Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХІІІ-ХVI томдары жарық көрді

img-20170829-wa0006«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының кезекті ХІІІ-ХVI томдары жарық көрді. Таңдамалы еңбектердің абайтану саласындағы маңызы жоғары.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымның он үшінші томында М. Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» атты іргелі монографиялық еңбегі беріліп отыр. Бұл – уақыт сынынан өткен, абайтану саласындағы ізденістердің негізіне айналған аса құнды еңбек. Онда Абайдың өмірі мен шығармашылығы алғаш рет кең әрі келісті зерттелген. Ақынның өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұрасының жанрлық құрамы, көркемдік әлемі, мәдениетаралық байланыстары, ақындық айналасы қарастырылған. Абайтану ғылымында М. Әуезовтің бұл еңбегінің орны айрықша үлкен, оның маңызы мен мағынасы терең, ғибраты мол.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының он төртінші томында Сәбит Мұқановтың «Абай Құнанбаев» атты монографиялық еңбегі берілген. Автордың Абай шығармашылығы, Абайдың ақындық дүниетанымы туралы пайымдауларында абайтану ғылымы үшін маңызды терең ойлар мен пікірлер мол. Еңбектің абайтану ғылымында алатын өз орны бар.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының он бесінші томында Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты іргелі еңбегі беріліп отыр. Еңбек кезінде автордың «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960) кітабында С. Мұқановтың алғы сөзімен жарық көрген. Еңбектің басты құндылығы Абай поэзиясының тілінің көркемдік бейнелеу құралдарын алғаш рет жан-жақты саралап, ғылыми негізде сипаттап беруінде.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының он алтыншы томында З. Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі» атты монографиялық еңбегі ұсынылған. Еңбекте Абайдың ақындық тұлғасы, адамгершілік мұраттары, батыс және шығыс мәдениетімен байланыстары, Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларымен бағыттас, сарындас ізденістері, шығармашылығының тақырыптық, жанрлық арналары, танымдық, эстетикалық, көркемдік, тағылымдық мәні бүгінгі заман ұғым-түсініктері деңгейінде қарастырылған.

Томдар 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

Томдардың жалпы редакциясын басқарған филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дәдебаев. Баспаға дайындағандар: ф.ғ.к. Г. Шарипова, ф.ғ.к. М. Жанабекова, жас зерттеушілер И. Әзімбаева, Б. Баязитов, Г. Ысқақова.

Томдарға енген еңбектердің  білім  алушы жастарға,  жас мамандарға,  сондай-ақ зерттеушілерге, ақыл-ой қазынасын байыту жолындағы көпшілікке берері мол деген сенімдеміз.

 

Ләйла Мұсалы, ҚазҰУ доценті

Индира Әзімбаева, аға оқытушы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники