Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

«Педагогика және психология» мамандығы жайлы не білу керек?

Заман талабымен ілесіп, білім беру бағытында, білімнің әр саласында бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлауда педагог-психолог кадр таптырмас қажеттілік тудыратыны сөзсіз.

Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды. Мұндай маман иесі оқу пәнімен,оқушылардың алдында оны ашу тәсілдерімен айналысатын пән оқытушысы ғана емес, сондай-ақ ол зиялы ғалым, мәдениет бастауларына қайта оралушы философ, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді араласып, өз даусын естуге көмектесетін өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануына, білімді іргелі, терең меңгеруіне бағытталған, кәсіби мамандығына қолайлы әсер ететін, адами мәдениеттегі барлық байлықтарын игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясындағы “Педагог –психолог” мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби біліміне қарай, күнделікті өзгеріске ұшырайтын еңбек нарығының жағдайына және мамандардың кәсіби деңгейінің талаптарына тез бейімделе алатындай етіп іріктеп алады.

Педагогика және психология 

Маманның болашақ іс-әрекетінде педагогикалық-психологиялық біліктілік пен педагогикалық мәдениетті бір ағымға біріктіруге мүмкіндік береді.

«Педагогика және психология» мамандығының түлектері төмендегідей қызметтер атқара алады:

— әр түрлі оқу-тәрбие мекемелерінде (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіби мектеп, бейіндік мектептер: гимназия, лицей, колледж) педагог-психолог;

— білім беру жүйесінің ҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер;

— педагогика және психология оқытушысы;

— интернат, балалар үйі, түзету және коррекциялық мекемелерде әлеуметтік педагог;

— әкімшілік ұйымдардың маманы (білім және ғылым ми-нистрліктерінде, облыстық, аудандық, қалалық білімді басқару мекемелерінде);

— түрлі ұйымдарда кадр саласындағы менеджерлерді және кадрларды дайындау, қайта даярлау менеджері.

 

Факультеттегі білім беру барысы заманға сай, жаңа әдіснамалық және әдістемелік ұстаным бойынша құрастырылған, оның ішінде “Педагог –психолог” мамандығы да кіреді, толығырақ атап өтетін болсақ:

  • оқытушы мен студенттің бірге жұмыс атқаруы, ынтымақтастығы мен серіктестігі;

—   білім беруде икемге келетін, қозғалмалы әдіс-тәсілдерді оқытудың пішіндері, әдістері мен әдістемелері;

— негізгі зейін студенттің өз еркімен білім алуына, өзін өзі тәрбиелеп баға беруіне қойылады;

— жеке білім беру;

—  студенттердің шығармашылық ой қабілеттерін дамытуға арналған білім беру жолдары;

— оқушылар мен студенттер ұжымын ұйымдастыру; оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы; қоғаммен және жұмыс берушімен байланысты орнату; оқушыға білім мен тәрбие беру, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, ғылыми-теориялық білімді және кәсіби сапаны жоғарлату, психодиагностикалық жұмыс, психологиялық кеңес, психотерапия, психологиялық түзету, психологиялық профилактика.

 

Самбетова А.Б., п.ғ.к.,  доцент м.а.,

Әбдікерім А.Е –  «Әлеуметтік педагогика

және өзін-өзі тану»

мамандығының 1 курс магистранті

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники