Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы

img-20170217-wa0057“Өзін-өзі тану” сабақтарында жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекет жайлы Бауыржан Момышұлының педагогикалық идеяларының ғылыми практикалық алғышарттары, жалпы білім беретін мектептерде  оқушыларының жалпыадамзаттық мәдениетінің деңгейін, Бауыржан Момышұлы еңбектері арқылы дұрыс әрекеттің педагогикалық-психологиялық диагностикасы және өзін-өзі тану пәні барысында Бауыржан Момышұлы еңбектері арқылы жалпыадамзаттық құндылық мәдениетін дамыту.                        Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Бауыржан Момышұлының айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты  рухани күштерін ояту. Б.Момышұлы тәрбиелудің жолдарын өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің  мақсаты – ол, өзін-өзі тану болды.

Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы, КСРО-ның жоғарғы әскери академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот болуымен қатар, қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару еткен қайраткер жазушы. Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай қаламгердің қаламымен өрнектелгені белгілі. Олардың ішінде әдеби көркем шығармалармен қатар естеліктер, ғылыми еңбектерде кездеседі.

Бауыржан Момышұлы бойындағы адами ізгі қасиеттердің қайнар бұлағы – отбасы тәрбиесі, яғни ұшқан ұясы мен өскен ортаның, білім ордасының әсерінеде байланысты болатыны. «Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектікті, шыншылдықты, адамдықты, өтірікті бірінші беруші ата-анасы екені», жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған баланың өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетіні, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретіні жөнінде қазақтың көрнекті педагогы Ж. Аймауытовта айтқан болатын.

Бауыржан Момышұлының бойындағы адамгершілік, патриоттық ізгі қасиеттердің негізі жөргекте жатқан күндерінен бастап анасының бесік жырын айтып әлдилеген әуенінен, асқақтата салған әнінен, ыстық аналық құшағынан және ауыз әдебиеті үлгілерінен сіңісті болады. Өз анасы дүниеден ерте кетсе де, Бауыржан әже бауырының ыстық ықыласына бөленіп өсті. «Балаларын өскенше, немересін өле-өлгенше баққан» асыл Қызтумас әженің тәрбиесінің өзі Бауыржан үшін өз алдына бір мектеп еді.

Бауыржан Момышұлының педагогикалық пікірімен бөлісер болсақ, адам бойындағы ізгі қасиеттер, адамгершілік, парасаттылық, кішіпейілділік қасиеттерінің негізі баланың жөргекте жатқан күндерінен бастап анасының бесік жырын айтып әлдилеген әуеніне, асқақтата салған әнінен, ыстық аналық құшағынан және ауыз әдебиеті үлгілерінен сіңісті болады деген.

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында айбынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.

Бауыржан Момышұлы атамыздың білімді, адамдық қасиеттері жоғары,парасатты ,тәрбиелі өте жауапкершілігі мол,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсете білетін азамат екенін болашақ ұрпаққа үлгі ету біздің міндетіміз.

 

 

Анарбек Н.А. п.ғ.к., Есіркеп Қ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники