Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Мен, Токсанбаева Назгүл Бақытқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының бірінші курс магистрантымын. Қара шаңырақ ҚазҰУде білім нәрімен сусындап, ғылым жолында жүргеніме қазіргі таңда 6 жыл мерзімді қамтып келеді.

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі  тану мамандығы-студент жастарды өзінің өмірлік айқындамасын анықтауға, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес шешуге,өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға үйретеді. Өзін-өзі тану нәтижесінде жастар адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу,  өзімен-өзі үндестікте өмір сүруге бейімделеді.

Кез келген  жерде мамандығымды мақтап, жастарды осы маман иесі болуға үгіт насихат жүргізіп жүремін. Себебі, менің мамандығым менің таңдауым!Бірақта  мамандықты дұрыс айқындағаныңмен, соны санаңа тоқытып, қазіргі тоқтаусыз жүріп жатқан өмірде дұрыс жол көрсететін тәжірибелі де, озық ұстаз болмаса, адасып кетерсің… Бірақ мен өз маманының шеберлері мен білгірлері қатарындағы ұстаздардан білім алудамын. Сол ұстаздар қатарына қазіргі таңда білім алып алып отырған Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұстаздар ұжымын айта аламын.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушы профессоры, мен үшін ерекше ойдың ұшқыр иесі, талай жастарға бағыт бағдар көрсетуші-Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы. Германияның доктор инженері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті,Ресей білім академиясының шетелдік мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қазақстандағы ең алғашқы профессор «Педагогика ғылымы салсаындағы еңбегі үшін» Ресей Үкіметі К.Д.Ушинский атындағы медальмен марапатталған. Асқарбек Қабыкенұлының әрбір өткізген лекциясынан өте құнды мәліметтер топтамасын, сонымен қатар өмірімізге қажетті білім, тәжірибе аламыз. Мен үшін Асқарбек Қабыкенұлының лекциясы «көзді ашып жұмғандай» өтіп кетеді.  Әр келесі сабағын ынта, жігер, қызығушылықпен, «бүгін өзіме керекті қандай ақпарат көзін алады екенмін» деген үмітпен күтеміз. Бізге беретін әр мәліметін қызықты және де біздің санамызға ой салатындай етіп шеберлікпен жүргізеді.Асқарбек Қабыкенұлының «не істеуміз керек?» деген сөзі жадыма құйылып қалды.  Қазір күнделікті өмірімде де сол сөзді күніге айтып өз-өзіме есеп беріп жүремін. Тағы да бір керемет «ұлы магистарнттар» деген сөзі маған қанат бітіргендей. Білуге,білімге ұмтылу оны игеру өте қажет,оған ешбір күмән келтіруге   болмайтынына  көзім  жетті. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»,-деген Махатма Гандидің керемет мәнмәтіні, Асқарбек Қабыкенұлына арналғандай.Білім алу  жолымда үлкен бетбұрыс болды.Осы бірнеше ай ішінде он тоғыз жыл жасамағанымды жасадым, естімегенімді естідім, көрмегенімді көрдім.Өмірімде кездестірген дара, өр тұлғалардың бірі де, бірегейі Асқарбек Қабыкенұлы болып қалады.

Сіздердің назарларыңызға тағы да бір қадірлі оқытушыны ұсынғым келеді. Таубаева Шәркүл Таубайқызы — Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі.Шәркүл Таубайқызы өзі қызмет атқарып келе жатқан сала жұмысын жетік біледі, ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесін кейінгі буынға, бізге үнемі үйретіп отырады.Педагогика әдіснамасы негізін қалап,зерттеу жолының көсегесін көгертіп,  көрегендікпен өрге сүйреп келе жатқан зерттеуші, терең ой иесі .

«Уақыт –жинақтауға, көбейтуге, кері қайтуға көнбейтін құдірет қой. Уақытпен ұстаса білген адамдар ғана ұтады». Алмас тасындай жарқылдаған Шәркүл Таубайқызы  уақытпен салыса жүруі – мінезінің ең асыл қырларының бірі  деп ойлаймын.  Сондықтан  төзімділігі мен нақтылығы үшін де шексіз алғысымды білдіремін. Педагогика саласын зерттеудегі мағыналы жолы бізге мұра болып қалмақ.

Әрбір шәкірт өзінің зерттеушілік жолында дұрыс бағыттап отыратын өзінің ұстазын айтып кетпесе, шәкіртке сын болмақ. Менің  осы екі жылғы оқу кезеңімде маған жол көрсетіп, көмектесетін, өзінің білімін, уақытын бөлісетін кең пейілді жетекшім Толешова Улмикен Болатқызы.

Ұлы Абай атамыздың:«Ақырын жүріп анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» — деп айтқан сөздері Улмикен Болатқызына арналғандай. Себебі, мені жетекшілікке алғалы бері тек бойынан кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу секілді қасиеттер байқалды және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін маман иесі  екені бірден көрінді.  Жетекшінің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көз қарасы, психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Ал, мені Улмикен Болатқызының мынадай қасиеттері: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы мол білімділігі, ақылдылығы, дұрыс іскерліктер мен дағдылары және де педагогикалық қабілеттер, сөз сөйлеу мәдениеті,  студенттерді ұйымдастыруы және нақты әрекеттерді орындай білу шеберліктері бірден баурап алды. Улмикен Болатқызынан үйренерім мен алар білімім көп деп ойлаймын.

Қорытып айтқанда, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші,  қазір қай мамандық иелері болмасын өз кәсібін мақтан тұтады. Бастысы жалықпай еңбек ету керек. Сонда ғана келешегіміз кемелдене түсіп, әлі талай білікті мамандар қатары көбейе түспек.Қандай жолды таңдасаңда, сол шыңның төбесіне көтеріліп, өз орныныңды таба біл. Білім беруші оқытуышыларды қадір тұтып, еңбектерін жоғары бағалайық!Сөз соңында айтарым, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеп, білім алушы жастарға тек сәттілік тілеймін!

 

 

Толешова У.Б., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Токсанбаева Н.Б., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистрі.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники