«Абайтану» біліктілікті арттыру курсы
Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында орта мектеп мұғалімдеріне арналған республикалық «Абайтану» біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Курсты Абай ҒЗИ және ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырды.
Біліктілікті арттыру курсында ҚазҰУ-дың абайтанушы профессор- оқытушылары Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, З.Бисенғали, М.Үмбетаев, Д. Әлкебаева, С Жусанбаевалар дәріс оқыды.
Курс барысында дәріскерлер төмендегі тақырыптар бойынша дәріс оқыды: «Абайтану ғылымы: тарихы, кезеңдері»,»Абай шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері», Абайдың «Қарасөздері», «Абайдың герменевтикалық көзқарастары», «Абай өлеңдерін семантикалық талдау»т.б. Сонымен қатар тыңдаушыларға «Абай институтының вебсайты және Абай ҒЗИ-дің «А.Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында басылған 10 томдық таңдамалы еңбектер арнайы таныстырылды.
Қазақстанның әр аймағынан, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданынан келген Г.Ахметчанова, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан З. Сагидуллаева, Жамбыл облысы Жуалы ауданынан Е.Сүлейменовна, Қарағанды облысы Шет ауданы Р.Тойымбекова т.б мұғалімдер ғылыми-әдістемелік семинарға белсене қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Тыңдаушылар «Абайтану пәнін оқыту мәселелері» тақырыбындағы тәжірибе алмасу сағаттарында өздері таңдаған тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік презентация жасады, үздік деп танылған жұмыстар Абай институтының сайтында жарияланатын болады.
«Абайтану» біліктілікті арттыру курсы еліміздің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдердің тәжірибе алмасып, білімі мен біліктілігін арттыруға үлкен септігін тигізгені айқын.
Л. Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті
Б. Баязитов, Абай ҒЗИ қызметкері