АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтында 2020 жылдың 10 тамызы күні «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен ілімі» деген тақырыпта сырттай ғылыми конференция басталды. Алдын ала түскен сұраныстар бойынша, конференция бағдарламасында мынадай баяндамалар бар:
- Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Алматы)
Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері.
- Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның Ғылымға еңбек сіңірген қайраткері
(Шымкент)
Абайдың толық адам ілімі.
- Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі (Нұр-Астана)
Абай ілімі.
- Жаксылыков Аслан Жәмелұлы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Алматы)
Щедрый дар.
- Темірболат Алуа Берікбайқызы, филология ғылымдарының докторы,
профессор (Алматы)
Абай өлеңдеріндегі мекеншақ.
- Совет Хан Ғаббасов,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
(Алматы)
Абай еңбектерінің адамзаттық мәні.
- Тарақов Әнуар, филология ғылымдарының докторы, профессор
(Алматы).
Абайдың аудармашылық таланты.
- Әлиев Орақ. Экономика ғылымдарының докторы, профессор
(Нұр-Астана).
Абайға апарар жол. Бейкәсіби абайтанушының ойтолғауы.
- Картаева Алина Маратқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор
(Нұр-Астана)
Абай және Алаш ақындары.
- Мұсалы Ләйла Жұматайқызы,
филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
(Алматы)
Абайтану саласындағы ерекше екі құжат.
- Болатова Гүлжан, филология ғылымдарының докторы, профессор
(Алматы)
«Слова назидания» Абая.
Конференцияға қатысуға сұраныс білдірген зерттеушілердің баяндамалыры тамыз айының 15-не дейін қабылданады және күн сайын Абай институтының сайтында жарияланады. Олардың таңдамалылары «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық сериялық басылымда жариялауға ұсынылады.
Ұйымдастыру комитеті
Байланыс: Dautova.bibigul1979@gmail.com