Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ҚазҰУ естелігі

Студенттік жылдардың тәмәмдалуына санаулы уақыт қалды. Көптен күткен дипломдық қорғау күнім де келді… Бүгінгі күнгі зерттеу жұмысымның жоғарғы деңгейде қорғалуына, өзекті тақырыптың таңдалуына, белсенді тәжірибеден өтіп, нәтижесінде жан-жақты білікті маман атануымды қалаған, мені ғылым шыңына қарай жетелеген 0айталанбас тұлға алтын адам — Қожахметова Клара Жантөреқызы. Кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы, парасаттылығы мен бекзаттығы «ұстаздық» деп аталатын ұлылықтың өлшеміне айналған ұстазым Клара Жантөреқызы өмірден өткенімен, біздің есімізде мәңгі қалған қайталанбас тұлға. Менің бағыма орай, мені өз жетекшілігіне алды. Қаншама студенттерге бұйырмаған бұл бақыт маған бұйырды. Жетекшім бірде өз сөзінде «Мен қыранды балапан кезінен таңдап аламын»- деп жымиып айтатын… 2 курсымда Клара апайымның тандап алған қырандарының бірі атандым. «Аянбай еңбек етуден шаршамағың», «алға ұмтыл», «ғылым жолы қиын жол»- деген нәзік үнді сөздерімен қуаттандырып, алға ұмтылыс, бойыма сенім ұялататын-ды.

Ұстазымның аманат етіп берілген тақырыбы қыз баласына ауыр тақырып екенін біле тұра, сеніп тапсырған тақырыпты соңына дейін жеткізуге бел будым. «Криминалды балаларды зерттеу қиын болса да, Жұлдыз сен олармен жұмыс жасай аласын,»- деген сенімін ақтау жолында: — 2 жылдан аса Ішкі істер департаментімен бірге түзеу мекемелерінде тәжірибеден өтіп, қылмысқа бейім жасөспірімдермен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп, бүгін міне дипломдық жұмысымды «5»-ке қорғап отырмын. Қызыл дипломымды ақтадым, шүкір. Ата-ана, бауырларымның үмітін ақтадым. Бақилық атанған ардақты ұстазымның өзі ұшырған балапан қыран құсының жеткен жетістігін көрмей кеткені жаныма қатты батты. «Әттең…., өзі бастаған істің бүгінгі нәтижиесін көргенде ғой…..» -деген ой өзегімді өртеп барады… Осыны ойласам жанарым жасқа толады. Дегенменде мен бақыттымын. «Ақжайықтың ақ жарқын перзентінің» шәкірті болған менде арман жоқ.

(студент күнделігінен)

Философия және саясаттану факультетінің

 1 курс магистранты — Амантай Жулдыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники