ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ КӨТЕРУ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ
Жасырары жоқ, бүгінгі таңда әртүрлі қоғамдық, діни, мәдени-әлеуметтік және ұлт-этносаралық әртүрлі кикілжіңдер орын алып жатқаны рас, дәл осы кезде халықты әрі мемлекетті аталмыш орынды-орынсыз текетірестерден сақтандыру және алдын-алу мақсатында мәдениеттің орны ерек. Дәлірек айтқанда, нақ Қазақ мемлекетінің жарқын болашағы үшін бұл өте маңызды. Қазақстан – көп этносты мемлекет. Осы арада, барлығына тегіс әрі ортақ идеологияның озық формалары қажет, мәселен, ортақ Отанға деген патриоттылық тәрбиені жолға қою. Оның негізінде, қазақ ұлты доминатты, жергілікті ұлт болғандықтан тіл, мәдениет, тарих сынды мемлекет үшін маңызды салаларды дамыту. Сондай-ақ, білім жолын жақсарту мақсатында, яғни, патриоттылық тәрбиені бастаушы ретінде мектептерден бастап ортақ Отанның болашағына деген жанашырлық сезімді оятып, нығайтатын пәндер енгізу, тегін қазақ тілі курстарын енгізу, тарихи тағылым мәселелерін дамыту сынды ұсыныстар бар. Кез-келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі үшін — ішкі тұрақтылық маңызды. Мемлекет ішінде интеграциялық шаралар ұйымдастыру өте маңызды. Өнер саласында нақ өнер иелерін ғана халыққа шығарып мәдени идеологияны реттеу, жас ұрпақ санасына ұлттық-патриоттылық тәрбиені енгізу мәселелері жатыр. Ал оның қамқоршысы – мәдениеттану мамандығы.
Жамалбек Г.
Мәдениеттану мамандығының 3 курс студенті
Жетекшісі: Аликбаева М.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филос.ғ.к.