Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

ЕСКІЛІК КИІМІ

 Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап, кигенім — шидем шекпен

Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптеткен.

 

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,

Шақпағым, дәндәкуім[1] жарқ-жұрқ етіп.

 

Күләпәра бастырған  пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ[2].

 

Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер,

Қанжығамда байлаулы жіптен шідер,

Жарғақ жастық, көпшігім жезді пыстан,

Бір келісті сайманым топқа мінер.



[1] Кісеннің оқшантаймен қатар тұратын
былғары қалтасы

[2] Тобылғы тиек

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники