Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

Факультет деканының кубогы үшін жарыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е.Жаппасовтың бастамасымен «шынықсаң шымыр боласың» деген ұранмен декан кубогы үшін футболдан  дәстүрлі факультет аралық жарыс өтті. Бұл жарысқа колледжден екі команда, шетелдік дайындық кафедрасынан екі команда, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасынан екі команда және ақылы түрде білім алатын топтардан  екі команда жасақталып, жалпы сегіз команда қатысты.

28  сәуір күні сағат 14:00-18:00-ге дейін  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орталық стадионында футболдан жарыс өтті.  Бұл жарыста төрт команда жартылай финалға шықты. Финалға шыққан командалар «Шаһен» мен «Асхат» командалары 1-ші орынға таласты, «Bad boys» пен  «Бексұлтан» командалары 3-ші орынға таласты.  Ауған Ислам республикасынан келген тыңдаушылардың «Шаһен» командасы 1-ші орынды қанжығасына байлады, төбелері көкке жетіп қуанды.  2-ші орынды колледжден келген «Асхат» командасы иеленіп, мәре-сәре болып қайтты. 3-ші орынды Ауған Ислам тыңдаушылары «Bad boys»  командасы иеленді.  «Bad boys»  пен «Шаһен»  командаларының бас бапкері Аббаси Наджибулахтың еңбегін шәкірттері ақтады .

Факультеттің ұйымдастырушы алқалары:   ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканының тәрбие ісі-жөніндегі орын басары Амирханов М., Досанов Б.И., Бисенбаев А.Қ., Тастемирова Г.А., Наралиева Р.Т., Тілеужанова Г., Сапаева Г.Е., Саткенова Ж.,  колледж директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары  Ахмеджанов Д. әділ қазылық етіп, жүлдегерлерді марапаттады.

1.Ауған Ислам республикасынан келген тыңдаушылардың  «Шаһен» командасы бас жүлдені алды: алтын кубокпен марапатталды.

  1. Колледжден келген «Асхат» командасы күміс кубокты иеленді.
  2. Ауған Ислам республикасынан келген тыңдаушылардың «Bad boys»  командасы қола кубоктың иегері атанды. «Тәні саудың – жаны сау» жобасының аясында Декан кубогы үшін жарыс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұрады.  Факультетте білім алушыларға сапалы біліммен саналы тәрбие беру ісі тығыз байланыста жүргізіледі. Факультетімізде университет пен факультет басшылығы тарапынан білім алушылардың терең білім алуына және бос уақыттарын тиімді өткізуіне қажетті жағдайлар жасалған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары

Б.И.Досанов, Р.Т. Наралиева,  А.Қ.Бисенбаев

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники