Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

ҚазҰУ – армандар мекені!

Армандар орындалады… ең бастысы асыл арманың айқын әрі нақты және соған жету үшін еңбек ету керек екендігін айтқым келеді. Менің асыл арманымның бірі — еліміздің ең беделді, мықты оқу орындарының алды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алу еді. Міне, бүгінгі таңда бакалавр дәрежесін бітіріп, магистратурада білімімді шыңдап, жалғасырудамын. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар, Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы.  ҚазҰУ-дың 82-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Кредиттік технологияның мәні – академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігінде. Сөйтіп, ҚазҰУ Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді. Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.  Университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алу маған көп мүмкіндіктерге жол ашты. ҚазҰУ маған білім алуды, алған білімді сіңіруді, басқаға үйрете білуді үйретті. ҚазҰУ маған өзімді-өзім тануға, шыңдауға үйретті.

ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

       Рысбекова Құндыз. Философия және саясаттану факультетінің 1курс магистранты

             Ғылыми жетекші:             Н.С. Алгожаева    

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники