Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- ЖАУАПТЫ ҚАДАМ

Қазақстан Республикасының қазіргі даму жағдайында  кәсіпке бағдарлау,   еліміздің  экономикалық,  құқықтық,  мәдени- ақпараттық және т.б.  салаларына қажетті  мамандарды дайындау ісі   үлкен жауапкершілікті талап етеді.  Заманауи  өзгерістер мен инновациялық дамуға  сәйкес бағытталған бүгінгі қоғамға лайық,  өмірден өз орнын табатын, зерделі тұлға тәрбиелеу  мәселесі ұрпаққа сапалы бiлiм беру мақсатынан туындайды.Сол себепті мектеп бітіргелі отырған түлектердің алдында асқаралы асу, биік арман, жауапкершілігі мол  таңдау    және болашаққа деген үлкен сенім тұрады.

0101Жоғары   білім беру жүйесі мен мазмұнының жаңа талаптарға сай болуы өмір қажеттілігі десек, осы талап негізінде мемлекеттің саясатына бағытталған негізгі стратегиялық мәселелерді шешуге қабілетті,біліктілігі жоғарғы, жаңа көзқарастағы кәсіби маман дайындауда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің орны ерекше.

Қазіргі кезде университет  барлық сала бойынша  маманкадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елуден астам  философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.Университетте білімденушілерге барлық жағдай жасалған.  Міне, осындай жетістіктері бар жоғары оқу орнына талаптанушылармен кәсіби бағдар бойынша жұмыс жасауды әр факультет, әр кафедра өзінің міндеті деп санайды.

Осы орайда,кәсіптік бағдар беружұмысы аясында Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы доценттеріБ.А.Әрінова, Қ.Ш.Молдасан және аға оқытушы С.А.Рамазановаұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»мамандығының 4 курс студенттері М.Б. Ибраимов басқарып отырғанАлматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытататын орта мектеп-интернатында «Мамандық таңдау-жауапты қадам» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында мамандық таңдау қандай мамандық таңдайсыз,таңдаған мамандығың жөнінде не білесіз, таңдаған мандықтың еңбек нарығында қажеттілігі қандай,қай оқу орнынан таңдайсыз, адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар деген сұрақтар қойылып оқушылар мен студенттер арасында кері байланыс орнады. 4 курс студенттері Ұлжан Адыр, Жансая Айтбаева және т.б.  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» «Педагогика және психология» мамандықтарының қазіргі замандағы қажеттілігі, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі мәні туралы өз ойларын ортаға салды.    Кафедра оқытушылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, оқушыларға аталған мамандық туралы жалпы ақпарат берді.

Кездесуде  мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарыӘлімбекова Халима Пернебекқызы «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұраққа мектеп оқушыларының көбісінің  нақты жауап бере алмайтынына тоқталып,  оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту к еректігін және  мамандық таңдауда осындай кездесудің аса қажет  екенін айтты.

 

 

Әрінова Бақыт Айтуқызы – педагогика ғылымдарының

кандидаты,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- доценті,

 

Молдасан Қуаныш Шорманқызыпедагогика ғылымдарының кандидаты,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- доценті,

 

Рамазанова Самал Әмірғалиқызы-аға оқытушы

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники