Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын білім ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Университет білім алушылардың заманға сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға есебінде қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Еліміздегі ең үздік университеттер қатарындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алу студенттер үшін үлкен жетістік.

Философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бакалавр дәрежесінде үздік дипломмен бітірген түлектер, қазіргі таңда магистратурада оқуын жалғастырып, білімдерін жетілдіруде. Аталмыш кафедрада уақыт талабына сәйкес бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша үздіксіз білім беру жүйесі жүзеге асырылуда. Кафедра оқытушыларының әр студентінің маман есебінде қалыптасуына өз улестерін қосып, болашақ педагог мамандарын даярлаудағы үлестері мол. Кафедрада қызмет етуші педагогтарымыз білімді, кәсіби біліктіліктері жоғары, құзыретті, жауапкершілікке ие, шәкірттеріне педагог үлгісін көрсете білетін мамандар.

Кафедра көлемінде студенттерге білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарында ғылыми қоғамдастық, студенттік ұйымдар, түрлі бағыттағы жобалар жұмыс жасайды.

Кафедра түлектері әр түрлі білім беру мекемелерінде табысты қызмет атқаруда. Өздерінің сүйікті істерімен айналысуда, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешуде, өз оқушыларын махаббатқа бөлеп, оларға әрдайым қамқор болады.

Қазіргі таңда университет бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда, олардың барлығы дерлік еңбек нарығында сұранысқа ие.

Университет қабырғасында оқу барысында олар тек теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, оқу тәжірибесінен бастап өндірістік тәжірибеге дейін әр түрлі тәжірибе түрлерінен өтеді, сонымен қатар университеттің, факультеттің және кафедраның қоғамдық өмірен белсене араласады.

А.Б. Мукашева,

 п.ғ.д., педагогика және білім беру

менеджменті кафедрасының профессоры

Ж.Қыдырбаева,

Әлеуметтік педагогика және

өзін-өзі тану мамандығының 2 курс магистранты

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники