Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА ЕҢ ҚАЖЕТТІ МАМАНДАР

Біздің қазіргі қоғамымыз түрлі өзгерістер ғылым саласында өз білімдері мен құзыреттіліктерін ұштастыра, еңбек нарығында тез бейімделе алатын, әлеуметтенген, жауапкершілігі мол,  белсенді мамандарды қажет етеді. 

Қазіргі таңда «Педагог-психолог» мамандығына ие болған түлектер қоғамға ең қажетті мамандардың бірі болып саналады, өйткені олар педагогикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен қатар қоғам мен өскелең ұрпақтың психологиялық мәселелерін де қарастырады.

Бізідің қоғамымызға және заманауи педагогикалық практикаға ғылыми педагогикалық, психологиялық білім енгізусіз іс-әрекетімізді заманауи мәдени талаптарға сай сауатты, тиімді ұйымдастыру мүмкін емес. Педагог-психолог жасөспірім кезінде, әсіресе екіжүзділік, өтірік, мәжбүрлеу сияқты жат қылықтарды жек көретін жас жеткіншекпен жұмыс істейтіндігін ескеру қажет.

Педагог ең алдымен, өзі балаларға тәрбиелік өнеге көрсететін айрықша тұлға болуы тиіс. Педагог-психолог оларға қалайша өнеге көрсете алады? Ол білім беру мекемесі жағдайында балаларды қолдау жүйесіне қандай үлес қоса алады? Ең алдымен, бұл мұғалімдердің, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің психологиялық-педагогикалық ағартуын ұйымдастыруда көрініс табады. Өйткені, қазіргі таңда мұғалімдер мектепте, ата-аналар отбасында өскелең ұрпақты толыққанды және жан-жақты тәрбиелеу үшін жағдай жасаулары тиіс. Ал бұл тек жақсы педагогикалық және психологиялық даярлықта ғана жүзеге асады.

Педагог-психолог тұлғасына бір қатар маңызды талаптар қойылады. Солардың ішіне онсыз жоғары білікті мұғалім немесе тәрбиеші болу мүмкін емес негізгі талаптарды және педагог үшін міндетті емес, бірақ өзге тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуге қабілетті тұлға ететін қосымша талаптарды атап көрсетуге болады. Негізгілердің ішіне төмендегілерді жатқызуға болады: балаға және педагогикалық қызметке деген сүйіспеншілік, өз кәсіби саласында теориялық және тәжірибелік білімге ие болу, кең эрудиция, педагогикалық интуиция, жоғары дамыған интеллект, жалпы мәдениеті мен адамгершілік деңгейінің жоғары болуы, түрлі жастағы балаларды  оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық және психологиялық әдістері мен әдістемелерін меңгеруі. Жоғарыда атап көрсетілген факторлардың ешбірісіз психологиялық-педагогикалық қызметтің табысты болуы мүмкін емес.

Тіл табысушылық, әртістік қабілет пен жақсы талғам педагог-психологқа қойылатын маңызды да тұрақты талаптардың біріне жатады.

ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алушы студенттер жоғарыда аталған талаптарға сай болуға тырысады, өйткені оларды жоғары кәсіби білікті оқытушы-профессорлар құрамы білім нәрімен сусындырады. Университетімізде оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өз болашақ кәсіби қызметін сауатты да сапалы құру мен жүзеге асыру үшін педагог-психологтардың дидактикалық білімі өзекті болып табылады. Осыған байланысты оқу жоспарына «Педагогика», «Психология», «Дарынды балалар педагогикасы», «Басқару психологиясы», «Педагогикалық менеджмент», «Білім беру философиясы» сияқты сала мен мазмұныны бойынша біріккен курстар және т.б. пәндер енгізілуде.

Университетте игерілген білім ғана емес, сондай-ақ меңгеру, ойлау мен оқу қызметінің тәсілдері, студенттің танымдық күші мен шығармашылық әлеуетін дамыту маңызды болып саналады. Ал оған әдістердің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады.

Біздің ойымызша, іргелі университеттік даярлығы бар педагог-психолог психологиялық тұрғыдан дені сау және сауатты қоғамды даярлауға  өз іс-әрекетін бағыттау керек.

 

                                                                   А.Б. Мукашева, п.ғ.д.,

әл-Фараби атындағы  Қазақ  ұлттық

 университетінің Педагогика және

білім беру менеджменті

кафедрасының профессор м.а.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники