Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Есіңдебар ма жас күнің

Есіңдебар ма жас күнің,

Көкірегің толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз, мас күнің,

Кімді көрсең — бәрі дос.

 

Махаббат, қызық, мал мен бақ,

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сондай қызық шақ?

 

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?!

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар.

 

Жалынасың, боқтайсың,

Сағынасың, жоқтайсың.

Махаббат кетті, дос кетті,-

Жете алмайсың, тоқтайсың.

 

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер, сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

                                                                                                              Дауа бер,жамап сынайын

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники