Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

ӘБДІРАХМАН ӨЛГЕН СОҢ ӨЗІНЕ АЙТҚАН ЖҰБАТУЫ

 Бермеген құлға, қайтесің,

Жұлынарлық ерікті.

Ажал тура келген соң,

Шыдатпайды берікті.

Ғаріптікке көз жетті,

Алғаннан соң серікті.

Өмірін берген құдайым,

Ажалын да беріпті.

Сақта дейміз, қайтеміз,

Ілінген жалғыз тіректі.

Тағдырына тәбдил жоқ,

Тәубе қылсақ керек-ті.

 

Кәркиден, пілдей қуатты,

Тағы, арыстан жүректі,

Аплатон, Сократ ақылды,

Қаһарман, Ғали білекті.

Өз заңымша ұқсаттым

Берген құдай тілекті.

Оспанды алған бұл өлім,

Тәубе қылсақ керек-ті.

 

Мұсылманға қоймаған

Орынсыз жанжал шатақты,

Ерегіскен жауларын

Кісен салып матапты.

Зекет жиып, егін сап,

Тойдырған ғаріп, жатақты.

Ескендір, Темір, Шыңғыстай

Мұсылманда атақты.

Мұқым қазақ баласы

Тегіс ақыл сұрапты.

Тобықтыны ел қылып,

Басын жиып құрапты,

Мекеде уақып[1] үй салып,

Пәтер қып, жаққан шырақты.

Бір құдайдың жолына

Малды аямай бұлапты.

Ажал уақты жеткен соң,

Соның да гүлі қурапты.

Қажыны[2] алған бұл өлім,

Сабыр қылсақ керек-ті.



[1] Мешіт,медресе пайдасына берілетін
мал, дүние т.б. Бұл жерде «өз ақшасына» деген мағынада

[2] Қажы деп өз әкесі Құнанбайды айтады

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники