Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХХХVІІ томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының отыз жетінші томында көрнекті ғылым қайраткері Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықованың «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Ғылыми мақалалар» атты еңбегі берілген. Онда автордың орталық ғылыми басылымдар мен «Абай» энциклопедиясында жарық көрген ғылыми-теориялық мақалалары топтастырылған.
Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге, оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін көпшілік қауымға арналған.