ЗАЙЫРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ДӘРІС БЕРУ
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиева А. Д., ф.ғ.д. профессор Борбасова Қ.М. және дінтану мамандығының 2 курс магистранты Орынбеков Н.А. ұйымдастыруымен «Қазақстандағы исламдық білім беру жүйесі: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстелі өтті.
«Дөңгелек үстел» университетаралық деңгейде жүргізілді. Аталған іс-шараға ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Мырзабаев К. Қ., ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының іс басқарушысы Манапов Е., Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Сейтмаматов Н., дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қ және исламтану, дінтану мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты.
«Дөңгелек үстелді» модератор ретінде профессор Құрманалиева А.Д жүргізіп, мәселенің жан-жақты талқылауына басшылық жасады. Талқылаудың барысында іс-шараға қатысқан қонақтар сөз алып, исламдық білім беру жөніндегі мәселелерді шешу жолындағы өз ойларын ортаға салды.
Пікір алмасу барысында қатысушылар бір қатар мәселелерді көтерді. Ұсыныстар беріп, көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Қазақстандағы исламдық білім беру жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған «дөңгелек үстел» өте жоғарғы деңгейде өтті.
Курманалиева А.Д
Философия ғылымдарының докторы, профессор
Орынбеков Н.А
Дінтану мамандығының 2 курс магистранты