Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Зерттеу университеттеріндегі инновациялық іс-әрекет  және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Кайдзен» жүйесі

 Зерттеу университеттеріндегі инновациялық іс-әрекеттің мақсаты аймақтағы кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына ықпал ету, өндіріс пен бизнестің байланысын нығайту, жаңа компанияларды құруға қатысу арқылы нарықта озық технологиялық өңдемелерді шығару болып табылады.

Жоғары оқу орындарында қайта жаңарту жолдарын іздестіру көптеген бағыттар бойынша жүріп жатыр. Қазіргі қазақстандық ЖОО-дарда жаңаны ендірудің тиімді жолының бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегідей – зерттеу университетін құру. Бұл тұрғыда шетелдік тәжірибе жоғары маңыздылыққа ие, әсіресе АҚШ тәжірибесі, ондағы ғылыми-техникалық даму, инновациялық экономиканың қалыптасуы, бизнестің, жұмыс орнын берушілердің, ғылым мен білім интеграциясы. Сонымен қатар, зерттеу университеттері — аймақтық экономикалық дамуға әсер етуші, технопарктерді қалыптастырушы, кәсіпкерлік инкубаторларды қолдау мен кіші бизнесті қолдауға септігін тигізетін орталықтар. Және де, бұл елдің қоғамдық дамуында маңызды рөл атқаруға міндетті ұлттық элитаны қалыптастырушы орын. Сол себепті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1754 жылы құрылған Колумбия университетімен тығыз қарым-қатынаста. Колумбия университеті 2007 жылы жалпы ұлттық рейтингте 9-орын алған.

Республикамыздағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіруге енгізілген «Кайдзен» жүйесі де зор ықпал жасап отыр. Оған университеттің барлық оқытушылары, қызметкерлері және студенттер толық тартылған. Университет ұжымының жаңару мен жаңғыру жолында еңбектері өзінің алғашқы жемістерін беруде. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлы­британия) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес 2016 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік секіріс жасады. Дүниежүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша әлемдік топ-университеттер рейтингінде  жоғарылап, 236 дәрежеге енді. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік үздік университеттер дәңгейіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ Жапонияда жай сапа мен өнімділіктен де кең ұғымды қамтитын “кайдзен” тұжырымдамасы жасал­ған болатын. “Кайдзен” ұғымы өзіне тауарлық өндірістің басқа да, мысалға, сапаға жаппай бақылау сияқты элементтерін, жаңашылдық ұсыныстар жүйесін, сапа үйірмелерін, кем-кетіксіздікті және т.б. қамтиды. Жапон менеджментінің ерекшелігі – жетістікке қол жеткізудегі айқындаушылардың бірі ретіндегі нәтижесіне қарамастан, үдеріске барлық қызметкерлердің қатысуы болып табылады. «Кайдзен» стратегиясы мәні тәртіптеме және үдерістер нәтижелілігін, ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған ұжым мүшелерінің идеяларын іске асыруда жатыр.

Таубаева Ш.Т., әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ педагогика және білім беру

менеджменті кафедрасының профессоры

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники