Абайтану пәнін мектеп оқушыларына оқыту барысында рухани жаңғыру үдерісіндегі маңызы
Қытайда – Конфуций атындағы институт бар, Германияда – Гете атындағы институт бар, сол сияқты Қазақстанда да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ұлы Абай атындағы ғылыми зерттеу институты бар.
Елбасы Н. Назарбаев: “Абайды мектептер мен ЖОО-да ғана емес, балаларға балабақшада, отбасы тәрбиесінен бастап оқытқан жөн”- дейді. Расында, жаңадан тілі шығып келе жатқан балаға Абайдың жеңіл-желпі өлеңдерін ата-анасы жаттатқызса балада жақсы сөйлей бастайды.
Ұлы Абайды танытып, оның мол мұрасымен таныстыратын “Абайтану” пәнін оқыту өте маңызды. Абайтану – дегеніміз, әлемге қазақты таныту. Жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Абайдың әдеби мұрасы — қазақ халқының ой санасы, дүниетанымының биік шыңы.
Мектеп оқушыларына Абайтану пәнің оқыту мақсаты:
- Оқушыларға Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту;
- Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашылығын әлем әдебиетімен салыстыра білу;
- «Абайтану» пәнін оқушыларға пәнді игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге;
- Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту;
- Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну;
- Балалар «Абайтану» пәнін оқу нәтижесінде, Ұлы Абайды танып, рухани-адамгершілік қасиетін бойларына сіңіріп өседі.
Абайтану пәні балалардың болашақ өміріне мол тәжірибе мен өнеге береді. Абайдың әр сөзін бойына сіңіріп өскен бала:
- ата-анасын және үлкендерді құрметтейтін болады;
- оқу мен білімнің маңыздылығын түсінеді;
- Абай шығармаларын жаттаған және оқығаннан тіл байлығы артады және есте сақтау қабілеті жоғары болады.
Философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері педагогикалық практика барысында «Өзін-өзі тану» сабақтарында Абай өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын және көркем аудармаларын қолданады, талдау арқылы рухани-адамгершілік қасиетін бойларына сіңірүге ықпал жасайды. Және сынып сағаттары, тәрбие іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар педагогикалық практика барысында байқағанымыз Абайтану пәні мектепте факультатив ретінде ғана өткізілүі, әсіресе орыс тілді сыныптарында, Абай поэзиясының құдіретін таныту көркемдік-идеялық табиғатын ашуға, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсінуге жеткізіліксіз екен. Рухани жаңғыру үдерісіндегі маңызды мәселе ретінде шұғыл қарастыру керек екені белгілі болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
философия және саясаттану факультеті педагогика және
білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы,
п.ғ.к., доцент Мамырбекова Гүлсән Әріпқызы
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығы 2-курс студенті
Садыкова Ақбаян