Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Ал, сенейін, сенейін

Ал, сенейін, сенейін,

Айтқаныңа көнейін.

Шалма ораған сопының

Ішін арам демейін.

Ақ көңілді әділ жан

Табылар деп көрейін.

Я сүйсе, я күлсе,

Елжірейін, төнейін.

 

Жаралы көңіл жазылар,

Дүниеде рахат бар шығар.

Жақсы адам деген құры сөз

Емес шығар, табылар.

Өткен өмір көрген түс

Не қылғанда бір болар.

 

Деп нанып ем «маған нан»,

Не таптым мен нанғаннан

Жүрегімді қан қылды

Өткен өмір, өлген жан.

Ақыл іздеп, ізерлеп,

Бәрін сынап сандалған

Бірін таппай солардың,

Енді ішіме ой салған.

Тұла бойды улатты,

Бәрі алдағыш сұм жалғап.

Басыңа тиді байқадың,

Бәрінен басты шайқадың,

Тағы бар ма айтарың?

Нанғыш болсаң енді нан!

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники