Техас технологиялық университетінің профессоры Костика Брадатан Қазақ Ұлттық Университетінде
Техас технологиялық университетінің PhD, профессоры Костика Брадатан (Costica Bradatan) 06.05.2017 — 12.05.2017 жж. аралығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында “In Praise of Failure. A Manifestation for Humility” атты дәрістер курсын оқыды. Костика Брадатан 2016-2017 оқу жылы халықаралық Fulbright грантымен Францияда ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып, аталған грант шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Harvard басылымында 2019 жылы жарық көретін «In Praise of Failure. A Manifesto for Humility» атты еңбегі шеңберінде дәрістер оқыды. Сонымен қатар бірнеше тілдерге аударылған «Dying for Ideas. The Dangerous Lives of the Philosophers» атты еңбегі бойынша ғылыми семинар өткізді. Профессор Костика Брадатанмен әріптестік орнату кафедраның жанынан жақында ашылған дінтанулық зерттеулер және сараптама орталығының алдағы ғылыми жұмыстарына жаңа серпіліс беріп, Қазақстандағы, сондай-ақ университетіміздегі дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоспақ.
Costica Bradatan:
«My visit to the Al-Farabi Kazakh National University (Faculty of Philosophy and Political Science) was a truly special one. I was vey impressed by the professors and students I met there. I was very touched by the students’ intellectual curiosity, eagerness to learn and their open-mindedness. I was also profoundly moved by the academics’ efforts to internationalize the university and establish ties with various institutions of higher learning from abroad. And, throughout my stay there, I was overwhelmed by the hospitality of the Kazakh colleagues. (Very warm and special thanks to Professor Nurlykhan Aljanova for being such an extraordinary host!) I look forward to further collaboration with the Al-Farabi Kazakh National University and the Faculty of Philosophy and Political Science in particular. Thank you!»
Костика Брадатан:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне (философия және саясаттану факультеті) сапарым ерекше болды. Университетте кездестірген профессорлар мен студенттерден әсер алдым. Студенттердің білімге деген құштарлығы, жоғары интеллектуалдығы, ынтымақтастыққа деген ашықтығы таң қалдырды. Сонымен қатар дінтану және мәдениеттану кафедрасының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, университетті интернацияландыруға деген тапаптары жоғары. Дәрістер курсын беру барысында қазақ әріптестерімнің қонақжайлылығы әсерлендірді (Нұрлыхан Әлжановаға қызметі үшін ерекше алғысымды білдіремін!). Жақын болашақта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасымен ынтымақтастықты тереңдетуді қош көремін. Рахмет»