Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

МӘДЕНИЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ

XXI ғасыр – адамзат баласы тарихындағы ең жарқын кезең әрі ең күрделі де қиын кезең. Орын алып жатқан әр салалы оқиғалар, факторлар және іс-әрекеттер қоғамның сан түрлі өзгерістер мен жаңашылдық сипатқа итермелеуде. Мәдениет – адамзаттың өзі-өзі үшін қалыптастырған ең үлкен өмірлік саланың бірі әрі бірегейі. Алғаш тастан құрал жасап, үңгірді пана еткен тұстан – бүгінгі виджеттермен қозғалып, Марстағы өмірдің болуы туралы ойлар арасында дәл сол мәдениеттің рөлі мен орны маңызды. Адамды адам қылған – еңбек дер болсақ, оның түбінде сапалы әрі мәнді өмірге деген құлшынысты шыңдайтын – мәдениет жатыр деп топшылауға әбден болар. Ғылыми  тұрғыда мәдениеттің 500-ден аса мағынасы, тіпті одан көп болса да таңқалмастығымыз анық. Тұлға, отбасы, қоғам, ұлт, мемлекет және тұтас әлем мәдениеті түрлерінің болуы – оның аса кең масштабқа ие екендігінің дәлелі. Тұлғаның тұлғалығы – өзіндік оң ойлары, істері мен білімінің дәрежесі; отбасы – белгілі бір құндылықтар мен адамгершілік қағидалары; қоғам – ортақ мәнділікке ие басты ережелер; ұлт – тарихпен біте қайнасқан менталитет пен тәрбие; мемлекет – жарқын болашаққа деген сенімге негізделген патриоттылық әрекеттер, бастысы әлемдік ортақ адамзаттық өмір сүру дағдысы мен әркімге деген құрмет формалары бар. Аталмыш аспектілер мен факторлардың түбінде тағыда сол мәдениеттің көріністері қылаң берері анық. Яғни, адам дүниеге келгеннен бастап ол өзіндік биологиялық тіршілігін тоқтатқанға дейін, оның өмірінде мәдениет бірден-бір басты мәнге ие фактор болатыны түсінікті деп санаймын.

Мәдениетті ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп, ашығын айшықтап, ағы мен қарасын сараптайтын ғылым саласы-мәдениеттану деген атауға ие. Әлемдік, ұлттық мәдениет тарихы мен сипатын сараптап, болжалдық – аналитикалық ерекшелікке мән беру, сондай-ақ саяси тұстарын бағамдау, басқаша айтқанда мәдени саясат ережелерін қалыптастыру, философиялық мәнге ие ежелгі, орта және жаңа, бүгінгі заман ғалымдарының саналық-ойлық жақтарын бағалау, психологиялық тұрғыдан жеке тұлға мәдениетінің қалыптасу заңдылықтарын қарастыру, әлеуметтік жағынан қоғам топтарының ерекшеліктеріне сай мәдениет феноменінің ондағы рөлін анықтау, тағы бір маңызды бөлім- экономикалық тұсы. Өркениет көріністері мен табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштер көптеген елдер экономикасының маңызды бөлшегі болғалы қашан, ол-туризм, яғни, мәдениеттің маркетингтік-менеджерлік және финанстық әлеуеті өте жоғары. Мәдениет – аса кең мемлекетішілік интеграция процестері мен ортақ идеологияға басты құрал болып табылады. Бұл тек бір сыпырасы екенін айта кеткен жөн. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы – аталмыш мамандық иелерін дайындайтын бірден-бір озық базалық жүйеге ие.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Исмагамбетова З.Н.

«Мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті Жексембай Мадина

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники