Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының рөлі мен маңызы

Республикамыздың бірқатар жоғары оқу орындарында, 2010 жылдан бері оқытылып келе жатқан «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады.

Сондықтан бұл екі мамандықтың, яғни әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің қажеттілік рөлі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне сай анықталған тәжірибелерге, бүгінгі қоғамдық әлеуметтік мәні бар өзекті мәселелерді қамтитын көптеген факторларға сүйеніп айтар едім.
Бірден – бір фактор ол яғни қараусыз қалған балаларды көзден таса қылмауға әркез мән беріліп келді.

Алайда әртүрлі себептермен ата-анасынан айырылған немесе панасыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер т.с.с жасөспірімдер мәселесін еліміз әсіресе тәуелсіздік алған жылдардан бастап мықтап қолға алды.

Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Балалар үйінің жарғысы», «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Бөбек» республикалық қоры, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы», ҚР «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары жарық көріп, түрлі бағдарламалар, тағы да басқа әлеуметтік маңызы бар шаралар жүзеге асып жатыр.

Бұл қабылданған заңдардың тиімді жүзеге асырылуы нәтижесінде әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімдерінің қызметі дұрыс       ұйымдастырылуда.

Осы тұста айта кетейін, негізі, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі мамандарының кәсіби іс-әрекет саласына жоғарыда аталған мемлекеттік заңнамалар бағытталған білім беретін ұйымдар, арнайы білім ұйымдары, пенициатрлық типтегі мекемелер, сауықтыру орталықтарындағы әлеуметтендіруге арналған әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жатады.

Ал қазіргі дайындалып жатқан болашақ әлеуметтік педагог мамандарының жұмыс істейтін орындарына мемлекеттік құрылымдар, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті, қайта тәрбиелеу ұйымдарында мысалы: отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек беру ұйымдарында, ІІМ- де (ішкі істер министрлігі), тұрғындарды әлеуметтік қорғау орындарында, әлеуметтік бағыттағы мекемелер мен әлеуметтік қамсыздандыру, атап айтсам, жұмыссыздарға, жағдайы жоқтарға, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері), қоғамдық ортада тәрбиелеу проблемаларымен, айналысатын мекемелер, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагерлері сияқты балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен, қолдаумен, толыққанды әлеуметтенуімен, дамуымен айналысатын мекемелер т.б әлеуметтік институттар жатады.

Енді өзін-өзі тану пәні бойынша мамандардың қажеттілік рөліне келсек, бұл пән адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту жағынан жалпыұлттық қазақстандық идеалдармен сәйкес келетін мәдениет пен әлеуметтік нормаларды қалыптастыру мақсатын көздейді.

Әрбір адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етіп отырғандықтан, әлемде болып жатқан өзекті мәселе үшін өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінуі қажет. Осыған орай, республикада аталған тәрбие жүйесін құру мақсатында 2001 жылдан бері Сара Алпысқызының бастауымен «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру» бағдарламасы бойынша ашылған эксперименттік алаңдарда, нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарда жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 2010 оқу жылында республиканың мектептеріне өзін-өзі тану оқу пәні ретінде енгізілді.

Білім беру мекемелерінде бұл пән бойынша маман тапшылығы айқын сезілуде. Себебі пән адамтанудың құрамы ретінде психология, философия, әлеуметтік педагогика ғылымымен байланысты әлеуметтік мәні бар күрделі мәселелерді қарастырып, адамдардың әлеуметтік жауапкершілік, адами ізгі қасиеттерін қалыптастыруға негізделеді. Сол себепті де пән өз деңгейінде өту үшін ұстаз оқу әдістемесін толық меңгерген маман болуы тиіс. Сондықтанда алдағы уақытта өзін –өзі тану пәнінен ,  өзін-өзі тану пәнінің оқу әдістемесін толық меңгерген,  білімді, сауатты мамандар білім береді деген ойдамын.

Мен «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын таңдағаныма қуанамын. Себебі бұл мамандық қазіргі уақытта біздің қоғамға ауадай қажет мамандықтардың бірі.

Сондықтан да мен болашақта  Қазақстан Республикасының әлеуметтік педагогикалық саласының дамуына атсалысып, осы сала жайлы қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыруға өз үлесімді қоссам деймін.

Жетекші: Асанов Н.А

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс магистранты Арыстанбек Н.Н

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники