжетай Күркебаев және деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., доцент Ерхан Карбозовтарға берілді. Олар елімізде мерекеленіп жатқан тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына  «Шетел филологиясы» мен «Аударма ісі» мамандықтары түлектерін дайындайтын кафедра ұжымының ұйымдастырып отырған тарихы терең, тәлімдік-тәрбиелік мәні зор салтанатты іс-шарасын ашып, еліміздің тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде жеткен табыстары мен жетістіктеріне тоқталып, оның ішінде оқу үдерісінде көтеріліп отырған мәселелерінің болашақ ұрпақты тәрбиелеуде  маңызды қадам екенін айрықша атап  өтті.

Дөңгелек үстел үш кезең бойынша жүргізілді.  Алғашқы кезеңде кафедра оқытушылары дайындаған еліміздің  тәуелсіздігі  жолында  күресіп, ел-жұртының  тәуелсіздігін аңсап өткен  кешегі арыстарымыздың  өмірінен  көрініс көрсетіліп, слайдтық бейнебаянның көрсетілімі ұйымдастырылды.

Екінші кезеңде Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған Елбасымыздың татулық пен ел бірлігі саясаты жөнінде кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы Әнуар Тарақтың пікірі тыңдалды. Ол өз сөзін Тәуелсіздікке  оңайлықпен қол жетпегенін  түсінгендей әсерде аяқтады. Кафедра қонақтары қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары Нұрлан Сағындықов пен Шохан Шортанбаев тарихтан тағлым аларлық  оқиғаға байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шараға өз ризашылықтарын білдіріп,  сол  уақытта ел  басынан өткен қилы-қилы  кезеңдерді бір сәт еске түсірді.

Соңғы кезеңде кафедра оқытушылары тәуелсіздіктің жеңісі мен жемісі арқасында жас ұрпақтың  қазіргі таңда қоғамдық өмірдің  барлық  саласында  қол жеткізген  артықшылықтарын өз сөздеріне арқау етті. Осылайша іс-шарада айтылған ой-пікірлер нәтижесі бәрімізге  Тәуелсіз ел болып өмір сүру дегеннің баға жетпес  қадір-қасиеті бар екенін ұғындыра түскендей болды. Қорытынды бөлімде  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Данель Қарағойшиева дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға және келген қонақтарға алғысын білдіріп, қатысушыларды  Тәуелсіздіктің ұлық мерекесімен құттықтады.

 Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары

                                 М.А. Жанабекова, Г.С. Сулейменова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники